Файл: Математика пнін оытуда жаА дістсілдерді тиімділігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Иргебаева Г.Ж.
Қазіргі кезде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың дамуына бағытталған технологияларды шығаруға ұмтылуы. Жаңа педгогикалық технологияның баланың тұлға ретінде дамуы үшін маңызы үлкен. Ал осы әдіс-тәсілдерді, яғни жаңа технологияны таратушы, оны жүзеге асырушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім.

Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір әдіс-тәсіл – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты – оқытуды ізгілендіру, яғни оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интербелсенді тақтамен сабақ барысында мұғалім, оқушы және интербелсенді тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Ең алдымен, оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Математика сабағында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту- баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану қажет.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделі, әрі қиындығы мол, негізгі пәндердің бірі – математика . Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдірумен қатар , математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет деп ойлаймын. Қазіргі кезде білім беру: пәндік-мазмұндық, мазмұндық-әрекеттік және мазмұндық-тұлғалық байланыста болуы керек. Сондай-ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек.

Математика пәнін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту бағдарламалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары сияқты өнімдер қызмет етеді.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесін ақпараттандыру оқытудың жаңа технологиясын енгізу халықаралық комуникациялық желілерге шығу» басты міндеттердің бірі деп атап көрсетілген, сонымен қатар оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген. Өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Қазіргі білім беру ұйымдарында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Барлық әдіс-тәсілдердің алдына қоятын мақсаты - окушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттыру , шығармашылықтарын қалыптастыру. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілімен, қазіргі заманауи технологияны меңгеру- әр ұстаздың басты міндеті. Мұндай технологияларды қолданудан – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни оған сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдердің негізіне мыналар жатады: а)әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; ә)оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру; б)окушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Мен өзімнің педагогикалық тәжірибемде мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолданамын. Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақты салыстырмалы талдауды зерделей отырып, сабақты жаңаша құрып , оқушыларға оқу тапсырмасын дайындап, олардың танымдық қызметін белсендіруді, білім сапасын арттыруды мақсат етемін.

Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды топаралық жұмыс жасауға, топтардың жұмыстарын баяндауға, нәтижені қорғауға, пікірталас туғызуға, талдау және қорытындылауға үйрете отырып, білім беру өте тиімді. Оқушыларды топқа бөлгенде, топтың құрамында әр түрлі деңгейде оқитын оқушылардың болғанын ескеремін. Жақсы оқитын оқушылар сабақтың барысында үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсетеді. Жаңа сабақты өткенде жетекші оқушы өзі ғана біліп қоймай, тобының жаңа сабақты меңгеруіне де ықпал жасайды. Математикалық терминдерді, ережелерді, анықтамалар мен теоремаларды толық айтып жеткізу үшін, сабақта математикалық сауатты сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлемін.



9 сыныпта өткізген «Арифметкалық және геометриялық прогрессия» тақырыбына тоқталсам. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің аттыру мақсатында әр-түрлі есептер дайындап келіп, басқа пәндермен байланыстыруға болады. Пәнаралық байланыстардың мақсаты- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, пәндердің өзара байланысын терең түсіндіру. «Прогрессия айналамызда» . Прогрессия- биологияда: Бактерия өзіне қолайлы жағдайда 1- минутта екіге,олардың әр қайсысы келесі минутта екіге т.с.с бөлінеді. 7 минуттан соң қанша бактерия пайда болатынын есептейік. Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыру мақсатында есептер берілді: Прогрессия архитектурада: Амфитеатрда 10 қатар бар. Оның әрбір келесі қатарында алдыңғыдан 20 орын артық, соңғы қатарында 280 орын бар болса , амфитеатрға қанша адам сияды? Прогрессия құрылыста: Құрылыс ағаштары суреттегідей жиналған. Ең астыңғы қатарында 12 бөрене жиналған болса барлық бөренелер саны қанша?/сурет бойынша. / Оқушылар тапсырманы орындауға теориялық дайындықпен келулері тиіс. Оқушылар жұмысты аяқтағанан кейін, дұрыс жауап кілті бойынша өздерін тексереді . Оқушы шығарған есептерін мұқият тексеріп өзіне-өзі баға береді. Өзін-өзі бағалау оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. 

7 сыныпта «Рационал өрнекті теңбе-тең түрлендіру» қайталау сабағын өткіздім. Оқушылардың білім деңгейін бақылауға арналған жұмыс түрлері: математикалық диктант, тест-тапсырмалар, жеке оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар, логикалық тапсырмалар пайдаланылды . Сабақ барысында сыныптың әрбір оқушысымен жеке іс-әрекет жасалынды. Сабақтың құрылымы және оның әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жайында:

  1. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың ішкі және сыртқы психологиялық дайындығы анықталады, яғни оқушының психологиялық құзіреттілігі қалыптасады;

  2. Өткенді қайталау кезінде оқушының жеке тұлғалық даму құзіреттілігі қалыптасады, яғни оқушы өзінің білімін дұрыс көрсетуге тырысады;

  3. Тестік жұмысты орындау кезінде оқушының оқу-танымдық құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады;

  4. Ауызша жаттығулар орындау кезінде оқушының коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктері қалыптасады;

  5. Тақтада жұмыс кезінде ойлау құзіреттілігі, мәдени құзіреттілігі қалыптасады;

  6. Өздік жұмысын орындау кезінде оқушының ойлау, тұжырым жасау, сараптау құзіреттілігі қалыптасады;

  7. Сабақтың қорытындысын жасаған кезде оқушы психологиялық жеңілдікті сезінеді.


Сабақты жоспарлау барысында тапсырмалар ешқандай оқушы бос қалмайтындай етіп құрастырылды. Жеке тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай құрастырылып, барлық оқушылар қамтылды. Деңгейленген тапсырмалар арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуге , әр оқушының интеллектуалдық даралығын анықтауға мүмкіндік берді.Өтілген тақырыптар жүйелі түрде қайталанып, еске түсірілді. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сабақтың негізгі мақсатына жетуге жақсы көмек берді деуге болады, себебі, сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақыт оқушылардың дайындық деңгейіне сай және бір кезеңнен екінші кезеңге өту еш қиындық туғызған жоқ. Сабақта психологиялық климат өте жақсы болды, оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ойларын жеткізе білді.

Сондай әдіс-тәсілдердің бірнеше түріне тоқтала кетсем.Әдіс түрлері:
1) «Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

2) «Автор орындығы» үй тапсырмасын сұрағанда, өткен сабақты бекітуде пайдаланған тиімді.

3) «Ыстық қорап» ойыны.Қораптың ішінде 9 сұрақ және 1 сыйлық

болады. Оқушының бағына қарай бұйырады.

4) «Тәтті конверттер» білімді бекіту үшін пайдалануға болады,

5) «Бірге ойлаймыз! Әдісі. Сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда

тиімді әдіс.

6) «Құпия зат» әдісі . 5 сұрақ қою арқылы құпия затты табу керек. «Бұл

не?» деген сұрақ қоюға болмайды .
Қазіргі түрлі ақпараттардың толассыз ағыны уақытында оқушылардың қоғамға бейімделуі қиынға түсіп отыр.Сондықтан мұғалім жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден бас тартып, оның орнына қарым-қатынас жасаудың сұқбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, әртүрлі шығармашылық әрекеттерді бірлесіп орындаған дұрыс.

Қорыта айтқанда, еліміздің жарқын болашағы, мектеп қабырғасындағы бүгінгі жас ұрпақтың терең білім, үлгілі тәрбие алуына байланысты. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман. Ендеше,қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру түрін жетілдіру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру,қабілетін дамыту міндеттері тұр.

1. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж
2. Интернет қоры. bilimdiler.kz.

3. Кенеш Ә.С. Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы. Алматы 1998 

4.ҚР-да білім беру дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
5.Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану. М.Ғалымжанова.


10.Математиканы оқыту методикасы. Ә. Бидосов.
6.Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. З.У. Имжарова.