ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Атауы:Атлах-Талас шайқасы болған жер
Орналасқан жері: Жамбыл ауданы
Географиялық координаттары: 42,82573 71,474933
Тарихы: Мәдениет пен өнердің сан алуан түрі тоғысқан Орта Азия аймағы ертеден - ақ Шығыс пен Батыс елдерінің назарында болып келген мекен. Әлем елдері көз тігіп отырған аймақтың стратегиялық орны бүгінде қаншалықты маңызды болса ерте және ортағасырларда да сондай маңызға ие болған. Ортағасырлардың өзінде еліміздің шығысынан қытайлар жаулауды бастаса, батыста Араб империясының көз құртына айналған еді. Себебі шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы мен табиғи байлықтар, сәулетті қалалар мен мал-жанға жайлы жерлерді иелену кімді де болса қызықтырмай қоймайды.
Ортағасырларда Қытай мемлекетінде ішкі таластар пайда болып Хан әулеті Ұлы Қытай қорғанының батыс сыртына қарай бөлініп шығады. Олар бірте-бірте Жетісу аумағына ене бастайды. VІІ-VІII ғғ. Орталық Азияның тарихында түркі тайпалары өзара қақтығысып, тарих сахнасына шыққан мемлекеттер жеке-жеке бөлініп тұрғандығы тарихтан белгілі. Осындай ұрымтал сәтті тиімді пайдаланған Таң империясы Түргеш қағанатының иелігіндегі аймақтарды басып алады.
Дәл осы тұста Орта Азия даласына ислам дінінің де дендеп еніп келе жатқан уақыты еді. Арабтар Орта Азияға жорықтары барысында Қытайлықтармен шиелініске тап болады. Осындай ірі шайқастардың бірі 751 жылы қазіргі Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аумағындағы Талас өзенінің аңғарында болған. Қытай әскері мен мұсылмандар арасында жойқын ұрыс болып мұсылмандар жеңіп шығады. Оқиға тарихта Атлах шайқасы деген атпен қалады. Бұл соғыс жайлы Әл Мағдиси өз еңбегінде: «Бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» - деп жазады.
Жалпы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасын өзгеріске ұшыратты деуге болады. Себебі мұсылмандардың жеңісі түркі халықтарын қытайдың басқыншылық саясатынан, идеологиялық қысымдарынан арылуға және ислам өркениетінің дамуына жол ашты.
Әдебиеттер:
Жолдасов С. Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы. Алматы «Үш қиян» 2009. 88,95,97.
Қазақ тарихы (ғыл-әд. журнал) №2. Ғизатов Ж. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы 2009.18 б.
Доктор Рахман. Краткая история ислама. Москва. ІШМАН. 2003.189-190.
Бұлұтай М.Ж. Ата баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? Алматы «Білім» 2000. 242, 295.
Ислам және Өркениет №10. Қосалы А. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы «Бизнес-информ» 2006. 8 б.
Қазақстан тарихы.«Ата-мұра» (IV томдық), I т .Алматы. 1996. 480-482.
Название: Место Атлахо-Таласской битвы
Расположение: Жамбылский район
Географические координаты: 42,82573 71,474933
История: Средняя Азия это место, где переплились сотни видов культуры и искусства, это местос древнейших времен всегда было во внимании Востока и Запада. Это стратиграфически важное место, которое манило многие мировые империи в древние времени, так и остается сейчас таким же. В средние века китайцы начали завоевательные походы с востока евразийского материка, то империя арабов уже гремела войнами на Западе. Потому что, захват Великого Шелкового Пути, природные богатства, города с великолепной архитектурой, места с изобильем животных и растений это лакомый кусок для любого завоевателя.
В средневековье в Китайской империи проходят междоусобицы, в результате появляется династия Танов, который отделяется и переселяются на запад за Великой Китайской стеной. И потихонечку переселяются на территорию Жетысу. В VII-VIII вв по истории Средней Азии известно, что происходят столкновения между тюркскими племенами, и племена на исторической арене представляют отдельное государство. Пользуясь таким смутным временем, армия империи Тан захватывают территорию Тюргешского каганата.
Именно в это время на территории Средней Азии распространяется ислам. Арабы во время походов по Средней Азии столкнулись с китайцами. Один из таких крупных столкновений между арабами и китайцами проходило на границе Казахстана с Кыргызстаном, в долине реки Талас. Проходила кровополитная битва между мусульманами и китайской армией, где победителями вышли мусульмане. В истории это сохранилось под названием Атлахская битва. Аль-Макдиси пишет: «Эта война длилась 5 дней, где погибли 45 тысяч солдат и 20 тысяч взяты в плен из Китайской армии».
Можно сказать, что Атлахское сражение повлияло на изменение исторической, культурной и политической карты Средней Азии. Потому что, победа мусульман открыла дорогу для развития исламской религии, освободила тюрские племена от политического и идеологического давления китайской империи.