ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БАЛАЛАРДАҒЫ БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ЕМІ
Балаларда бронх демікпесін емдеу келесідей бағытталған:
• өміріне қауіпті жағдайдың және өлімнің алдын алу;
• аз көрінген клиникалық көріністен бастап ескеру;
• сыртқы тыныстың қызметін жақсарту және қалыпқа келтіру:
• физикалық жүктемеден кейін өмірлік белсенділікті
ұстап тұру және қалпына келтіру;
• бронхолитикалық препараттарға қажеттілікті азайту;
• емнің кері әсерінің алдын алу;
• мүгедектіктің алдын алу.
Емдеудің негізгі принципі
Бронх демікпесін кешенді емдеудің кұрамы келесідей.
• Ата-анасына және балаға келесі жағдайды үйрету; емдеу принципін, енгізу жолдарының мүмкіндіктері мен жетістіктерін, ингаляцияны өзіндік енгізу техникасын менгеру, ұстама кезінде өзіндік көмекті ұйымдастыру.
• Ауруды асқындыратын факторды шектеу, алып тастау.
• Асқынудың алдын алатын препараттарды қолдану (қабынуға қарсы және бронхолитиктер). • Арнайы иммунотерапия.
• Дәрілік препараттарды қолданбай емдеуге санаторлы-курортты емдеу жатады.
• Үнемі терапияны түзете отырып емдейтін дәрігерлік бақылау. Элиминациялык емдеу әр науқасқа қол жетімді, тиімді, экономикалык жағынан әсерлі болуы керек.
Қабынуға қарсы демікпеде қолданатын препараттар (базистік терапия)
Заманауи дәрілік терапия негізін қабынуға қарсы препараттар (базисті, бақылаушы) құрайды, оларды күн ара, ретті түрде, ұзақ уақыт бойы демікпенің алдын алу үшін қолданады. Олардың қатарына Ингаляциялық және жүйелік гликокортикоидтар, кромоглиций қышқылы, недокримил, ұзақ уақыт әсер ететін ауыз арқылы берілетін В адреномиметиктер, теофиллиндер, лейкотриен рецепторларының антагонистері және антиаллергиялық препараттар жатады.
Тығыз жасуша мембранасын тұрақтандырушылар.
Кромоглицил қышқылы және недокромил жергілікті әсер етіп, тығыз жасушаның түйіршіксізденуін және олардан гистамин бөлінуін тежеп, жылдам түрде бронхтың спазмын шақыратын аллергенді суық ауа және физикалық күштемеден кейінгі белсенуін болдырмайды. Ұзақ уақыт қолданғанда олар жоғары сезімталдықты болдырмай, бронхспазмдық ұстаманы төмендетеді. Кромоглицин қышқылы ингаляция үшін (капсула) және ингаляциялық ерітінді түрінде (аэрозолды баллонда) болады және кез-келген жастағы балаларға тағайындалады. Недокромил (мөлшерленген түрдегі аэрозоль) 2 жасқа дейін қолданады.
Ингаляциялық глюкокортикоидтар
Ингаляциялык глюкокортикоидтарды орташа ауыр, ауыр немесе тығыз жасушалардың тұрақтандырғыштарынан әсер болмағанда қолданады. Бұл препараттар жоғары дәрежелі қабынуға қарсы препараттар болып табылады. Оны тағайындау аурудың ауырлығына байланысты болады. Ингаляциялық глюкокортикоидтардың жүйелік әсері сирек көрінеді, бірақ балалардың бой өсуіне әсерін ескере отырып узак қолдануда төменгі және орташа дозасын ұсынады. Әр түрлі Ингаляциялық түрлерін қолданады: дексаметазон, флутиказон, флунизолил, будесонид.
Жүйелі түрде қолданатын препараттарға қарағанда ингаляциялық препараттардың жергілікті әсері күшті және кері әсерлері жоқ. Сондықтан олардың дозасын арттыруға болады. Емдеу ұзақтығы тұлғалық ерекшелікке байланысты, егер ауру жағдайы тұрақты болса немесе ремиссия кезеңінде болса бронх демікпесін емдеу 6-12 айға созылады.
Ауыз арқылы (3-5 күн) глюкокортикоидтарды қолдану ауыр ағымды және асқынулармен болған бронх демікпесі кезінде немесе вирусты этиология болғанда ғана беріледі. Қазіргі уақытта ауыз арқылы берілгеннен кейін біртіндеп дозасын төмендетудің қажеті жоқтығын айтады. Ұзақ уақытқа емдегенде көк тамырға берілетін преднизолон мен метилпреднизолонды тағайындайды, олардың минералокортикоидтарға әсері төмен және жартылай шығарылу кезеңі аз және бүйірлік жолақты бұлшыкетке тез әсер етеді, сондықтан 0,5-1 мг/кг/күніне беріледі. Ауыз арқылы ұзақ уақытқа тағайындағанда күніне 1 рет таңертен береді.
Бронх демікпесі мен аллергиялық аурулар қосылғанда кешенді ем тиімді, құрамында мұрынга спрей түрінде кромоглиций қышқылы және ингаляция түрінде глюкокортикоидтар мен антигистаминді препараттардын екінші ұрпағы беріледі.
Ұзак әсер ететiн В,-адреномиметиктер
Қазiргi уакытта ауыр ағымды бронх демікпесiн ұзак уакытка емдегенде ұзак уақыт бронхты кеңейтіп тұратын препараттар (салметерол және формотерол) тағайындалады. Бұл препараттардың әсері 12 сағатқа дейін созылады, формотеролдың әсерi алғашқы 1-5 минутта басталады. В,-адреномиметиктердiң ұзақ әсерінің арқасында физикалық жүктемеде, суық ауамен дем алғанда, белгiсiз аллергенмен катынасканда тұрақты түрде күндiз де, түнде де бронх демікпесінің орташа және ауыр ағымында бронхты кеңейтіп, өз әсерін көрсетіп тұрады.
Комбинирленген препараттар. Балаларда бронх демікпесiн емдеудің фармакотерапиясында дәрiлер комбинациясын қолданады.
Флутиказон+салметерол («Серетид Мультидиск») кабынуға карсы және бронх кеңейткіш әсер көрсетеді, реттi кабылданады. Препаратты 4 жастан бастап бронх демікпесiнiн кез келген ауыр ағымында, ауру симптомына және глюкокортикоид қабылдағанына қарамастан тағайындайды. Препарат жаксы көтеріледі.
• Будесонид + формотерол («Симбикорт») балаларда 6 жастан бастап колданады. Ауру ағымы ауырлағанда мөлшерін жоғарылатуға, ал ауру ағымы тұрақтанғанда мөлшерін төмендетуге болады. Ингаляциялык глюкокортикоидты ингаляциялык В,-адреномиметиктермен қолдану әсерлі болады.
Лейкотриен рецепторларынын антагонистерi
Лейкотриен рецепторларынын антагонистерi (зафирлукаст, монтелукаст) таблетка түрiнде болады. Бұл препараттар бронх демікпесі кезiнде физикалык жүктемемен коса аспириндi көтере алмаушылық кезiнде әсерлі болып табылады. Оларды ингаляциялык глюкокортикоидтармен қоса мөлшерін арттырмай-ақ қолданғанда қабынуға карсы әсері болады. Демікпеде монотерапия ретiнде колдануга болады.
Бөлінуді баяулататын препараттар
Бөлінуді баяулататын препараттар ретінде аурудын жеңіл формасында сатылы түрде орташа ағымды демiкпеде аз немесе жоғары мөлшерде ингаляциялық глюкокортикоидтар әсері В,-адреномиметиктерге қарағанда төмен, бiрақ ұзаққа сақталады. Көбiнде түнгі уақытта тиімді. Препарат физикалык жүктеме кезiндегi демікпенің алдын алуға көмектеседі.
Антигистаминді препараттар
Балалар демікпесiнде антигистаминді препараттардың әсері жоғары емес. Гистамин жалғыз қабыну медиаторы. Бронх демікпесiнде антигистаминді препараттың 2-ұрпағын қолданады. Ол топ жоғары дәрежеде Н1-гистамин рецепторына әсер етеді седативті әсері төмен басқа кері әсерi жоқ. Препарат ерте немесе ескі антигистаминді болып саналады.
Арнайы иммунотерапия
Арнайы иммунотерапия базисті ем болып саналады. Оны аллерголог дәрігер аурудың ремиссиясы кезiнде немесе аллергиялық ринит немесе бір валенттi сезiмталдық болғанда өткізеді. Емдеу принципі организмге көк тамырға немесе тіл астына енгiзуге негiзделген. Мөлшері аллерген көзіне байланысты тез гипосенсибилизация шақырады.
Бронхты кеңейткіш препараттар
Бронхты кенейткіш дәрілік заттарға (жағдайды женілдететін) В,-адреномиметиктер, тез әсер еткiш ментилксантиндер мен ипратропия бромиді жатады.
В,-Адреномиметиктер
В,-Адреномиметиктер бронх демікпесiн емдеудегі негiзгi препарат болып табылады. Бұл препараттарды бронх спазмын басу үшiн қолданады (тез әсер ететін ингаляция түрi) және түнгi тұншығу мен аурудын аскынуының алдын алу максатында қолданылады. Бронх демікпесiнде жиi (3 реттен) В,-адреномиметиктердi кабынуға карсы ерте алдын алу үшiн қолданады.
• Кыска әсер етуші В,-адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол) бронх демікпесiнде жағдайды тез жеңілдетедi. Ингаляциядан кейiн 5 минуттан соң әсер етеді және әсер ұзактыгы 4-6 сағатқа созылады.
• Ұзак әсерлі В,-адреномиметиктер (формотерол) 1-3 минутта әсері басталып, 12 сағат бойы сақталады.
В,-адреномиметиктердi ингаляция түрiнде колданғанда өткiзу техникасына мән беру керек. Жастық ерекшелiкке байланысты ингаляцияны әр түрлі әдіспен колданады: спейсерлі мөлшерлі аэрозольды ингалятор немесе маскамен, ерiтiндi енгiзуге арналған небулайзер,спинхалер, аэролайзер, ұнтакты енгiзу үшiн жеңiл тыныс. Кез келген дәрінің ингаляциясында 10-15% екпеге түседі, ал 75-80% АТЖ-на түседі. Қазіргі кезде әсерлі түрде емдейтiн әдiске небулайзер жатады, ол ерте жаста қолданады
Аэрозол ауаны қысу арқылы қысыммен тыныс жолына түседі. Бұл ерiтiндiде 2-5 мкм бөлшектер түзiлiп, оптимальды түрде тыныс жолына түседі. Небулайзер стационарда да, үй жагдайында да колданылады.
Метилксантиндер
Метилксантиндер (аминофиллин) таблетка түрiнде iшке және көк тамырга В,-адреномиметиктер әсері болмағанда колданылады.
Холиноблокаторлар
Ипратропия бромид ингаляция түрiнде ауыр емес жағдайда В,-адреномиметиктермен коса бронх спазмын түсiру үшiн қолданады. Бұл препараттар комбинациясы өте тиімді.
Бронх демікпесін емдеу
Қазіргі уақытта бронх демікпесін емдеуде сатылы түрдегi емдеу колданады, яғни ауру ағымына байланысты дәрілік емді қолданады. Ауру ағымы артқан сайын дозаны жоғарылатады, ал симптомдары азайған соң дозаны төмендетеді (14.2-кесте). Қабынуға қарсы дәрілік заттарды бронхты кеңейтетін дәрілік заттармен қосып тағайындайды (адреномиметиктер немесе теофиллин препараттары).
Уакытында рационалды терапия мен базисті терапияны бронх демiкпесi мен аллергиялык ринит кезiнде сатылы принцип бойынша қолдану аурудың ремиссиясын қамтамасыз етiп, аллергиялық реакцияның үдеуін төмендетеді.
Бронх демікпесі ұстамасы кезіндегі шұғыл ем
Бронх демікпесi ұстамасы кезiндегi шұғыл көмек алгоритмі 14.3-кестеде көрсетілген.
Жеңіл дәрежелі бронх демікпесiнде амбулаторлы кезенде В,-адреномиметиктер ингаляция түрiнде мөлшерленетiн ингалятор көмегімен колданады. Егер ауырлау немесе өте ауыр жағдайлы ұстама болса В,-адреномиметиктердi 20-30 минут сайын бір сағат бойы колданады, кейін қажеттілік бойынша болады. Бұл небулайзер көмегімен өтеді.Бронх кеңейткіш әсерді ипратропия бромидтi қосу аркылы арттыруға болады. Егер әсер жеткіліксіз болса, ішке немесе көк тамырха преднизолон (1-жаска дейін 1-2 мг/кг/кунiне,1-5 жаста 10-20 мг) салынады. Бронх демікпесiнiң асқынуы болса, будесонидті физиологиялық ерiтiндiмен қоса немесе ерiтiндi бронхолитикпен коса (сальбутамол, ипратропия бромидпен) қолданады. Балаларда доза күнiне 2 рет 0,25-0,5 мг (1 мг дейiн) құрайды.
Ауыр асқынуы бар наукастарда барлық клиникалық симптомдар анық болмауы мүмкін. Цианоз, «тыныштыктагы өкпе», жалпыәлсіздік, ПСВ 30%-дан төмен болса, дәрiгер назарын аударуы керек, одан әрі ауруханаға жаткызу мәселесін ойластырады. Көрсетілген емнен бір сағат ішінде әсер болмаса, наукасты жылдам ауруханаға бағыттайды