Файл: Модуль. Жеке бас тазалыын жргізгенде науаса кмек крсету Таырыбы Теріні кту, жауыржара мен сужауырды алдыналу жне оларды емдеу.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Орал «Мақсат» медициналық колледжі» ЖМ
БЕКІТІЛДІ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

____________________ Трушкова М.И.

Оқу –әдістемелік кешен

Модуль. Жеке бас тазалығын жүргізгенде науқасқа көмек көрсету

Тақырыбы: «Теріні күту, жауыржара мен сужауырдың

алдын-алу және оларды емдеу»
_____Медбикелік ісі негіздері____________________ пәнінен
_3__ курста білім алушыларға арналған
__0302000 «Медбикелік іс» ____ мамандығы бойынша

ҚАРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРДЫ

__4______ циклдік
әдістемелік комиссия отырысында А.С. Рыскалиева
Хаттама № _____ _____________

«_______» ____________ 2014 ж.
ЦӘК төрайымы _________ В.М. Сайгакова


МАҚҰЛДАНДЫ

Колледж әдіскері _____ С.О. Коцелл

2014 ж

II. Блок: Студенттердің өзіндік жұмысы
Блоктың мақсаты: Гигиеналық іс-шараларды жүзеге асыру барысындағы мейірбикенің қарым-қатынасын сақтаудың басты мәселелері. Пациенттің төсекте жату жағдайлары, пациентті орналастыру. Төсек – жаймасын дайындау. Іш-киімдерін, төсек жаймаларын ауыстыру. Ойылудың пайда болатын орындары, ойылудың даму сатылары. Ойылудың алдын алдын алу шаралары. Зәрқабылдағыш ыдысты беру. Жыныс мүшесі мен шат аралығын күтуді стандартқа сай орындауға дағдылану.

Оқушы істей білуге тиіс:

  • Ойылған жерді күту мен оның алдын алу жоспарын құруды;

  • Пациенттің дұрыс биомеханикасын және оны жылжыту техникасын есепке алып отырып төсек жаймасын, ішкі киімдерін ауыстыруды;

  • Пациентті шалқасынан, ішінен, қырынан және Фаулер, Симс жағдайлары бойынша жатқызуды;

  • Пациенттің белсенділігін қадағалауды;

  • Ойылудың пайда болу дәрежесін анықтай отырып, ойылумен бозданудың алдын алу жұмыстарын жүргізуді;

  • Теріні күтуді;

  • Күтуге арналған заттарды зарарсыздандыруды;


Оқушының жұмыс орнын жабдықтау

  • Іс-әрекет стандартары, оқу кестелері, мақта шариктері бар бикс, функционалды төсек, муляж, іш киім жөне төсек орыны, зәр қабылдағыш, клеенка, корнцанг, леген, Эсмарх саптыаяғы, құмыра, мақта тампондар, салфеткалар, сүлгі, сабын, резеңке дөңгелек, жөргек, жастық қап, резеңке қолғап, лоток, қалақшалар, пинцеттер, қысқыш, Жане шприці, клеенка, көзге, мұрынға, құлаққа арналған тамызғыш (бөлек), көзге арналған шыны таяқша, көз майы, көз, мұрын, құлақ тамшылары, вазелин майы,


-антисептикалық ерітінділер: 10% - камфора спиртінің ерітіндісі, сірке ерітіндісі, 1% салицил спиртінің ерітіндісі, 70% этил спирті су (1:1), фурацилин ерітіндісі 1:5000, 0,5% калий перманганат ерітіндісі, 5-10% калий перманганат ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі, 10% және 0,5% хлор ерітіндісі.
Өздік жұмысты орындау

Өздік жұмыс орындау кезіндегі әдістемелік көрсеткіштер.

Оқушылар екі-екіден жұмыс жасайды. Әр үстелде сабаққа керекті құрал жабдықтар, тапсырмалар және тақырыпқа байланысты іс- әрекет алгоритмдері тұрады.

Оқушылар тапсырма алғаннан кейін үстелден үстелге ауысып жұмыс жасай бастайды, одан кейін оқытушыға есеп беріп келесі тапсырмаға көшеді.
Тәжірибелік манипуляциялар
Тапсырма № 1 Теріні сүрту

Тапсырма № 2 Ойылудың алдын алу

Тапсырма №3 Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру

Тапсырма №4 Науқасты Симс жағдайында орналастыру

Тапсырма №5 Науқасты «иек-бетімен жату» жағдайына жайғастыру

Тапсырма №6 Науқасты «арқасымен жатқызу» жағдайына жайғастыру

Тапсырма №7 Науқасты «қырынан жатқызу» жағдайына ауыстыру

Т апсырма № 1. Теріні сүрту (қалі ауыр науқастардың терісінің күтімі)

Мақсаты : Науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.

Көрсетім: Төсек тәртібіндегі науқас.

Жабдықтау: мақта тампондары, сүлгі, салқын және ыссы су (36-37 0 С), медициналық термометр, леген, қолғаптар.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

1. Жылы суға батырылған губка арқылы науқасты жуындырыңыз (бетін, мойнын, қолдарын). Сосын теріні құғақ орамалмен кептіреміз.

  1. Науқастың терісін жылы суға немесе антисептик ерітіндісіне батырылған орамал ұшымен күніне 2 рет сүртіңіз (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, сірке ерітіндісі 1 стакан суға 1
    қасық, 70% этилспирті, 1% салицил спирті). Терісі кепкенше сүрту керек.

  2. Әсіресе жақсылап әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері қабаттарын жуып кептіріңіз.

  3. Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын аптасына екі-үш рет легенде жуыңыз, легенді төсектің аяқ жағына орналастырыңыз.

  4. Науқастың тырнақтарын тұрақты түрде аптасына бір рет алып отырыңыз, теріні жарақаттап алмау үшін кішкентай қайшы қолданыңыз.

Жалпы тәртіптегі науқастар егер, қарсы көрсеткіштер болмаса ваннада немесе себезгіде 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады.


Тапсырма №2 Ойылудың алдын-алу


Мақсаты: Ойылудың алдын алу.

Көрсетім: Науқастардың ұзақ уақыт бойы бір қалыпта жатуы.

Жабдықтау: резеңке дөңгелек, пеленка, 10% аммиак қышқылы, камфор спирті,

ойылуға қарсы матрас, функционалды кереует.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

1.Екі сағат сайын науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отырыңыз, ойықтардың пайда болу жерлерін қарастырыңыз.

  1. Төсектің жағдайын бақылап отырыңыз - онда қалдықтар, бүктеулер болмауы тиіс.

  2. Кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отырыңыз.

  3. Құйымшақтың астына, жастық тысына салынған немесе жаялықпен жабылған резеңке дөңгелекті салыңыз, ал өкше және жауырын,шынтақ, қарақұстың астына мақта-маталы дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің тесігіне құйымшақ дәл келу керек.

  4. Ойылуға қарсы матрас қолданыңыз.

  5. Таңертең және кешке теріні өңдеп отырыңыз жылы су және 10% камфора спиртінің ерітіндісіне, 70% этил спиртінің ерітіндісіне, 1% салицил спирт ерітіндісі, сірке ертіндісіне (бір стакан суға 1 ас қасық) батырылған мақта тампонмен ойылу пайда болу мүмкін жерлерді сүртіңіз. Осы тампонмен теріні сүрткенде жеңіл уқалаңыз.

Тапсырма №3 Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру




Мақсаты: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету (гемиплегия, параплегия, тетраплегия кездерінде), ойықтардың алдын-алу, физиологиялық бөліністерін төсек жағдайында алуға мәжбүр болған кездерде.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа алдағы емшараның орындалуы жайында түсіндіру, оның емшараны түсінгендігіне көз жеткізу және оған науқастың келісімін алу.

  2. Науқастың жағдайын және қоршаған орта жағдайын бағалау. Кереуеттің тежегіштерін бекіту.

  3. Көрпеден жастықша дайындаңыз, аяқты тіреу үшін.

  4. Кереуеттің мейірбике тұрған жағындағы қолға ұстайтын тұтқасын төмен түсіріңіз.

  5. Науқас кереуеттің орта тұсында арқасымен жатқанына көз жеткізіңіз.

  6. Кереуеттің бас жағын 45-60-90 0 жоғары көтеріңіз, 30 0 төмен Фаулер жағдайы, немесе үш жастық қойыңыз: кереуетте тік отырған адам жоғарғы Фаулер жағдайында болады.

  7. Науқастың тізе буынының астына жастық немесе бүктелген көрпені қойыңыз.

  8. Тек бас жағы ғана көтерілген жағдайда науқас басының асына кішкене жастықшаны қойыңыз.

  9. Егер науқас өздігінен қозғала алмайтын болса, онда білегінің және қол саусақтарының астына жастық қойыңыз, білек және білезік буындары аздап жоғары көтеріліп, алақандары төмен қарап орналасулары керек.

  10. Науқастың бел астына жастық қойыңыз.

  11. Тізесінің астына жастық ша қойыңыз.

  12. Өкше тұсына кішкене жастықша қойыңыз.

  13. Аяқтарын 90 0 ұстап тұру үшін тірегішпен қамтамасыз етіңіз (қажет болған жағдайда).

  14. Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Екі жағындағы тұтқаны көтеріңіз.

  15. Қолыңызды жуыңыз.








Фаулер қалпы ; бұрышы – 60 градус бұрышы – 45 градус

Тапсырма №4. Науқасты Симс жағдайында орналастыру іс-әрекет алгоритмі:
Мақсаты: Науқасты Симс жағдайына орналастыру

Көрсетім: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету, ойылудың

алдын-алу, ойықтар кезінде науқастың төсектегі қалпын ауыстыру үшін.

Жабдықтар: 2 жастық, жастықша, аяқ тірегіштер

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа алдағы емшараның орындалуы жайында түсіндіру, оның *процедураны түсінгендігіне көз жеткізу және оған науқастыңкелісімін алу.

  2. Науқастың жағдайын және қоршаған орта жағдайын бағалау. Кереуеттің тежегіштерін бекіту.

  3. Қосымша жастық, валиктер, аяқ тірегіштер, резеңке доптар дайындаңыз.

  4. Кереуеттің мейірбике тұратын жағындағы қол ұстағыштарын босатыңыз, егер олар бар болған болса.

  5. Кереуеттің бас жағын горизонтальды жағдайға келтіріңіз, немесе басындағы жастықты алып тастаңыз.

  6. Науқасты арқасына жатқызыңыз.

  7. Науқасты кереуеттің шет жағына қарай жылжытыңыз.

  8. Науқасты жартылай қырымен, жартылай ішімен жатқан жағдайға келтіріңіз.

  9. Науқастың басының астына жастық салыңыз.

  10. Кеудесінің үстінде жатқан қолының астына, иық белдеуінің тұсына жастық қойыңыз, екінші қолын төсектің үстіне қойыңыз. Бос саусақтарын резеңке допқа қойыңыз.

  11. Үстіңгі бүгілген аяғының астына жастық қойыңыз, аяғы жамбас деңгейінде болатындай етіп.

  12. Табандарының алдына құм салынған қап немесе басқа аяқ тірегіш қойыңыз.

  13. Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Төсегін, ақжаймаларын тегістеп жазыңыз. Қолға ұстайтын тұтқасын көтеріңіз.

  14. Қолыңызды жуыңыз.



Тапсырма №5 Науқасты «иек-бетімен жату» жағдайына жайғастыру
Бұл емшараны бір немесе екі мейірбикенің көмегімен орындайды.

М ақсаты : науқасқа төсекте ыңғайлы қалып орнату

Көрсетім: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету, ойылудың

алдын-алу, ойықтар кезінде науқастың төсектегі қалпын ауыстыру үшін.

Жабдықтар:
функционалды кереует, 2-жастық, 8 жастықша.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа алдағы емшараны түсіндіріп, келісімін алыңыз;

  2. Оның жағдайын бағалу, кереуеттің тежегішін бекіту.

  3. Қосымша жастық, аяғына арналған тіреуіш, ½ резеңке допты дайындаңыз;

  4. Кереуеттің екі жағындағы тұтқаларын түсіріңіз.

  5. Кереуеттің бас жағын көлденеңнен жағдайға келтіріңіз немесе жастықтарды алып тастаңыз.

  6. Дененің жансызданбаған жағына қарай науқасты кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз.

  7. Кереуеттің басқа жағына шығыңыз. Тіземен кереуеттің шетіне тұрып науқасты жансызданған жағымен аударыңыз.

  8. Науқастың ішіне қарай жастықты қойыңыз.

  9. Жансызданған қолының шынтағын түзеп кеуде тұсымен жатқызып мықын үстіне қойыңыз.

  10. Науқасты жансызданған қолы арқылы абайлап іщімен жатқызыңыз.

  11. Науқастың басын жансызданған жағына қарай бұрыңыз.

  12. Екінші қолын төсектің басына қарай көтеріп, қолының басын ашып ½ резеңке добын ұстатыңыз.

  13. Екі тізесін бүгіп, сирақтарының астына жастық қойыңыз.

  14. Жастықтың көмегі арқылы науқастың аяғының басын матрацтан 90 0 болатындай етіп жоғары көтеріңіз.

  15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Төсектің тұтқаларын көтеріңіз.

  16. Қолыңызды жуыңыз.



Тапсырма №6 Науқасты «арқасымен жатқызу» жағдайына жайғастыру

(бір ғана мейірбике орындайды)

М ақсаты : Науқасқа төсекте ыңғайлы қалып орнату

Көрсетім: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету, ойылудың

алдын-алу, ойықтар кезінде науқастың төсектегі қалпын ауыстыру үшін.

Жабдықтар: функционалды кереует, 2-жастық, 4- жастықша.

қолды тіреуге арналған көпшік-2, аяқ тіреуіш ( құмды қапшық).

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа алдағы емшараны түсіндіріп, ке лісімін алыңыз.

  2. Айналаның және науқастың жағдайын бағдарлаңыз.

  3. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

  4. Жастықшаларды, аяққа арналған тіреуіштерді, көрпеден жасалған жастықшаларды дайындаңыз.

  5. Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің тұтқаларын төмен түсіріңіз.

  6. Кереуеттің бас жағын төмен түсіріп (артық жастықшаларды алу), төсек көлденең жағдайда болуы керек. Науқастың төсек ортасында жатқанына көз жеткізіңіз.

  7. Науқасқа дұрыс жағдай туғызыңыз.

  • Басына жастық салыңыз;

  • Алақандарын төмен қаратып қолдарын кеуденің бойымен орналастырыңыз;

  • Аяқтарын жамбас – сан буындарының бойымен орналастырыңыз.