Файл: Сабаты таырыбы Армысы, з наурыз Малім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

22 Наурыз мерекесінеарналған «Армысың, әз- Наурыз» атты

ертеңгілікәзірмесі

Сабақтың тақырыбы:  «Армысың, әз -Наурыз»
 Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына


Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстыңұлыкүнікелдіағайын.

Той құттыболсын! Ақ мол болсын!


НАУРЫЗ – бұл ежелгі түрк іхалықтарының жаңа жыл мейрамы. 

Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі

22 наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.

Ал, балалар, тұрайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгітіп
Інжу – маржан шашайық
1.Хор: Роза Рымбаеваның «Наурыз» әні.
Топқа бөлу.

1.Асық тобы.

2.Алтыбақан тобы.

3.Тенге тобы.


НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ

-Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды. 
-Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған. 
-Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі.

Сұрақ. Наурыз көжеге қандай 7 дәм қосылады.


2.Сұрақ - жауап»бөлімі. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз.



1 – Асық.

1)Төрт түлікті ата. (түйе,жылқы, сиыр, қой-ешкі).
2) Үш арсыз.
Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.



2 - Асық
1) Үш биді атаңыз
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
2) Үш алыс
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.



3 - Асық
1) Жігіттің үш жақын жұртын ата?
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт

2) Төрт түліктің пірлерін ата.(Түйе- Ойсылқара,Сиыр-Зеңгі баба, Жылқы- Қамбар ата, Қой- Шопан ата. Ешкі- Сексек ата).


4 - Асық
1) Үш байлық
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
2) Үш тәтті
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті



5 - Асық
1) Үш жүзді ата?
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
2) Үш даусыз?
Мінез, кәрілік, ажал.



6 - Асық
1) Үш қонақ.
Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,
2) Ұлттық ойындарды атаңдар .( «Айгөлек», «Ақсүйек», «Тобық», 
«Ханталапай», « Тоғызқұмалақ», « Теңге алу», «Қыз қуу», «Асық», 
«Көкпар», «Бес тас» тағы басқа).





7 - Асық
1) Бес асыл
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
2) Бес қатер
От, жау, борыш, ауру, сөз



8 - Асық
1) Бес қаруға нелер жатады.
Мылтық, найза, садақ, қылыш, айбалта
2) Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ



9 - Асық
1) Жеті күнді ата?
Бүгін – дүйсенбі
Ертең - сейсенбі
Бүрсігүні - сәрсенбі
Арғы күні - бейсенбі
Ауыр күні – жұма
Соңғы күні – сенбі
Азына - жексенбі
2) Жеті атаны таратыңыз?
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Ойын.Қол күрестіру.

3.Тақпақтар:
Ғасырдан жеткен ғасырға Наурызбен құттықтап,

Ұлтымның ұлы дастаны Алыс жақын қауышты.

Жасай берсін мәнгілік Көктемдегі жарқын сәт,

Ғасырдан өткен ғасырғa. Көңілдерге ауысты

Наурыз – бұл мереке Жылдың басы Наурыз,

Құтты болсын береке Жердің басы Наурыз.

Қыдыр ата келсін Мерекеге арналсын



Жақсы тілек әкелсін Бүгінгі жыр- әніміз.
Күттіріп келген жыл басы, Ата-бабам тойлаған,

Бізбен бірге тойлашы Наурызым, армысың!

Дастарханға елімнің, Қызығыңа тоймаған,

Береке,ырыс сыйлашы Дархан дала қарлы шың.
4.Постер.Наурыз туралы өз ойларыңды постер арқылы жеткізіңдер.
Ойын. Асық ату. Шаш өру.
№2. Жұмбақ.

2.1.Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)

Мақал.«Сиырды теппейді , ақты төкпейді».

2.2. Тоғыз белбеу ,қос жібек ,екі мұрын , бір шүмек. (домбыра)

Мақал. « Ақ бидайдың қадірін, ашыққанда білерсің».

2.3. Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды. ( дастархан)

Мақал. «Түйе ботасымен жарысты, тамақ батасымен жарасты».


Бата.
Үй-іші, ауыл-аймақ аман болсын,

Тыныштық баршамызға заман болсын.

Табиғат таусылмайтын ризық беріп,

Тартулы дастарқанға тағам болсын!

Күніміз ұлысты болсын,

Жеріміз ырысты болсын.

Өрісіміз малға бай, дүбірлі болсын,

Халқымыз жанға бай, үбірлі-шүбірлі болсын.

Әумин! (бетін сипап бата береді.)

Қорытынды: 

Мұғалім: 

Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік. 
Келер Наурыз тойына!

Наурыз құттыболсын!!! Қазақстанымыз гүлдей берсін!

Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілейміз! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!Осымен «Армысың әз Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 
Мұғалім: Құрметтіқонақтар Наурыз көжеден дәмалыңыздар!