Файл: Таырыбы Бала ыы асыл азына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Бала құқығы – асыл қазына.

Мақсаты:  Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

Мұғалім сөзі:  Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.

Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.

1 – маусым

Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20 – қараша

Балалардың дүниежүзілік күні

10 – желтоқсан

Адам құқығы күні

Құқық дегеніміз не? Міне , балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететінадам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер  жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген.Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз.Сондықтан да бүгінгі  сабағымыздың мақсаты осы болмақ.

«Сен білесің бе?» сұрақ-жауап. 
1) Біздің мемлекет – ҚР. ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба. в) Елорда – Астана. г) ҚР кім басқарады? – Президент.
2) Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
3) Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
4) Құқық немен қорғалады? -Заңмен қорғалады.
5) Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
6) Бала құқығын қорғау туралы заң қанша бап,қанша тараудан тұрады?



Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.


Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал 
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:
Заңдарға бағыну
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекет рәміздерін құрметтеу
Салықты төлеу
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
Орта мектеп білімін алу
Қазақстан Республикасын қорғау


«Не істеуге болмайды?»

-Үлкендердің алдынан кесіп ………..

-Кішкене баланы …………

- Қыз баланы  …………..

-Сабақтан ………………………

- Сыныпта …………………….

- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….

 

«Не істеу керек?»

-Үлкен кісіні  …………………………..( сыйлау керек)

- Үлкеннің  ……………………………..( тілін алу крек)

- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)

-  Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)

-  Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)

-   Оқу құралдарын  ………………………( күтіп ұстау керек)

Қорытынды

Ата Заң – қорғанымыз. «Азамат жолы – ар жолы демекші, ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.