Файл: Викторина Организм жне мір сру ортасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Экология және біз.

Мақсаты:

1. Экологиялық тәрбие, өмірде кездесетін есептерді шешуге дайындау. Оқушылардың табиғат заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту арқылы табиғат - тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіндіру;

2. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен өзара үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту;

3. Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу;
Міндеті: танымдық белсенділігін дамыту, мәселеге қызығушылығын тудыру, шығармашылық ойын дамыту, оқушылардың табиғатпен үйлесімділікпен өмір сүру, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағатының жоспары:

1. Кіріспе

Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені.
*Маралдың мұңы...

*Шағаланың шаңқылы...

*Ананың зары...

*Табиғатым - тағдырым.

*Өзімізге, өзгеге жасамайық қиянат!

2. Негізгі бөлім Экология - ел амандығы
*Викторина «Организм және өмір сүру ортасы»

*Викторина «Адам және биосфера»

*Викторина «Табиғатты сақтау»
3. Қорытынды бөлімі

*Менің айтар сөзім...

*Адам - табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры және қорғаушысы.

*Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

*Табиғатқа менің айтар тілегім...
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші:

«Экология» сөзі барлық бұқаралық ақпарат құралдарында және күнделікті әңгімемізде жиі айтылып жүр. Бұған таңқалудың қажеті бар ма? Әрине, жоқ.

Планетамызда цивилизация адамзат үшін көп игілікпен қатар жаңа проблемалар тудырып жатыр. Бұл проблемалардың өткір бола бастағаны соншалық, ол туралы үндемей қалуға болмайтын болды. Ең бірінші ғалымдарымыз дабыл қақты. Одан соң мед.қызметкерлер қосылды. Бұл проблемалар туралы журналистер мен саясаттанушылар да айтудан қалыс қалмады.

Қайта қайта айтудан барлық адам ауаның тазалығы, жердің тазалығы, жердегі орман алқаптарын сақтау, зияндылықтар және тағы басқалар туралы түсінуі- табиғатты қорғауға қатысты іс әрекеттер, белгілі бір шешімдер жасайды деуге келмейді.
«Табиғатты қорғайық, аялайық!» атты фильмді бірге көрейік.
2 - ші жүргізуші: Отан, атамекен, туған жер деген ұғымдары бір - бірімен мәні мағыналас, бірін - бірі толықтырып тұратын қастерлі де қасиетті сөздер. Бұл сөздерді естігенде әрбір адамның жүрегіне жылылық сезім ұялап, жүзінен нұр шапағаты айқын сезіледі.


1- жүргізуші: Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары - біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа - адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу - біздің міндетіміз.

2 - жүргізуші: Әртүрлі факторлардың әсерінен Арал теңізінің айдынының тартылуы мен экологиялық жағдайының бұзылуы - ғаламдық апатқа әкелді.

1 - жүргізуші: Арал өңірінде туындап отырған экологиялық апат әсерінен жыл өткен сайын теңіз суы тартылып, оның фаунасы мен флорасы жойылуда.
Фильм көрсетіліп тұрады...
Маралдың мұңы:

Ең соңғы аңы Аралдың маңыраған маралмын,

Аңыраған қалпымда айдалада қаламын.

Енді қашан Аралдың мөлдіріне қанармын?

Жас орнына қан ақты жалт - жұлт еткен жанардан.

Қай пендеге қарармын, қай кәдеге жарармын?

Құмда жатқанМаралмын, мұңға батқан Маралмын.
Шағаланың шаңқылы:

Шаңқылдаған шағаламын, теңіз бойын жағаладым,

Су орнына құмға батып, қанатымды сабаладым.

Шаңқылдаған шағаламын, теңіз төсін сағаладым,

Айдынымнан айрылғанда, қандай мекен таба аламын?

Шаңқылдаған шағаламын, шаршадым ғой, демаламын,

Аралыммен мен де бірге, мәңгілікке жоғаламын.
Ананың зары:

Ақ тілегімді омырауымнан ағызып, көздің жасын көкірегіме тамызып,

Айдалада қарағым, аңыраған Анамын.

Ашық аспан заманында, айдың, күннің аманында,

Қайғы жауып қабағын, қапаланған Анамын.

Көрге айналып мекені, жасқа толып етегі,

Еңіреген Анамын, енді маған пана кім?
Кәкімбек Салықов «Арал кеуіп кетпесін...»

Арал кеуіп кетпесін... Арал кеуіп,

Марал кеміп кетпесін.. Марал кеміп.

Табиғаттың тәніне түскен ұшқын,

Талмау жерден тиеді маған келіп.

Қос дария толқытқан Арал қайда?

Шөлейт басып, алапат таралмай ма?

Көк теңізде шалқыған ақ кемелер

Құмда қалды, айдынға бара алмайды.

Киіктердей түбекке қысы қалың,

Қазір заулап жетердей қысыламын.

«Беу, адамдар, Аралды сақтайық!»- деп,

Ақ көгершін өлең - құс ұшырамын.

Енді викториналық сұрақтарға жауап беруді бастайық...

Викторина «Организм және өмір сүру ортасы»

  1. Экология деген не? (Экология бұл )

  2. Биосфера деген не?

  3. Не үшін құстар мысалы сауысқан тағы басқа құстар құмырсқа илеуіне қонады?

  4. «Биосфера-2» туралы не білесіңдер?

  5. Қай өсімдікті тірі бағдаршам деп атайды?

  6. Жер шарындағы ең маңызды зат не?

  7. Леонардо да Винчи суды не деп атады?

  8. Бір тәулікте ересек адамға қанша су қажет?

  9. Біздің еліміздегі көлдер туралы не айтасыздар?

  10. Ең пайдалы көл?


Викторина «Адам және биосфера»

  1. Ластану деген не?

  2. Климат неге өзгереді?

  3. Қай теңіз өліп бара жатыр?

  4. Теңіздердің ластануының бірден бір себебі неде?

  5. Энергияны көп тұтынудың қаупі неде?

  6. Ең экологиялық таза энергия көзі не?

  7. Синтетикалық жуу құралдары несімен қауіпті?

  8. Адамдар неге жеке су тазалау құралдарын сатып алып жатыр?

  9. Су құбыры қашан пайда болды?

  10. Радиоактивті қалдықтар туралы не білесің?

  11. Озон тесіктері туралы не білесің?

  12. Нитраттар мен пестицидтер деген не?

  13. Атом станцияларындағы авариялар неліктен қауіпті?

Жүргізуші жауабы стандартты емес болып табылатын тапсырмаларды ұсынады?

  1. Мектепте әрбір оқушы мәселені түбегейлі түсінбегендіктен, кейбірі айтарлықтай мән бермейтіндіктен энергияны үнемдеуді біле бермейді. Сіз энергияны үнемдеу мәселесін шешудің қандай жолын ұсынар едіңіз?

  2. Мектепте барлық оқушы мектеп тазалығын сақтауда, ауаның тазалығын сақтау да тәртіпті сайтай бермейді. Қоқыс, сағыз, түкіру, пісте қалдығы сияқтылар ешкім көрмей қалса мектеп қабырғасында кездеседі. Осы мәселені шешудің қандай жолын айтар едіңдер?

Оқушылар ойланып жатқанда, мынадай алдын ала дайындалған кеңестер айтылады:

-Пластмасса және өмір!

- Пластмасса – бұл химия!

- Ол денсаулыққа өте қауіпті!

- Одан улану қаупі бар!

Шәй, кофені пластмассадан ішпеңіз!

Пластмассаны өртемеңіз!

Викторина «Табиғатты сақтау»

  1. Қызыл кітап қашан құрылды?

  2. Тынық мұхитындағы қорықты атаңыз?

  3. Тропикалық ормандар туралы не білесің?

  4. Табиғатты қорғаудағы қандай ұлттық дәстүрлер туралы білесің?

  5. Ең үлкен қорық қайда орналасқан?

  6. Хайуанаттар бағы не үшін қажат?

  7. Ноя принципі деген не?

  8. Құстар бағы туралы не білесің?

  9. ҚР-да қандай қорықтар бар?

  10. Түркістан облысында қандай қорықтар бар?

  11. Балаларға арналған тропикалық орман туралы білесің бе?

Қорытынды

Жүргізуші: БҰҰ –ның қоршаған орта және оның дамуы туралы конференциясы – біздің ғаламшарымыздағы тарихи оқиға болды. Ол 1992 жылы маусым айында өтті. 179 мемлекет қатысты. Онда қабылданған бағдарлама «ХХІ ғасырдың күн тәртібі» деген атау алды. Бағдарламаның басты мақсаты –адамзат және биосфераны тұрақты дамыту болды. Егер мүмкіндік болса, сіз сол жерде жиналған аудиторияға қандай сөздер айтар едіңіз?