Файл: Xviii. Xix. басындаы Англия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

XVIIIғ.-XIXғ. басындағы Англия

1. Вильгельм мен Мариядан соң король титулын Анна иеленді. Үкімет пен парламент буржуазия мүддесімен санасуға мәжбүр болды.

1701 жылғы Утрехт бітіміне сәйкес, Англия Гибралтарды , Менорк аралын және асиенто құқығын, немесе 30 жыл бойы Америкадағы испан отарларына құл тасымалдау құқықтарын алды. Бірақта бітімнің өзге баптары Испаниядан тасмалданатын тауарларға кеден салығының ұлғаюын көздегеннен соң, торилердің билігіне нұқсан келеді де, 1714 жылы вигилердің қайтадан билікке келу мүмкіндігі туады.

1721 жылы билікте кейінгі жиырма жыл бойы болған Г.Уолполдың вигилік үкіметі келді.

1694 жылы жер магнаттары мен көпес - кәсіпкерлер Ағылшын банкінің негізін салды. Олардың ақша - неси операцияларының арқасында XVIII ғасырдағы қаржы жүйесінің қарқыны ұлғайды. Осыған сай, мемлекеттің өзі қаржы капилалына тәуелді болып қалады. Елдегі экономикалық даму саясатының қарқынды қадамы отандық өнеркәсіптің дамуына мол әсер қалдырды.

2. XVIII ғасырда өнеркәсіпте де біршама өзгерістердің жүзеге асты. 1733 жылы тері илеуді тездететін құрал, ал 1738 жылы адам қолының қатысуынсыз тоқитын тоқыма машиасы ойлап табылды. 1764 ж. Дж. Харгривс «Дженни» атты механикалық тоқыма машинасын ойлап шығарды. 1771 жылы Р. Аркрайт алғаш рет машиналары су дөңгелегімен қозғалысқа келтірілетін тоқыма фабрикасын ашады. Өнеркәсіптің дамуымен жаңа қалалар – Манчестер, Бирмигем қалалары бой көтерсе, жолдар мен көліктер қатынасы қозғалысқа келе бастайды. Бұл жаңашылдықтар - өнеркәсіп пролитариаты тобының қалыптасуына алып келді. Жаңа машиналарды ойлап табу жұмыс қолы қажеттілігін азайтты. Олар бұған қарсылық білдіріп, машиаларды сындырды. 1769 жылы машиналарды қирату әрекетін жасағандарға өлім жазасы тағайындалсын деген үкімет заңы шықты. Бірақ луддиттер (алғашқы машина қиратушы Лудданың атына қойылған, бүлікшілік) қозғалысы жалғаса берді. XVIII ғасырдың II-жартысында стачкалық қозғалыс басталды.

3. XVIII ғасырда революция дәуірінің ойшылы, философы Джон Локк бастаған ағылшын ағартушылығы басталды. Ағылшынның энциклопедист ойшылдары – Дж. Локк, Дж. Толанд, Г. Боллингброктар өз көзқарастарында халықтық егеменділік және олардың саяси өмірге араласуы туралы пікірлерді негізге алды.

Экономиканың өрлеуі оған сай экономикалық ілімді және оны жасаушы –Адам Смит көзқарастарын туғызды. Адам Смит мемлекеттің экономикалық әл-ауқатын, ерікті бәсекелесті және бағаның еңбек теориясын сипаттайтын еңбегімен тарихта қалды. Т. Мэн, Дж. Пристли, У. Годвиндердің ұйымдастыруымен радикалды – демократиялық бағыттағы жаңа саяси ілімдер, сондай- ақ Т. Спенс және У. Огильвилердің әлеуметтік – экономикалық құрлымдарға байланысты утопиялық жобалары пайда болды.


Осылармен қатар, тарих және әдебиет салалары да біршама жеке болып қалыптасуының алдыңғы қадамдарын жасай бастайды. Ірі тарихи шығармалар Д. Юм мен Э.Гиббон зерттеулерінен соң жазыла бастады.

4. XIX ғасырды Ұлыбритания болдырып, шаршау жағдайында қарсы алды. Франциямен соғыс жеті жылға созылып, бірнеше француздарға қарсы коалициялар ыдырады. Мемлекет қарызы 450 миллион фунт стерлингке жетті, халыққа салық салу көбейіп, оның үстіне егіннің пайданы аз беруі халықтың төменгі буынының наразылығын тудырды

Бірақ Франция тарапынан төнген қауіп ұлтты біріктірді, құрлықтағы француз қаруының жеңісі тіпті күш теңдігін де қалдырмады. Мыңжылдық Венеция Республикасы генерал Наполеон Бонапарт еркімен картадан жойылып кетті. Голлондия мен Испания Франция республикасына тәуелді болып қалды, ақырында Бонапарт Британияның тікелей мүдделі нысанасы Таяу Шығысқа қарай жылжыды, сөйтіп өзінің Жерорта теңізіндегі үстемдігіне ұмтылды.

Мұның бәрі ағылшын билеуші топтарын күш жинауға итермелейді. Француздарға қарсы екінші коалиция тарап кетті. Ұлыбритания тағы жалғыз қалды. Ағылшындардың жалғыз ілікті шабуылының нәтижесінде Жерорта теңізіндегі стратегиялық маңызды Мальта аралы және Египеттегі француз әскері капитулияцияланады. Осы жылы адмирал Горацио Нельсон Копенгаген рейдіне кіріп, дат әскери кемелерін өртейді. Бұның бәрі Англияның кез-келген амалымен өзінің теңіздегі құдіреттілігін жаңғыртудағы әрекеті болатын.

1802 жылы Питті премьер - министр қызметінде ауыстырған Г. Аддингтонның үкіметі Амьенде Франциямен бітімге қол қояды. Бұдан былай Ресей, Англия, Австрия, Пруссия және Швецияны қайтадан біріктірген қаһарлы одақ, Француз әскері мен қолбасшысының тағдырына еуропалық жаңа тәртіптің дүниеге келуіне үстемдік жүргізді.

XVII ғасырдағы Англия. Ағылшын буржуазиялық революциясы

1. XVI ғасырдың 50-60 жылдары Еуропаның әр түрлі бөліктерінде протестанттармен католиктер арасында жойқын теке–тірестік әрекеттер орын алып жатады. Осы тұстағы Англиядағы әрекеттерді 1534 жылы VIII Генрих Тюдордың өзін шіркеу басшысы етіп жариялауынан бастауға болады.

I Елизавета тұсында Англия толығымен аграрлық ел еді. Тұрғындарының көбі, яғни 4,5 миллионға жуығы селоларда тұрды. 1534 жылдан 1660 жылға дейін тұрғындарының саны сегіз есеге, яғни 60 мыңнан 460 мың адамға дейін өскен Лондон жалғыз ірі қалалар санатында еді.

I-Елизавета, XVI-ғасырдың өзінде-ақ король мен парламент арасындағы қатынас дәстүріне көптеген өзгерістер жасайды. Пуритандардың ілімі Жан Кальвин мен шотландтық уағыздаушы Джон Нокс ілімдеріне негізделді. Сонымен қатар, 1 Елизаветаның тұсында революция жолын қуушы–кальвинистер ағылшын шіркеуін католицизмнің қалдықтарынан тазалауды талап етуге әрекеттенеді.


2.Пуритандар діннің негізі әркімнің жеке сенімінде екендігін жариялады, демек,олар сол кезге дейін адам мен Құдай арасында тұрған дін құрметкерлерінің қаситті монополиясын жоққа шығарды. Пуритандық бағытты ұстаушылар бір-біріне қарама-қарсы индепенденттік және пресвитериандық топтарға бөлініп кетеді.

3. 1639 жылы ағылшындар мен шотландықтар арасында соғыс басталды. Осы сәтте амалы қалмаған 1 Карл парламентті шақыруға мәжбүр болды. Алғашқы маусымда аяқ – асты шақырылған парламент 1640 жылдың 13 сәуірінен – 5 мамырына дейін, екі апта ғана жұмыс істеп, тарихта Қысқа парламент деген атпен қалды.

Король 1640 жылдың 3 қарашасында тағы да парламентті шақыруға мәжбүр болды, ол-тарихта Ұзақ парламент деген атқа ие болып, Ұлы ремонстоация жариялады. Бұл ағылшын революциясы басталуына сілтеме болды.

4. 1642 ж. жазда азамат соғысы басталды. Соғыс король жақтастары мен парламент арасында болды. 1642-1644 жж. шайқастарда король әскерлері басымдылық танытты. Парламент әскерінің қиналған шағында тарих сахнасына Оливер Кромвель шығып, 1645 ж. Нэшби түбіндегі шайқаста король әскеріне күйрете соққы береді. 1646 жылы азамат соғысы парламентті жақтаушылардың жеңісімен аяқталады.

5. 1646-1647 жылдары левеллерлердің саяси партиясы қалыптасады. Левеллер ұстанымының идеялық негізі табиғи құқық, халықтық егеменділік, қоғамдық келсім доктриналары, король тиранды тақтан құлату болды. Левеллерлердің болашақ көсемдері Дж. Лильберн, У.Уолвин, Р. Овертон. Олардың ең жаңашыл талаптары-билік корольде де, парламентте де емес, егемен халықтың қолында болсын деген саяси талап еді. І Карл өлім жазасына кесіліп, 1649 ж. 30 қаңтарда басы алынды.

6. Елді Кромвель басқарған және жоғарғы лауазымды бірнеше заңгерлер биледі. Парламент мүшелері ең алдымен өздерінің жеке мүдделері үшін қызмет етті.

Сыртқы саясатта Голландиямен Швеция, Дания және Португалиямен ұтымды сауда келсімдерін жасауға қол жеткізеді.

Халықтың қарсылықтардың орын алуын болдырмау мақсатында Кромвель генерел-майорлардың полициялық жүйесін енгізеді. 1655 жылы елдегі қаржы тапшылығының өсуіне әкелген Испаниямен соғыс басталды. Елдегі қиын жағдайдан шығу қарекетімен Кромвель 1656 жылдың қыркүйек айында жаңа парламент шақыруға мәжбүр болады. Кромвель ақыры конституцияны қабылдады да, бірақ та корольдық титулды иленуден бас тартады. Бұл бас тартуға қарамай-ақ, елден саяси-әлеуметтік жүйе өзінің бұрынғы дәстүрлі тұрпатына қайта ие болды.

Алайда монорхиялық сипаттағы конституцияның орнаунан кейінде елдің дамуында ешқандай ілгерлеушілік болмады, тек Кромвелдің жеке беделі ғана билікті саяси бүліктен сақтап қалды.


7. 1658 жылдың 3 қыркүйегінде Кромвель қайтыс болды да, билікті оның ұлы Ричард иеленді, бірақ жаңа билік иесі де елдегі жағдайды түзете алмады. 1659 жылдың көктемінде билікке Ұзақ парламенттің республикандық «қулары» оралды. Англияда екінші Республика орнайды. Алайда олар ешқандай салада да реформалар жүргізе алмады, генерал Ламберт басқарған әскери топ оларды қудалап, елде жаңа әскери диктатура орнатады.

1660 ж. 21 ақпанда парламентке қайта оралған пресвитериандардың жарлығымен республикашыл көзқарастағылардың кейбірі тұтқындалады. Осыдан кейін Ұзақ парламент өздігінен тарау туралы акт жариялайды да, Конвент сайлауын белгілейді.

Осы уақытта Голландияда бой тасалап жүрген ІІ Карл, өзінің әйгілі Бред декларациясын жариялайды. Бред декларациясында корольдің азамат соғысына қатысқандығы үшін ағылшын халқына кешірім беруі, діни еркіндік және басқа да талаптарды орындайтындығы көрсетілген. 1660 ж. 26 мамырда Конвент ІІ Карлды заңды монарх деп жариялайды. Осылайша Англияда тағыда абсолютті монархия орнайды.

Ендігі жерде Англияда Бред декларациясында берілген уәделердің бәрі бос сөз күйінде қалып, елде репрессия басталады. Цензура күшейді.

Алайда Англиядағы корольдік үкімет нығайып алған буржуазиямен де санасуға мәжбүр болады.

Король саясатына жаппай наразылық орын алды да, 1688 жылдың маусым айында оппозиция көсмдері II Яковтың қызы Марияның күйеуі Вильгельм Оранскийді Англияға жасағымен келіп, ағылшындарды «протестанттық еркіндікті» қалпына келтіруге шақырды.

  1. 5 қарашада Вильгельм Оранский 15 мыңдық әскерімен ағылшын жеріне қадам басады. II Яков жабдықтаған әскер өздерінің командирлерімен қоса қарсы жаққа өтіп кетеді. Осы жағдайлардың орын алуынан қорыққан II Яков Францияға қашып кетеді. 1688 жылдың желтоқсанында Вильгельм Оранский Лондонға басып кіріп, 1689 жылдың қаңтарында ағылшын королі болып жарияланды. Осылайша «даңқты революция» деген атқа ие болған қан төгіссіз мемлекеттік төңкеріс жүзеге асады. Жаңа мемлекеттік жүйенің негізгі құжаты «құқықтар туралы билль» заңы болды. Англия конституциялық монорхияға айналды. Король вето құқығынан айырылып, елді парламентпен бірге басқаруға тиіс болды.

  2. XVII ғасырда Англия орта ғасырлық мәдениеттен жаңа дәуір мәдениетіне ауысады. Ғасырдың басы драма мен поэзияның кең таралуымен қатар, оның өкілдері У. Шекспир, К. Марло, Б. Джонсон, Г. Спенсер және Дж. Донндар есімдерімен рухани өмірдің талай жетістігі дүние есігін ашты. Ал революция кезеңі мәдениетінің ұлысы атанған Джон Милтон есімі бүкіл елге аян болды.


Жаратылыстану ғылымдары мен философия саласында да біршама даму байқалды. Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Дж.Гаррингтон, Г. Невиль О.Сидней, У.Пенн т.б. есімдері философия саласында өткір теориялары арқасында зор маңызға ие болды.