Файл: Біз кне заттар музейіндеміз. З дыбысы мен рпі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тексерілді:

Бөлімі:

Сауат ашу

Педагогтің Т.А.Ә




Күні:




Тобы/сыныбы:

Мектепалды даярлық сыныбы

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу қызметінің тақырыбы:

Қайшы неге ұқсайды? Х дыбысы мен əрпі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы).


Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:

Сөз, сөйлем сызбасын құру жəне оқу. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

ҰОҚ тінің барысы

ҰОҚ- тінің

кезеңдері/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

ҰОҚ басталуы

3 – 5 минут

Оқу қызметіне балалардың назарын тартып, педагог жағымды атмосфера құру үшін балаларды шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызады.

Педагог балалардың назарын слайдтағы қазақтың дəстүрлері туралы суреттерге аударады.

Педагог балалардың əңгімесін толықтырады.


Балалар өздеріне таныс дəстүрлер туралы əңгімелейді.

Салт-дəстүрлер

бейнеленген

слайдтар.


Негізгі бөлім
15-20 мин

Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Қандай дəстүрлерді көріп тұрсыңдар?

Педагог балаларға сюжетті суретті көрсетеді.

Тұсаукесер рəсімі туралы айтып береді.

Жаңа үй, жаңа жұмыс орнының ашылу салтанатында қызыл таспаны қию туралы дəстүрді де айтады.

2-тапсырма бойынша мəтінді оқиды. Қайшының қандай құрал екенін, оның қажеттілігін түсіндіреді.

Шаш кестіруге барғанда шаштараз шашты немен қияды?

Қайшы туралы сұраққа жауап береді. Педагог қайшыныңашық тұрғанда Х дыбысына ұқсас екенін түсіндіреді.

3-тапсырма. Достардың көңілді күлкілерін салу: «Хи-хи!»,«Хо-хо!», «Хи-хо-хи!» – деп күліп дыбыстайды.

4-тапсырма. «Қайшының əнін тыңдайды.

Педагог тақтадағы Х əрпінің бейнесіне ұқсас қайшының суретін іліп қояды.

Сергіту сəті.

Балалар орындарынан тұрып, тыныс алу жаттығуын жəне қол-аяққа арналған жаттығуларды Х əрпіне ұқсатып жасайды.

5-тапсырма. Хатқалтаның х-ға ұқсас бөлігін тапқызу. Хат, хатқалта сөздеріндегі х дыбысының орнын анықтату.

Хатқалтаның Х-ға ұқсас бөлігін сызғызу.

Хат сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Хат алыстағы адамдардың қарым-қатынас құралы екенін, оны пошташы тасып жеткізетінін педагог əңгімелеп түсіндіреді.

Алдымен педагог балаларға хат салатын хатқалта туралы түсіндіреді.

Оның бірінші бетінде хат баратын жердің мекенжайы жазылатындығын айтады. Екінші бетінің айқастырылып желімделгенін көрсетеді.

Педагог хатқалта жасауға көмектесіп, бүктеу сызықтарын көрсетіп тұрады.

6-тапсырма. Таяқшалар мен қыстырғыштардан х əрпін бейнелеп жазады.

Жазу жолына Х əрпінің баспа түрін жазады.

Жаңа үй, жаңа жұмыс орнының ашылу салтанатында қызыл таспаны қию туралы дəстүрді де айтады.
Қайшы туралы сұраққа жауап береді.
Балалар Х дыбысын дұрыс айтуға жаттығады.

Х – қатаң дауыссыз дыбыс жəне ауа кедергіге ұшырайды.
Балалар орындарынан тұрып, тыныс алу жаттығуын жəне қол-аяққа арналған жаттығуларды Х əрпіне ұқсатып жасайды.

Балалар төртбұрыштап кесілген қағаздан хатқалта жасайды.

Хатқалта дайын болған соң Х-ға ұқсайтын екінші жағындағы бүктемесін үзік сызықтармен бастырады.


Əліппе-дəптер.

Тұсаукесер жібі,

таспа.

Қайшының суреті.

Х əрпіне ұқсас

салынған

қайшының суреті.

Музыка əуені.

Хатқалтаның

суреті.


Əліппе-дəптер

Рефлексия.

Қорытынды бөлім

5 минут

Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды

Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды

Смайлик