Файл: ош келді, Жаа жыл! 1жргізуші Армысыздар ардаты аайын! 2жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қош келдің, Жаңа жыл!

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын!
2-жүргізуші: Бармысыздар,замандас,бауырлар,шабытты шәкірттер!
1-жүргізуші: «Қош келдің,Жаңа жыл» атта кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып,арайың.
Жанға шуақ,бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2-жүргізуші:
Білесіздер ме,осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп,әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды.Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық.Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып,жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп,еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді.
2-жүргізуші: Құрметті,ауыл тұрғындары,ұстаздар,оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы-Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Олай болса,көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:Жаңа жыл тек қана бақыт,қуаныш әкелсін дей отырып, құрметті,жамағат «Жақсы сөз-жарым ырыс!»-деп дана қазақ айтқандай,жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді Глазунов орта мектебінің директоры Рағат Қабылан Қытайбекұлына береміз.
Жүрек жарды тілектен кейін тамаша әнмен балаларды ортаға шақырайық

1-жүргізуші:Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған Мешін жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?

- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.

Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

:

Ауылдастарым, достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осындай мерекеде,

Қарсы алыңдар мешін жылын.
2-жүргізуші:
Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл –қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
2-жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!

1 оқушы

Ақ қар жапты даланы 

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,


Шырша келді ортаға

2 оқушы

Оралды өлкеме 

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

3 оқушы

Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.

4 оқушы

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз 1 сынып би

Ұлкен хат ұстаған Аққала шаршап кіріп келеді.

Аққала

Бәріңе сәлем, достар

Мен шанамен әрен жеттім сендерге.

Асыққаным соншалық,

Ағаштарға соғылып қала жаздадым.

Мен сіздерге Аяз Атадан хат әкелдім.

1 жүргізуші

Балалар кәнеки Аяз Атаның хатын оқып шығайық.

(Хатты алып бір оқушы оқып береді)

«Құрметті балалар , сендерді келе жатқан Жаңа жылдарыңмен құттықтаймын ! Сіздер мені кешіріңіздер, мен сендердің меркелеріңе үлгере алмай жатырмын. Көп жұмыстар үйіліп қалды: барлық балаларға сыйлық дайындап жатырмын. Орманды ақ қарға орап, даланы ақ көрпемен жауып жатырмын. Мен сіздерді өзіме шақырамын. Сіздерге арналған хатта «Қар қиыршықтары» бар. Сол « Қар қиыршығын» жинасаңдар, солтүстікке тап боласыңдар.Құрметпен Аяз Ата»

4 оқушыны шығарып хаттағы қар қиыршықтарын құрастырады. Сол мезетте ақырын Мыстан кемпір келіп, бір қар қиыршығын алып қояды.

2 жүргізуші

Мыстан кемпір сен қайдан тап болдын? Балалрға қар қиыршығын бер. Егерде қар қиыршықтарын жинамасақ, Аяз Атаға қонаққа бара алай қаламыз..

Мыстан кемпір

Әй олай болмас! Ха, солтүстіке барғыларың келді ма? Сендерге керек болса бермейім! Ен бірінші дұрыстап сұраңдар.

2 жүргізуші

Ол қалай дұрыстап?

Мыстан кемпір

Былай айтындар: «Мыстаным Кемпірім» ( балалар хормен айтады).

Жоқ олай емес: Сүп-сүйкімді – ақ кемпір! (балалар хормен айтады)

Ой! Қандай жағымды!

Жарайды, сендерді солтүстікке жіберейін. Көздеріңді жұмып 10 ға дейін санаңдар.

(10 дегенде Африка әні естіледі. Пальма жанында Бармалей және африкандықтар жүреді)

Африка биін билейді

1 жүргізуші

Ой балалар, мына Мыстан кемпір не бүлдіріп кетті. Қандай ыстық! Менің ойымша біз Африка кетіп қалдық

Бармалей

Иә, бұл Африка! Ал мен қатал, зұлым Бармалеймін. Сендерді мұнда кім шақырды? Ой…Балалар… қалайсыдар! Түскі асқа житін нелерің бар!

1 африкандық

Жоқ, қонақтарды қарсы алудың орнына

Сен не бұйырық беріп кеттің, Бармалей?

Сен оларды қорқытып, ренжитип жатырсың.

Сен өз зұлымдығыңды қойып, одан да балаларға жол табуға көмектес.



Балалар сендер қандай елден келдіңдер?

Қандай күшті әсем киімдерің бар?

Мүмкін сендерде мереке шығар?

1 жүргізуші

Баллар бізде қандай мереке?

(Балалар хормен)

Жаңа жыл!

Бармалей

Қандай ол Жаңа Жыл? Бұндайды біріншірет естіп тұрм . ол не, оны немен жейді?       

1 жүргізуші

Оны жемейді. Жаңа Жыл бұл…(балалар айтады)

Бармалей

Адамды күлдіртпендерші! Африкада қайдағы шырша, қар және Аяз Ата?

1 жүргізуші

Ол қиын емес бізге. Шыршаның орнына пальманы безендіруге болады.

ойын «Пальманы безендіру»

Бармалей

Шынымен де баллар өте керемет мереке екен. Мен үшін осы кереметті істегендеріңе рахмет

Қане менімен бірге Африка биін билейік. Мен сендерге үйретемін.

(Барлығы африка биін билейді.)

1 жүргізуші

Біздің уақытымыз аз, біз Аяз Атаға баруымыз керек.

Бармалей

Қош болыңдар, Жаңа жылда жаңа табыс.

Менімен бірге мына сыйқырлы сөздерді қайталаңдар:

Тумба – тутумба.

Африкус – манафрикус.

Злобус, гневус, кусь,

Барайық солтүстікке тез!

(Балалар айта бергенде Мыстан кемпір келіп соңғы сөздерін бөліп жібереді).

Мыстан кемпір

Не Африка ұнамады ма? Күйіп кетіндер ма?

2 жүргізуші

Бізге кедергі келтірме, сен барин құртасың.

Балалр қанекей қайтадан Баралей айтқан сиқырлы сөзді айтайық

(Балалар айта бергенде сонғы сөздерінде «Барайық солтүстікке тез» сөзін « Теңізге барындар тез!»деп айтады)

(Теңіз толқыны естіледі. Су перісі шығады).

2 жүргізуші

Балалар біз теңіз астына кетіп қалдық.

1 су перісі

Біздің теңіз астына кімдер бұл келген?

Біздің теңіз толқынын қорқынқан кімдер?

2 су перісі

Біздің балықтарды да қорқыттыңдар,

Біздің су асты мерекемізді құрттыңдар.

Теңізде бұндай шу болғанға

Теңіз патшасы ашуланады,

(Теңіз патшасы шығады)

Теңіз патшасы

Мен бір дыбыс естідім

Сол дыбысқа шықтым мен

Теңіз түбінің өзінде

Қағида мен ереже бар

Бізге келген болсандар

Бір ереже есте бар:

«Балықтарды үркітпей,

Теңіз шөбін жұлмаңдар,

Су перісін ренжітпей,

Достасуды біліңдер»

2 жүргізуші

Кешіріңіз, Теңіз патшасы. Біз сіздерге кедергі келтірейік демеген едік. Біздің балаларда Жаңа жыл мерекесі. Бізді Аяз Ата қонаққа шақырған. Ал Мыстан кемпір бізге кедергі жасап, өз сыйқырын қолданып бізді біресе Африкаға біресе Теңіз түбіне жіберді.


Теңіз патшасы

Мен ол мыстанды білемін. Ол әлі өз бұзақылығын қоймады ма? Ендеше менде қонақ болып кетіңдер. Менімен ойын ойнаңдар:

«Теңіз толқиды бір…».

Мен Жаңа жыл туралы естідім. Ол бір сыйқырлы мереке шығар?

2 жүргізуші

Біз онда сізге арнап бір ән айтып берйеік?  

«Жаңа жыл» әні

Теңіз патшасы

Канекей тамашалайық онда.

Теңіз патшасы

Сендерді Аяз Атаға апаратын менің бір сыйқырлы затым бар. Бұны Мыстан кемпір бұза алмайды. Мына ұлу қабыршағын алып ұстасаңдар бари орнына келеді.

(Теңіз патшасы кетіп қалады)

2 жүргізуші

Балалр дөңгеленіп тұыр мына қабыршақты бір бірімізге берейік. Сол кезде ғана барар жерімізге жете аламыз.

(Балалар бір біріне бере бастағанда Мыстан кемпір шығып алып қойғысы келеді. Бірақ ала алмайды.)

Мыстан кемпір

Ай тоқтандар, бір күні маған тағы келерсіңдер

2 жүргізуші

Ух біз өз жеріміздеміз, қанеки демалып алайық.

(балалр отырады, сол кезде телефон шырылдайды)

1 жүргізуші телефонды алады,(Аяз Ата дауысы.)

Аяз Ата

Аяулы балаларым. Қайда жоғалып кеттіңдер? Жолдырыңды боран басып тастады ма? Мен бәрін орнына келтіремін.

1 жүргізуші

Аяз Ата Кешір бізді. Бізге Мыстан кемпір кедергі жасады. Сізді көруге асықпыз. Біз сізге бара алмай жатырмыз.

Аяз Ата

Уайымдамаңдар, мен өзім сендерге барамын

(бейнежазбадан көрсету)

2 жүргізуші.
Қуаныңдар,ағайын,тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар. 
1- Жүргізуші
Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.

Аяз Ата

Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар

Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,

 Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.

Аяз ата: О,қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім.Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау сотүстіктен аттарымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақшақар: Аяз ата,дұрыс айтасыз! Иә,достар.Біз келгенше көптеген жерлерде болдық.Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

Аяз ата: Қарашы ,балаларымыз қандай әдемі.Шыршан да әсем безендірілген екен.Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.Бірақ шыршаның шамы жағылмапты.Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық.


Шырша, бізді таңырқат,

Шамдарынды жарқырат.

2 жүргізуші

Мерекеде сіздерді көргендерімзге қуаныштымыз. Балалар дайындаған әндерді тыңдаңыздар.

(ән «Аяз Ата»)

1 жүргізуші

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

Тауық:

Сәлеметсіңдер ме, балаллар! Мен кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігіп қалам ба деп қатты қорықтым, уақытында жеттім ба?

Жақсылыққа бағыттаған

Тауықпын мен жаңа жыл.

Тауық жылының мерекесін,

Берекеге жалғаймын.

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар

Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар

Мешін: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Ескі жылың есіркеп,

Жаңа жылың жарылқап.

Еліңде болсын тыныштық,

Қоштасамын бүгін мен

Қоштасып қол бұлғаймын

Қош сау болыңдар!(Ескі жыл кетеді)

Аяз Ата

Жарайсыңдар!

Ән айттық, биледік,

Тек аз ойнадық.

Сондықтан да балалар

Ойын ойнап көрелік.

Тауық жылы ойындар ойнатады:

(Ойындар ойнау)Егіздер,Қарды ұстау, Ньютон заңы, Аққала мұрны

1 жүргізуші

Жаңа Жыл келуіне аз қалды. Сағат тілі орында тұрар емес. Аяз Ата балаларға сыйлық берер уақыт болды.

(сыйлықтар береді)

Аяз Ата

Біз сені 2017 жыл қарсы алуға дайынбыз

Жақсы істерге бастар жыл

Ал біз бір бірімізге қош сау бол дейік

Бұл жыл бізге табыс әкелсін

Ал бір жылдан кейін қайта кездесеміз,

Енді мен келесі жылда келемін.

Ақшақар

Сендер тек бізді ұмытпаңдар,

Бізді күтіңдер, біз Аяз атамен келеміз.

Қайтадан бізді ән бимен қарсы аласыңдар,

Ал біз сіздерге сыйлықтар әкелеміз

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Келер жылы кездескенше қош сау болыңыздар!

2-жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!...

1-жүргізуші:
Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныштық,тоқшылық жыл болсын.Жаңа жылдарыңыз құттты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

(3 сынып ата аналары билеп ән шырқайды «Жаңа жыл келді»)