Файл: Дене трбиесі пні малімдеріне арналан дістемелік сыныстар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 99

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақты екі жолмен жүргізуге болады. Бірінші жолы, бірнеше жақын сынып оқушыларын біріктіріп, ауруларына байланысты А, В топтарына бөліп, денсаулықты нығайту топтарын ұйымдастыру. Сырқаттарына байланысты топтарға қалай бөлінетіндігі 9-кестеде көрсетілген (В.П. Русанов, А.М. Колкутин, 2004).
9-кесте. Оқушыларды ауруларына байланысты А, Б, В топтарына бөлу


Топтар

Дәрігерлік сипаттама

Жүктеме мөлшері

Қолдануға болмайды

А

Жүрек аурулары,

орталық жүйке

жүйесі, көз, гепатит,

ісік аурулары

Бастапқы кезде жүктеме

орта қарқында

беріледі, 130-150 ЖСЖ-біртіндеп көбейеді

Күш жылдамдығы

жаттығуларын,

қатты жүгіру, секіру,

тез еңкею, ауырлық көтеру

жаттығуларын

Б

Тыныс алу, ас қорыту

мүшелері, бүйрек,

бауыр аурулары

Жалпы дамыту жаттығуларын

бұлшық ет топтарына біртіндеп

енгізу

Жаттығуларды баяу

қарқында орындау

В

Қозғалыс-тірек

аппараты аурулары

Арқа, іш, қол, аяқ бұлшық

еттеріне жаттығуларды отыру, жату

түрлерінде беру. Жалпы және

күш төзімділігін дамыту

Үлкен жүктеме

беруге болмайды.

Жүктеме орташа және

жеңіл болсын



Екінші негізгі түрі – дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы жақын сынып (1-2, 3-4, 5-8, 9-11) оқушыларын біріктіріп, аптасына үш рет, 30-45 минөттан жүргізіледі. Арнайы дәрігерлік топтарында жүргізілетін жылдық оқу мерзімі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең уақыты бірінші тоқсанда, екінші кезең уақыты екінші, үшінші, төртінші тоқсан уақыттарын қамтиды. Бірінші дайындық кезеңінде дене тәрбиесі сабағының уақыты 35 минөтқа созылады. Ол 35 минөт берілетін себебі, дене тәрбиесі мұғалімінің оқушыларға жүктемені байқап, азырақ беруі үшін, ауырған ағзаның берілген жаттығулар санына, ұзақтығына әсерін байқап, бақылауы үшін беріледі. Екінші негізгі кезеңде сабақтың ұзақтығы – 45 минөт. Дене тәрбиесі сабағын өткізер алдында ЖСЖ 80 соғу/минөттан жоғары болуы керек. Сабақ кезінде тұрақты түрде жүрек соғу жиілігін бақылап отыру керек. Тыныс алу жаттығуларына өте үлкен көңіл бөлінеді. Тыныс алу ырғағы, жиілігі бұзылса жүктемені азайту керек болады. Шаршаудың сыртқы белгілері 10-кестеде көрсетілген.


Негізгі қағида - әрбір оқушының ауруын, сырқатының ерекшеліктерін, ауру сипатын білу. Керек кездерде жеке тапсырмалар беру, сабақ кезіндегі жүктемені оқушының дәл сол кездегі денсаулық күйіне байланыстыра беру сияқты әдістемелік қағидаларды арнайы дәрігерлік топтың мұғалімі жақсы білуі керек.

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушыларды мектеп мүмкіншілігіне байланысты жиі-жиі дәрігерлік бақылаудан өткізіп отыру керек болады. Дене тәрбиесі мұғалімдерінің денсаулықтары әлсіз оқушылармен жұмыстарының табысты өтіп жатқаны – арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар дайындық тобына, дайындық тобындағы оқушылар негізгі топқа өтіп жатқан көлемінен білінеді.
10-кесте. Шаршаудың сыртқы белгілері


Сыртқы

белгілері

Шаршау дәрежесі

жеңіл

орташа

үлкен

Бет әлпетінің,

денесінің

қызаруы

Аздаған қызару

білінеді

Қызару белгілері

біршама

Тез қызару, бет әлпеті

ағару, ернінің

көгере бастауы

Терлеуі

Бетінің аз ғана

терлеуі

Басының, дененің

терлеуі

Өте көп терлеу, тұз пайда

бола бастауы

Тыныс алуы

Бірқалыпты дем алу

Жиі дем алу, кейде

ауыз арқылы

Өте жиі дем алу, ентігу

Қозғалуы

Қозғалысы дұрыс

Қозғалысы сенімсіз

Шайқалу, қимыл

үйлесімділігінің бұзылуы, аяқтың дірілі

Ықыласы

Қатесіз орындайды

Бұйрықты нақты орындай

алмауы

Тапсырмаларды ақырын,

екі-үш айтқанда орындау

Көңіл-күйі

Шағыну жоқ

Жүректің жиі соғуына,

ентігуіне шағынуы


Қатты шаршағанына,

аяғы ауырғанына,

басы айналуына, ентігуіне,

құлағы шулауына,

жүрегі айнуына шағынуы



10.4. Сабақтарды жүйелеу
Жаттығушылардың әр түрлілігі, бағдарламалардың көптігі, сабақ өткізу жағдайлары және басқа себептер көптеген сабақ түрлерін туғызады. Оларды дұрыс орын-орнымен қолдану, бағыттарын анық аңғару үшін дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтар көптеген төмендегідей топтарға бөлінеді.
10.4.1. Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау
Бұл бағытта барлық сабақтар бес топқа бөлінеді:

Жалпы дене дайындығы сабақтары. Бұл сабақтардың мақсаты – жалпы дене қуатын дамыту, негізгі қимыл-әрекетке үйрету, білім беру, тәрбиелеу (әсіресе, бала жасынан). Осылардың бәрінің негізгі деңгейін құрастыру. Сабақтар жүргізілгенде әр түрлі жалпы дене тәрбиесі амалдары мен әдістері қолданылады.

Спорттық жаттықтыру сабақтары. Бұл сабақтар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, мектептегі спорттық секциялардағы спортшыларды спорт түрлерінен жоғары жетістікке жеткізудің арнайы түрі болып табылады.

Қолданбалы дене тәрбиесі сабақтары. Мектептің жоғары сынып оқушыларының, кәсіптік-техникалық училище оқушыларының, колледждердің, жоғары оқу орнындағы студенттердің болашақ кәсіптік қызметі дайындығына негізделген. Әскери-қолданбалы дене дайындығы әр түрлі әскер бөлімдеріндегі іс-әрекет сипатына байланысты дене жаттығуларын, амалдары мен әдістерін қолдануға бағытталған (әскери-теңіз, әуе флоты, жаяу әскер, десанттар т.с.с. жауынгерлерге).

Сауықтыру дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтарда ауырған немесе жарақат алған адам ағзасы мүшелерінің қызметтерін дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен қалпына келтіреді. Мысалы, арнайы медициналық топтардағы сабақтар. Сауықтыру дене тәрбиесі сабақтары дәрігердің бақылауымен тығыз байланыста орындалуы қажет.

Әдістемелік сабақтар. Бұл сабақтар дене тәрбиесі мен спорт оқу орындарында, арнайы орта, жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі кафедраларында, әр түрлі әдістемелік кеңестерде, біліктілікті көтеру институттарында жүргізіледі. Ол әр түрлі сабақтарды оқыту, үйрету, жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
10.4.2. Сабақтарды мазмұнына байланысты топтау

Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді.

Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны, волейбол және т.с.с.

Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әр түрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Бұл сабақтардың бір ерекшеліктері бір спорт түрінің жаттығулары негізгі болып, басқа спорт түрлерінің жаттығулары қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға көмектесетін көмекші болып қатыстырылады. Мысалы, спорт ойындарының жаттығулары негізгі, гимнастика, жеңіл атлетика жаттығулары көмекші және т.б.

Құрама сабақтардың ұйымдастырылуы қиын, бірақ олар балалардың ағзаларына тез, жақсы әсер етеді және бағдарламаның негізгі бөліктері жыл бойы мұғалімнің көз алдында болып, оларды дағды деңгейіне дейін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
10.4.3. Сабақтарды міндеттеріне байланысты топтау
Пәндік және құрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.

Оқу сабақтарында жаңа оқу материалын үйрену және теориялық мағлұматты хабарлауға көп көңіл бөлінеді.

Жаттықтыру сабақтары үйренген жаттығу техникасын жетілдіруге және дене қасиеттерін тәрбиелеуге арналған.

Бақылау сабақтары дене қасиеттерін және оқу материалдарын меңгеруді бақылау міндеттерін орындайды. Олар негізінен сынақтар, нормативтер алу түрінде өткізіледі.

Құрастырылған сабақтар. Дене тәрбиесі тәжірибесінде оқу, жаттықтыру, бақылау сабақтары бірыңғай түрде өте сирек өткізіледі. Көбінесе олар құрастырылып, сабақта бірнеше міндеттер қойылып жүргізіледі. Мысалы, бір құрастырылған дене тәрбиесі сабағының міндеттері:

  • бір негізгі жаттығудың техникасын үйрету;

  • алдыңғы сабақтарда үйренген жаттығу техникасын жетілдіру;

- дене қасиетінің жылдамдық деңгейін анықтайтын сынақ жаттығуын қабылдау.

10.5. Қолданбалы дене тәрбиесі

және оны ұйымдастыру әдістемесі

Ерте кездің өзінде адамдар балаларын жас кездерінен арнайы дене жаттығулары, ойын түрлері арқылы қоғамдық өмір, тұрмыс-тіршілік және әскери әрекеттерге дайындаған. Адам күнделікті еңбек, соғыс құралдарын қолдану кезінде өндірістік, еңбек, жеке әрекеттерге әзір болу үшін, алдын ала соған ұқсас қимыл-қозғалыстарды орындау арқылы дайындалуға болатынын сезген, түсінген. Қазіргі кезде де дене жаттығулары тікелей өндіріске әсер етпесе де, жұмысшылардың қимыл ептілігін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру арқылы еңбек әрекеттеріне жағымды әсер етеді.


Қолданбалы дене тәрбиесі (ҚДТ) дегеніміз – дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагогикалық үрдіс. Қолданбалы дене тәрбиесі әскери және кәсіптік деп екіге бөлінеді.

Дене тәрбиесінің түрлерін, амалдарын, әдістерін бағытты пайдаланған кезде, олар адамды керекті еңбек қызметіне дайындап, ағзасының функционалдық және әрекеттік мүмкіншіліктерін жетілдіреді. Осындай дене дайындығы кәсіптік үйрену үрдісін тиімді ететін, маманның жоғары еңбек қабілеттілігін, дене жаттығулары адам ағзасына жағымды әсер етуін қамтамасыз етеді. Дене жаттығуларымен жүйелі, тұрақты жаттыққан адам аз ауырады, өнеркәсіп жағдайына тез төселеді, алдыға қойған мақсаттарына жетуге тұрақты, қажырлы түрде ұмтылады.

Біз дене тәрбиесі мамандары спортшыларды дайындау жүйесі кезінде, жалпы дене дайындығы негізінде спорт түрлеріне бағытталған арнайы дайындық, ол дайындықтар негізінде сол спорт түрлерінің техникасы жетілдірілетінін білеміз. Мысалы, гимнасшыларға қол, иық бұлшық еттері, тепе-теңдікті ұстай білу, кеңістікте өз денесін дұрыс басқара білу және ептілік, икемділік, күш секілді дене қасиеттері керек болады. Ал жүгіріп келіп жоғарыға секіретін жеңіл атлетика спортшысына бұл қасиеттер негізгі емес, оларға күш жылдамдығы, қимыл үйлесімдігі, аяқтың секіргіш күші қажет. Осындай жағдайды кәсіби-қолданбалы дайындық кезінде қолданамыз. Мысалы, құрылыста жоғарыда құрастыру жұмыстарын істейтін жұмысшыларға қол күші, тепе-теңдікті ұстай білу, батылдық қасиеттерін дамыту қажет. Кен қазушыға (шахтерге) иық және арқа бұлшық еттерінің төзімділігі, ептілік, икемділік, әр түрлі дене қалпында (төрт аяқтап, екі бүктеліп, етпеттеп т.с.с.) қозғала білу қасиеттерін дамыту қажет. Меңгергішті (пультті) басқару маманының жұмысы алдыңғы екі мамандық иелерінен тіпті басқаша болып келеді. Бұл кәсіптің мамандары өздерінің қозғалыстарын дәл, тез, нақты орындауы, қолдарымен үйлесімді қимылдауы, әр қозғалысына зор ықылас сала жұмыс істеуі қажет болады. Осы жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша әрбір кәсіптік мамандық иелеріне әр түрлі жаттығулар таңдалып, осы мамандықтарға қажет дене қасиеттері мен қимыл ептіліктері, шеберліктері дамытылуы, дағды жағдайына дейін жетілдірілуі керек болады. Кейбір жұмысшылар, мамандар арасында кәсіптік-қолданбалы дайындықты жалпы дене тәрбиесі арқылы орындауға болады деген пікір қалыптасқан. Ол дұрыс пікір емес. Дене тәрбиесі оның кәсібіне байланысты қолданылуы керек, аяқ киім тігуші – бір түрлі жаттығулар, ұстаға – екінші түрлі жаттығулар, техник маманына – үшінші, нан пісірушіге төртінші түрлі жаттығулар керек.