Файл: Реферат таырыбы й тапсырмасын орындауа ойылатын гигиеналы талаптар. Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Үй тапсырмасын орындауға қойылатын

гигиеналық талаптар.

Жоспар:

1.Үй тапсырмасының мөлшері.

2.Үй тапсырмасын орныдау тәртібі.

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады және үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып,толықтырып отырса,онда олардың алған білімдері терең және берік болады.Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі,үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі,ойлау қабілеті артып,өздігіненбілім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға,қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады,сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады,өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді,оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып,өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі,оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

1.Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.

2.Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен,олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.

3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес,мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.

4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

5.Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы,көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруге байланысты.

6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.

7.Үй тапсырмасын тексеру мен бағалау барысында мұғалім,оның орындалу сапасына айрықша мән беріп жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

8.Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып ,үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.


9.Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.

Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра,оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:

I-II сыныптарда -1 сағат;

III-IV сыныптарда 1,5 сағат;

Сонымен қатар ,оқушылардың сенбі,жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді.Үй тапсырмасы мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғандықтан лоар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып,оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн. Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс.Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет.Оны ата-аналар ұйымдастырып,бақылап,жағдай жасап отыруы тиіс.Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып,дер кезінде тамақтанып,тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.

Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындалуы.Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың үй тапсырмасы – өз бетімен білім алудың алғашқы қадамы. Үй жұмысы оқушы ойының және дәлелдемелерінің жолдарын, тәсілдерін және құралдарын өзі іздеуге мәжбүр ететін болғандықтан ол оқушының ойлау іс – әрекетін шапшаңдатады. Қасында мұғалім не жолдастары болмағандықтан, жұмыс барысында өзін – өзі бақылауға үйретеді, еңбекті ұйымдастыру білігі мен дағдыларын қалыптастырады.Үй тапсырмасы шағын шығармалар жазуға арналып, сонымен қатар қоршаған орта туралы байқағандары мен бақылағандарын қорытып жазуы сияқты оқушы құзіреттілігін дамытатын жұмыс түрімен ерекшеленуі мүмкін.

Бастауыш сынып оқушыларының үй тапсырмасын өз бетінше орындау жауапкершілігін қалыптастырудың тиімді жолдары


Үй тапсырмасын орындау – маңызды әрі жауапты іс.

Оқушының өзі дәл осындай сенімде болуы тиіс. Сабақтар күн тәртібіндегі қатаң бекітілген уақытта, толық тыныштықта орындалуы керек. Отбасының барлық мүшелері бұл еңбекке деген құрметін білдіруі тиіс: ешкім және ешбір нәрсе баланы алаңдатпауы керек. Балада міндетті түрде жарықтандыруы жақсы және ыңғайлы орындығы бар жұмыс орны болуы керек. Еденде, асүйде, төсекте сабақ оқу тәртіпке жатпайды, керісінше бұл – баланы осындай маңызды үдеріске деген алаңғасарлыққа тәрбиелейді.

Балаға үй тапсырмасы барынша қолайлы жағдайларда орындалуы тиіс. Ата-аналарға баланың тиімді жұмыс істеуіне не көбірек әсер ететінін білу қажет, бірақ бұны баланың өзінен сұрау керектігін ұмытпау қажет.

Баланың дайындалатын кеңістігінен өзге оқу барысында үлкен рөл ойнайтын көзбен шолатын факторлар және тіпті көзге түсетін элементтер де бар. Кейбір балалар пижамада немесе жаттығу шалбарында үй тапсырмасын шабыттанып орындайды, басқалары жанында сусын мен дәмтатым болғанын қалайды, тағы біреулері үй тапсырмасын орындағанда музыка тыңдағанды жөн санайды. Біреулерге ата-анасының көмегі қажет болып жатса, басқалары өз-өздігінен орындайды.Баладан оған қандай жағдайда үй тапсырмасын орындау қолайлы екенін біліп алыңыз, бірақ егер Сіз, кейбір сәттерге келіспесеңіз өз көздегеніңізді сақтап қалуға дайын болыңыз.

Балаға үй тапсырмасы барынша қолайлы жағдайларда орындалуы тиіс. Ата-аналарға баланың тиімді жұмыс істеуіне не көбірек әсер ететінін білу қажет, бірақ бұны баланың өзінен сұрау керектігін ұмытпау қажет. Баланың дайындалатын кеңістігінен өзге оқу барысында үлкен рөл ойнайтын көзбен шолатын факторлар және тіпті көзге түсетін элементтер де бар. Кейбір балалар пижамада немесе жаттығу шалбарында үй тапсырмасын шабыттанып орындайды, басқалары жанында сусын мен дәмтатым болғанын қалайды, тағы біреулері үй тапсырмасын орындағанда музыка тыңдағанды жөн санайды. Біреулерге ата-анасының көмегі қажет болып жатса, басқалары өз-өздігінен орындайды. Баладан оған қандай жағдайда үй тапсырмасын орындау қолайлы екенін біліп алыңыз, бірақ егер Сіз, кейбір сәттерге келіспесеңіз өз көздегеніңізді сақтап қалуға дайын болыңыз. Жұмыс орнын таза, жақсы жарықтықта ұстаңыз, барлық керексіз заттарды тығып қойыңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан".

2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент