Файл: Физика пнінен 711 сыныптарды ііі тосан бойынша ашытан жргізілген зертханалы жмыстарды орытынды есебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Физика пәнінен 7-11 сыныптардың ІІІ тоқсан бойынша қашықтан жүргізілген зертханалық жұмыстардың қорытынды есебі.
ІІІ тоқсанда өткіліген зертханалық жұмыстар:
№ | Тақырыбы | Сыныбы | Керекті құрал-жабдықтар |
1 | «Архимед заңын зерделеу» | 7 | Ағаш білеушелер,мензурка, таразығ гірлер |
2 | «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау» | 7 | Динамометр,жүктер |
3 | «Электр тізбегін құрастыру және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу» | 8 | Психрометр немесе екі термометр: қүрғақ және ылғал, психрометрлік кесте. |
4 | «Тізбек бөлігі үшін ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу» | 8 | Көлбеу науа,тұрғы,шар,секундомер |
5 | «Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу» | 8 | Тығыны бар түтік, резеңке немесе пласмасса түтік, воронка, штатив, су |
6 | «Өткізгіштерді параллель жалғауды зерделеу» | 8 | Калориметр, мензурка, суы бар ыдыс, электр плита, таразы, массалары 50-100 г болатын алюминий,мыс және темір денелер |
7 | «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» | 8 | Шыны пластиналар, қыздыру қылы түзу шам, фотопленка,ұстараның жүзі |
8 | «Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып-үйрену және магнит өрісінің бейнесін алу» | 8 | Жазық параллель шыны пластина, түйреуіш, өлшеуіш сызғыш,ақ қағаз, шам |
9 | «Электромагнитті құрастыру және оның әсерін сынау» | 8 | Дифракциялық тор, жарық көзі |
10 | «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау» | 9 | Штатив, ұзын жіп, шарик, секундомер |
11 | «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау» | 9 | Шыны ыдыс, серіппе, домбыра, секундомер |
12 | «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену» | 10 | Амперметр, вольметр, реостат, кілт, өткізгіш сымдар |
13 | «Ток көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісін анықтау» | 10 | Амперметр, вольметр, реостат, кілт, өткізгіш сымдар |
14 | «Шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы» | 10 | Амперметр, вольметр, реостат, кілт, өткізгіш сымдар |
15 | «Шынының сыну көрсеткішін анықтау» | 11 | Шыны, жарық көзі, стакан, қарындаш |
16 | «Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрін бақылау» | 11 | Фотосуреттер, калька |
2022-2023 жаңа оқу жылында ұсынылған әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес 7-11 сыныптардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарында зертханалық жұмыстар қамтылған. Олардың барлығы әр сынып бойынша оқу бағдарламасының желісінде,яғни сол тақырыптарды пысықтау, эксперименттік тұрғыда көз жеткізу үшін берілген. Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының физика лабораториясында зертханалық жұмыстарды өткізуге арналған лабораториялық приборлар жеткілікті.
ІІІ тоқсанда жүргізілген зертханалық жұмыстарды атап айтар болсақ, 7-сынып оқушыларымен «Архимед заңын зерделеу», «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс өткізілді. Жұмыс барысынды оқушылар ағаш білеушелерді пайдалана отырып, көлемді табу арқылы, тығыздықтың формуласын пайдалану арқылы қатты дененің тығыздығын анықтады. Екінші жұмыста «деформация» деген ұғымның ғылымда,күнделіктң қолданылу аясы туралы сөз қозғалып, «серпімді» , «пластикалық деформация» сияқты жаңа сөздерге анықтама берілді.Физика пәнінің алғаш табалдырығын аттаған 7- сынып оқушылары үшін жұмыста нұсқалған қарапайым эксперименттік тапсырмаларды орындау пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.
8-сынып оқушылары «Электр тізбегін құрастыру және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу», «Тізбек бөлігі үшін ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу», «Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу», «Өткізгіштерді параллель жалғауды зерделеу», «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау», «Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып-үйрену және магнит өрісінің бейнесін алу», «Электромагнитті құрастыру және оның әсерін сынау» атты зертханалық жұмыс орындады. Барлық жұмыстар бір-бірімен тікелей сабақтаса байланысқан. Қолданылған керекті құрал-жабдықтар да барлығына ортақ.Бұл зартханалық жұмыстың ерекшелігі психрометрлік кестені қолдануында. Эксперименттік тапсырмалар орындау барысында оқушылардан ұқыптылық, дәлдік қасиеттері талап етілу, қауіпсіздік ережелерін толық сақтау қадағаланды.
9-сынып оқушыларымен «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау», «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау» тақырыбында зертханалық жұмыс өткізілді. Әр оқушының белсенділігі мен шеберлігіне байланысты өлшеу нәтижелері әртүрлі көрсеткіштерге ие болды. Маятниктің түрлерін практикалық тұрғыда пайдалана жұмыс жасағандықтан, бұл тақырыпты меңгеруде оқушылардың деңгейі жоғары болды.
10-сынып оқу бағдарламасына сәйкес ІІІ тоқсанда «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену», «Ток көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісін анықтау» екі зертханалық жұмыс өткізілді.
Ал 11 сынып оқушылары кең әрі ауқымды «Шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы», «Шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрін бақылау» тақырыбында зертханалық жұмыстар орындады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл бөлімнің зертханалық жұмыс барысы да күрделі болды.Әр оқушы өз деңгейінде орындағандықтан, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда кеңейтті деуге болады. 11 сынып оқушылары фотопленка, дифракциялық тор, шыны пластина сияқты оптикалық аспаптармен жұмыс жасады.
Жалпы ІІІ тоқсанда жүргізілген зертханалық жұмыстардың қорытындысына тоқталсақ, жұмыс барысында белгіленген мақсат өз деңгейінде орындалды. Теориялық білімдерін зертханалық жұмыс барысында жетілдіру, эксперимент жүргізуде практикалық жағынан шыңдалу,оқушылардың физика ғылымына деген қызығушылығын арттыру міндеті орындалды. 9,11- кластарда сабақтар оффлайн режимінде, қалған кластарда онлайн режимінде өтті.
Есеп беруші:Сағитова С.С