Файл: Курс таырыбы 1 Кесіндерді негізгі трлері жне оны растыру Саба таырыбы 1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Курс тақырыбы №1: Кесіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру

Сабақ тақырыбы №1: 3D модельді құрудың негізгі кезеңдері

Жоспар:

  1. Модельдеу

  2. Материалдардың тағайындалуы

  3. Камера мен жарық көздерін орнату

  4. Визуалдау

3ds Max мысалында 3D модельді құру кезеңдері.

Үшөлшемді модельді құру үрлісін жалпы түрде елестетейік. 3ds Max бағдарламасымен жұмыс барысында үшөлшемді геометриялық нысандардың нақты жиынтығынан тұратын блоктар құрылады. Бұл координаталарды шартты түрде ұзындығы, ені, биіктігі деп атауға болады. Кез келген блок негізгі төрт кезеңін айқындауға болатын стандартты алгоритм бойынша қалыптастырылады (1-сурет).





1-сурет. 3D модельді құру кезеңдерінің сұлбасы

1-кезең. Модельдеу (геометриясын құру)

Геометрия құруда модельдеудің қарапайым тәсілдеріне нысандардың өзгеруі мен бірігуі, ал күрделі тәсілдеріне сплайндық, полигональдық модельдеу және симуляциялар жатады (2-сурет). Қарапайым тәсілде примитив элементтер таңдалады (мысалы, куб немесе шар) және арнайы модификаторлардың көмегімен өзгереді (мысалы, нысанда пішіні белгілі тесікті ойып алу керек: қабырғадағы терезе ойығы және т.б.). Модельдеудің күрделі тәсілдерін пайдалануда пішінді салуды немесе жасалатын нысанның көлемін келтіруді өзімізге жасауға тура келеді.





2-сурет. Модельдеу тәсілдерінің сұлбасы

2-кезең. Материалдардың тағайындалуы

Модельдің жасалуы пайдаланылған материалдар мен оларда қолданылған текстуралық элементтерге (ағаш, тас, су беті және т.б. фактурасын бейнелейтін кескіндер) байланысты. Материалдар редакторының параметрлері нысанды шынайы етіп көрсету үшін оның визуалды кескінін баптау бойынша көптеген мүмкіндікке ие.

3-кезең. Камера мен жарық көздерін орнату

Бұл кезеңде камера мен жарық көздері орнатылады. Жарықтандырудың негізгі, қосалқы реңкі және жарығы, көлеңкелердің тереңдігі мен ашықтығы, HDRI картасын таңдау, баптау және т.б. параметрлер визуалдауды баптау үшін беріледі. Бейне түсіретін камералар экспозиция
, перспектива, көру және бұрылу бұрышын басқарады. Одан басқа бақылаушының орналасу нүктесінің биіктігі «қатысу эффектісін» (адам бойының немесе құстардың ұшу биіктігінен көрінетін көрініс) ретке келтіреді.

4-кезең. Визуалдау

Бұл соңғы кезеңде нәтижесінде шығатын модельдің сапасына, өзгеретін кадрлардың түрі мен өлшеміне, сондай-ақ арнайы эффектілердің (жарқырау, камера линзаларындағы шағылысу, алау, бұлыңғырлық, тұман, көлемді жарық беру және т.б.) қосылуына баптау жүргізіледі. Әрбір кадрды шығару үрдісі нысанның күрделілігіне, пайдаланылатын материалдарға, модельдеу орындалатын компьютердің техникалық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Кез-келген жобаның «алғашқы, кейін түзетілетін» (жылдам, бірақ сапасы төмен) визуалдау баптауы болады. Сонымен қатар «соңғы таза» визуалдау болады, мұнда бейненің сапасы өте жоғары, бірақ бұл үрдіске көп уақыт жұмсалады.

Нәтижесінде кескін шынайы көрінуі үшін 3D модельдеудің барлық кезеңдерін орындап шығу керек: егжей-тегжейлі модельді жасау, оған шынайыға жақын материалды таңдау, жарықты қою және ракурсты таңдау, дұрыс баптауларын қою.

3D бағдарламаның ерекшеліктеріне қарай әрбір кезеңді бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мысалы, бірінші – геометриясын құру кезеңі төмендегідей бөлінеді:

  • модельдің (фигура) геометриялық қасиеттерін елестету, яғни қандай түрінде (қатты денелі, беттік немесе полигональдық) елестету керек екенін анықтау. Модельдің қандай фигуралардан, әрбір қарапайым фигура қандай жасаушы және бағыттаушыдан тұратынын анықтау қажет;

  • бастапқы нысанды немесе жұмыс кеңістігін таңдау (координата басы, проекция жазықтығы, координаталық осьтер және т.б.). мысалы, 3ds Max бағдарламасында 3D модельді жасаудағы алғашқы кеңістік 3-суретте көрсетілген, мұнда Координаталық тор режимі таңдалған.



3-сурет. 3ds Max бағдарламасындағы Координаталық тор

КОМПАС-3D бағдарламасында үшөлшемді нысандарды модельдеу жобалау жазықтығын немесе координата осін таңдаудан басталады.

Орындалу ретілігі:

  • нысан геометриясының ерекшелігін ескере отырып нобайды жасау;

  • Өсіру, Айналдыру, Кинематикалық және т.б. операцияларды қолданып 3D модельдерді жасау;

  • нысанның модельдеуін жалғастыру, мұнда нысанды жасау және түзету операциялары бірнеше рет қайталануы мүмкін (масштабтау, жуандығын келтіру, кесіп алу, айналдыру және т.б.).


КОМПАС-3D бағдарламасында 3D нысандарды қатты денелі модельдеу.

3D модельді жасау үшін Тетік (Деталь) құжатын таңдау қажет. Ашылған терезеде (4-сурет) Бас мәзір (Главное меню), Ықшам құралдар панелі (Компактная панель инструментов), Нысанның құрылымдық тізімі (Дерево модели)және басқа басқару элементтері орналасқан.



4-сурет. КОМПАС-3D бағдарламасындағы Тетік құжатының терезесі

Нысанның құрылымдық тізімінде (Дерево модели) нобайларды салу жазықтықтары (XY, ZX, ZY), осьтер (X, Y, Z), 3D модельді салу кезінде орындалатын нобайлар мен операциялар белгіленген.

Ықшам құралдар панелі (5-сурет) Құралдар панельдерін таңдауға арналған ауыстыру батырмаларынан тұрады: Тетікті түзету (Редактирование детали), Кеңістіктік қисық сызықтар (Пространственные кривые), Беттер (Поверхности) және т.б.



5-сурет. Ықшам құралдар панелі

Көрініс (Вид) панелінде (6-сурет) модельді кескіндеу көрінісн басқаратын батырмалар берілген. Мысалы, Барлығын көрсету (Показать все) батырмасын басқанда, экранда құжат толығымен көрсетіледі. және батырмаларының көмегімен суретті сәйкесінше жылжытуға не бұруға болады. Бағыт-бағдар (Ориентация) батырмасын шерткенде, салынып отырған модельдің бағытын таңдау тізімі шығады (7-сурет).



6-сурет. Көрініс (Вид) панелі



7-сурет. Модельдің бағытын таңдау тізімі

Ағымдағы күйі (Текущее состояние) панелі (8-сурет) ашық тұрған құжаттың ағымдағы күйінің параметрлерін көрсетуге арналған. Бұл құралдар панелі 2D құжаттың панеліне ұқсас, Нобай (Эскиз)
батырмасы негізгі батырмалардың бірі саналады, ол келесі 3D операциясына арналған жазықтықтық нобайды салуда қолданылады.



8-сурет. Ағымдағы күйі (Текущее состояние) панелі

КОМПАС-3D бағдарламасында қатты денелі модельдерді салу үшін Тетікті түзету (Редактирование детали) құралдар панелінде орналасқан операциялар пайдаланылады:

  1. Өсіру (Выдавливания) нобайды оның жазықтығына перпендикуляр бағытта өсіру үшін қолданылады;

  2. Айналдыру (Вращения) нобайды оның жазықтығында орналасқан ось айналасында айналдыру үшін пайдаланылады;

  3. Кинематикалық (Кинематическая) нобайды көрсетілген бағыттаушы бойымен жылжыту үшін қолданылады;

  4. Қималар бойынша (По сечениям) бірнеше нобай-қима бойынша денені салу үшін қолданылады.

Тапсырма

  1. Ықшам құралдар панелі, Көрініс, Ағымдағы күйі батырмаларының не үшін арналғанын өздігінен игеріңдер. Қажет болған жағдайда КОМПАС-3D бағдарламасының анықтамалық жүйесін пайдаланыңдар, ол пернетақтадағы F1 пернесін басу арқылы ашылады.

  2. Тетікті түзету құралдар панеліндегі операцияларды зерттеп, 1-кестедегі «Операциялардың тағайындалуы» бағанын толтырыңдар.

1-кесте

Тетікті түзету құралдар панелінің операциялары



Өсіру және Айналдыру операцияларымен геометриялық 3D пішінін түрлендіру мысалдары сәйкесінше 2 және 3-кестелерде көрсетілген.

2-кесте

Өсіру операциясымен геометриялық денелердің пішінін түрлендіру



Өсіру операциясымен геометриялық денелердің пішінін түрлендіру үрдісін игеріңдер (2-кесте). Қисық конусты алу үшін нобайдың пішіні қандай болу керек?


3-кесте

Айналдыру операциясымен геометриялық денелердің пішінін түрлендіру