Файл: 1жргізуші Армысыздар ардаты аайын, лаатты стаздар! 2 жргізуші.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-жүргізуші:

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші:

Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.

3-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

1- жүргізуші;

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Ортада 5-6 класс оқушылары «Вальс»
1 Жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

2 Жүргізуші:

Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, Имашева М А берледі

3 Жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

1 Жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып « жана жыл »

Темірхан Нұрасылдың орындауында .

2 Жүргізуші:

Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып
.

Жыл басына таласқан хайуандар ертегісі тамашалайық

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:

— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.ұе

Түйе айтады:

— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:

— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.
- Ескі жылымыздың құрметіне сыныптың орындауында Хор. Қарсы алыңыздар.



3 Жүргізуші:

Әнші де құс үні бар,

Кірсең кештің сәні бар.

Салайықшы шарықтап.

Жаңа жылдың әніне

Ал ағайын тұрмайық

Жаңа жылды жырлайық.
Тоқтарбаева Кәусардың орындауында жана жыл ән. Қарсы алыңыздар.
1 -Жүргізуші:

Ал балалар сіздерді ортаға ойынға шақырамын Ойын :

1- Жүргізуші:

Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!

(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)

2 Жүргізуші:

Келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.

Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

3 Жүргізуші:

Сыңғырлашы сырнайым,

Жаңа жылды жырлайын.

Шашбаулы қыз сырғалы,

Ақша қарды тыңдайық.

Ақша қар:

Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен маймыл жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тауық
жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

1 Жүргізуші:

Жаңа жыл жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Қой айтады:

— Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:

— Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

2 Жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
6 кл Ән хор жана жыл
1 Жүргізуші

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Сезім орындауында жана жыл әні

1 Жүргізуші

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар

Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.
2 Жүргізуші: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне сынып орындауында би. Қарсы алыңдар.
Ортада сынып оқушысы орындауында ән. Тауық айтады:

— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:

Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бөрі қарасып тұрады.   Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.


Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.

1 Жүргізуші:

Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

(Аяз ата, ақша қар кетеді.)
6 кл Ән хор жана жыл
3 Жүргізуші:Құрметті достар!

1 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

2 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.

3 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!