Файл: ілияс жансгіров атындаы жетісу университеті ке а Гуманитарлы ылымдар жоары мектебіні Филология 6В02302.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Филология 6В02302» білім беру бағдарламасының білімгері 2-курс ФҚ-211 топ студенті Нұрсерік Гүлдәрияның «Жетісу университеті» газетінен тілтанымдық практикадан өткендігі туралы

ЕСЕБІ

Мен, Нұрсерік Гүлдәрия 06.02.2023ж.-18.02.2023ж. аралығында тілтанымдық практикадан өтуге «Жетісу университеті» газетінің медиа орталығына бардым.

Алғашқы күні-ақ барлығы қызықты болды. Медиа орталықпен және жетекшімен таныстым. Болашақ тіл маманы ретінде алға қойған мақсатты орындау барысында, тілтанымдық жұмыстарды атқара отырып, филология мамандығының қыр-сырымен таныстым. Мойныма ілінген жауапкершіліктің ауырлығын сезіндім. Сонымен, алғашқы күні жетекшімен танысып, практикалық тапсырмамызды алып қайттық.

Осы атқарылған практика барысында көптеген маңызды ақпараттар мен мәліметтер алмастым. Қасымдағы жетекшілерден және басқада мамандардан тәжірибе жинақтадым. Біздің практикамыз газетпен тікелей байланысты болғандықтан, бізге бір кітапқа рецензия жазу тапсырылды. Алдымен бізге рецензия туралы түсінік берілді. Рецензия-көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензияда жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі. Жазылған еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстарда жасалынады. Рецензия мақалаға өте ұқсас келеді, бірақ өзіндік айырмашылықтарыда бар. Бізге сол үшінде рецензия мен мақаланы астастырып, пікірді көркем тілде жазу керек болды.

Осылайша тапсырманы алғаннан кейін, ертесінде практикалық жұмысқа кірістік. Алғашқы тапсырма бойынша рецензия жазатын кітап іздестірдім. Бірнеше кітапты қарастырып отырып, біраз кітапқа көзім түсті. Солардың арасында жаныма жақын тартқаным «Махаббат, қызық мол жылдар» болды. Шыны керек, бұл кітапты бұрындары оқығанмын. Сондықтан, көп іздестірмей, бірден осы кітапты таңдадым. Өйткені сол кездегі сезінген әсеріммен бөліскім келді. Осы практиканың арқасында, сол кітапты қайта қолыма алып, сол кездегі сезімді бастан кешірдім. Шынымды айтсам, берілген уақыттың тығыздығына байланысты кітапты қайтадан толық оқып шығу мүмкіндігі болмады. Тапсырманы алғаннан кейінгі үш күн бойы кітапқа шолу жасадым. Басты оқиғаларды негізге ала отырып, жазушының жазу шеберлігін бағамдадым. Шығармадағы негізгі тірек ойды басшылыққа алып, маңыздылығын айқындадым. Содан кейін, сол анықтаған дүниелерімнің бәрін қағаз бетіне түсіре бастадым. Яғни рецензия жазуды бастадым. Мақаламен ұштастырып жазу керек болғандықтан, барынша көркем тілмен, ойымды айқын, ашық, әдеби түрде жеткізуге тырыстым. Кітаптан алған әсерімді оқырманға сездіру үшін, және де практиканы жақсы тапсыру үшін барымды салдым. Осылай, екі күн қатарынан жазған рецензиямды бітіріп, келесі аптаның басында жетекшіге тапсырдым.


Негізі осы жолғы практианың бізге тигізген пайдасы көп болды. Олай дейтінім, осы арқылы біз өзіміздің жазу шеберлігімізді шыңдай түстік. Тіл байлығымыздың қаншалықты көркем екенін көрсеттік. Кішігірім болсын ойымызды жетілдіріп, жазу өнерімізді дамыттық десем болады.

Сонымен, жетекшіге осы жұмысымызды өткіздік. Ал, ол кісі оқып, қабылдап, өз бағасын бергеннен кейін, келесі орындалатын тапсырма жайында түсіндірді. Ол тапсырма бойынша 8-наурызға орай бір оқытушы, бір студент атынан құттықтау дайындау керек болды. Яғни, әйелдер қауымына жылы лебізбен құттықтау дайындаймыз. Бұл жолғы тапсырма, алдыңғы тапсырмаға қарағанда жеңіл көрінді. Ақ жаулықты аналарға, қыз-келіншектерге еш ойланбай барша адамзат жылы лебіздерін, тілектерін жолдайды деп ойлаймын. Құттықтау кез келген адамның жүрегінен еркін шығары сөзсіз.

Бағана айтқанымдай бұл тапсырма алдыңғысына қарағанда жеңіл сияқты көрінді. Бірақ әрбір істің өз қиыншылығы болатыны анық. Мен үшін бұл жердегі басты мәселе құттықтау сұрайтын адамды табу. Шыны керек, мен кімнен құттықтау алатынымды білмедім. Соның кесірінен біраз уақытымды жоғалттым десем болады. Ақыр соңында құттықтау жолдайтын адамды таптым және құттықтау алдым. Алған құттықтауымды, бірден, қағазға жақсылап түсірдім. Оған тілдік-грамматикалық түзетулер енгізіп, әсемдеп, тілдік ерекшеліктерді қолдандым. Соның нәтижесінде дер кезінде, уақытылы практикамды аяқтап, жетекшіге тапсырдым. Жетекші жұмысымды қабылдап, өзіндік бағасын берді. Осылайша біздің екі апталық практикамыз аяқталды.

Сонымен, қорыта айтқанда, біздің екі аптаға созылған практикамыз осылай өз мәресіне жетті. Практика барысында тың ақпараттармен танысып, тіл маманы ретінде тілге деген құрметім одан әрі арта түсті. Мақала жазудың қыр-сырымен танысып, өзімнің тіл байлығымның қаншалықты дәрежеде екендігіне көзім жетті. Жазу шеберлігім кішкене болсын алдыға басып, сөздік қорыма бірнеше жаңа сөздерді енгіздім. Осылайша практикдан біраз нәрсе үйреніп, біраз тәжірибе жинадым.