ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақпараттық құқық-бұл жүйелі құқық,қоғамдағы ақпаратты алу,беру,тарату,өңдеу,айырбастау сияқты қатынастарды реттейтін құқық саласының бір түрі.

Ақпараттық құқықтық қатынастар-бұл қоғамдық қатынастың бір түрі,екі немесе одан да көп субьектілердің арасындағы ақпаратты алу,беру,тарату,өңдеу,айырбастау сияқты қатынастарды реттейді.

Ақпараттық құқықтағы құқықтық реттеу механизмдері-бұл ақпаратық құқық салаларының ақпараттық қатынастарға әсер ету механизмдері.

Бұйыру-қоғамдық қатынасқа қатысушылардың барлығы құқықтық нормалардың талаптарына қарай әрекет етуі.

Тыйым салу-қоғамдық қатынасқа қатысушыларға құқықтық нормаларда көрсетілген кейбір іс-әрекеттерді жүзене асыруға тыйым салынады.

Ерік беру-қоғамдық қатынасқа қатысушыларға заңдық маңызы бар кейбір іс-әрекеттерді орындауға немесе өз еркі бойынша орындамауға рұқсат етілмейді.

Диспозитивтік әдіс-бұл әр-түрлі тұлғалардың осы норма реттейтін қатынастардағы мәселелерді өз еріктерімен реттеуі.

Императивтік әдіс-бұл қатаң талаптармен жазылған жазбаларда көрсетілген және құқық субьктілерінің мүддесіне тәуелсіз іс-әрекет ететін нормалар.

Ақпараттық құқық қабілеттілік-мелекет бекіткен және мемлекетпен қорғалатын құқықтық қатынастарға түсуге мүмкіндік берілген жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі.

Ақпараттық құқық әдісі-әртүрлі ақпараттық құқық зерттеуі жанында қолданылатын дәстүрлер сияқты-заңға сүйенген ғылымның әдістерінің топтамасы.

Нормативтік құқықтық ақпарат – құқықтық шығармашылық негізінде қабылданады да, нормативтік құқықтық актілер арқылы көрсетіледі

Нормативтік емес құқықтық ақпарат – құқықтық қызметті жүзеге асыруды, құқықтық нормалардың ұйғарымы негізінде пайда болады

Ақпараттық қауіпсіздігі – бұл, берілетін, жинақталатын, өңделетін және сақталатын ақпараттың қоршаған ортаның әсерінен және сыртқы қауіптерден сақтайтын – бұзылуға қарсы тұрақтылығы мен кедергілерге қарсы тұратын қасиеттерін айта аламыз

Ақпаратты сақтау — келешекте пайдалану үшін ақпаратты қосалқы сақтауыш құрылғыға — магниттік таспаға немесе магниттік дискіге жазып алу

Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікке төнген қауіпті болдырмау жіне оның кедергілерні жоюға арналған ұйымдастырушылық, құқықтық шараларды айтады

Ақпаратты іздестіру – сақталған ақпаратты алу және онымен жүзеге асырылатын негізгі операциялардың бірі


Ақпарат алу – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу

Жалпыға бірдей ақпарат – барлық тұлғаларға еш шектеусіз танып білуге, жариялауға, таратуға арналған ақпарат

Арнайы құжаттар – бұл ақпараттар заңшығармашылық және басқа да құқықтық қызметтер негізінде пайда болады

Азаматтар туралы ақпарат – жекелеген мәліметтер, күнделікті қызмет аясына сәйкес азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын есепке ала отырып жасаған ақпарат

Ақпараттық құқықтық нормалар – ақпарат аумағында қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар.

Материалдық ақпараттық құқықтық нормалар – ақпараттық аумақтың элементтерінің құрылымын түзетін нормалар.

Процессуалдық құқықтық нормалар – материалдық нормалар бекіткен ережелер арқылы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асуын қадағалайтын нормалар.

Гипотеза – қандай жағдайда ақпараттық құқықтық қатынастардың пайда болатындығын және оған қатысатын субъектілерді анықтайтын норма элементі.

Диспозиция – ақпараттар алуға байланысты субъектілер арасында қандай құқықтық қатынастар орнауы керектігін және олардың құқықтары мен міндеттерін көрсететін норма элементі.

Санкция – ақпарат аймағында орын алған құқық бұзушылықтарға байланысты қолданылатын жазаның түрі мен мөлшерін көрсететін норма элементі.

Ақпараттық құқықтық қатынастар – ақпараттық құқықтық нормалар арқылы реттелетін қоғамдық қатынастар .

Ақпараттық құқықтың субъектілері – конституциялық құқыққа сай келетін ақпараттарды іздейтін, тарататын және пайдаланатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар.

Қағида нормалар – құқық субъектілерінің әрекеттерінің ұйымдастырылуын қадағалайтын нормалар жиынтығы.

Мақсатты нормалар – әрекетті ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін нормалар жиынтығы.

Азаматтық құқық - қайнар көзі дегеніміз- ақпараттық құқықтық нрмалардың ішкі формалардың жиынтығы.

Бұқаралық ақпарат - құралдары арнайы бұқаралық құралдардың көмегімен,кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің
 бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.

Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам.

Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.

Мекеме – қызметінің бағыты мен мақсатына сәйкес құрылған ұйымдық құрылым.Басқару,билік жүргізу,тағы басқа міндеттерді атқарады.

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, тағы басқалар.

Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.

Ақпараттық жүйе меншік иесінің ақпараттық жүйеге тұтас мүлік кешені ретінде иелену,пайдалану және билі ету құқығы болады.

Ақпараттық қызметтер көрсету – пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді беру жөніндегі қызмет.

Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым.

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық бостандық - әр адам заңмен рұқсат етілген тәсілмен ақпарат алуға, қабылдауға және таратуға құқылы. Ақпараттық бостандық сөз еркіндігімен тығыз байланысады.

Ақпараттық қол жеткізу- мемлекет кепілдік берген, ҚР Конституциясында және заңдарында белгіленген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркін алу, тарату және паудалануға құқығы.

Aқпараттарды тұтынушылар-ақпараттық аумақта әрекет ететін барлық субъектлер.

Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.

Шектеу қойюға тыйым салынған ақпараттар – заңда белгіленбеген ақпараттарды жасыру.


Ақпараттық ресурстар — бұл оларды өндіруге мүмкіндік беретін формада жинақталған, адамзаттың идеалары мен оларды іске асырудың нұсқаулары.

Қоғамды ақпараттандыру — ақпараттық ресурстарды жасақтау мен пайдалану негізінде, азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің жергілікті басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұраныстары мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін, тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдіс.

Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның қүқықтары мен мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.

Жарнамалық сөз мәнері – тауар сапасын, фирманың тура немесе абстрактылы түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг немесе ұран.

Жарнаманы қамту ауқымы – берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы.

Жарнама жеткізушілері – жарнаманы тарататын нақты құралдар: нақты журналдар, телешоу, радиобағдарламалар және т.б.

Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өңдірушіден тәуелсіз делдалға , одан кейін –тұтынушыға жылжыуына байланысты құрылатын арналар.

Купондар – тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер сертификаттары.

Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алаты, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік.

Лицензиялау – шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау тауар белгісін, потентін қолдануға беретін құқық.
лог
Мәміле – белгіленген шартқа сәйкес тауар мен қызметті өткізуді іске асырудағы екі немесе бірнеше тараптардың өзара келісімі.

Миссия компанияның қайсыбір қызмет түрін және нарықтағы алатын орнын анықтайтын ұзақ мерзімді бағдар.

Нарық (маркетинг тұрғысынан) – нақты және әлеуетті (потенциалды) тұтынушылар жиынтығы.

Өмір стилі – тұтынушының тұрақты әдеттерін, талғамдарын, мүддесін білдіретін өмір сүру бейнесі және мінез-құлықтың белгілі бір түрі.

Өмір сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тауар тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын өмір мәні.

Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралар кешені.


Пікір сұрау (опрос) – бастапқы ақпаратты алу мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі.

Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын мүмкіндіктерін ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерінді сәйкестіріп үйлестіру және олардың тепе-теңдігін ұстап тұруды басқару процесі.

Сапа – тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың не қызметтің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы.

Сипаттама зерттеулер – маркетингтік мәселелерді, әр түрлі жағдайларды, нарықтарды тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер.

Сұраныс – сатып алу қабілеті бар қажеттілік.

Тұрақты шығындар - өндіріс пен өткізу көлеміне қатыссыз қосымша шығындар.

Тұтыну тауарлары – негізгі тұтынушының қолдану үшін сатып алынатын тауарлар. Күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және бәсең сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.

Тұтынушы ұйымдар – тауарларды өндіріс процесіне пайдалануға алатын кәсіпорындар қайта сату үшін алатын көтерме тұтынушылар, бөлшек сауда орындары, мемлекеттік органдар және т.б.

Эксперимент – бір немесе бірнеше айнымалы факторлар өзгерісінің бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалын анықтайтын маркетингтік зерттеу әдісі.

Сақтанушы –сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;

Жәбірленуші – көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам;

Ақпараттық өнімдер (өнімдер) пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес дайындалған және пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған немесе пайдаланылатын құжатталған ақпарат

Ақпараттық қызмет субъектілерінің (меншік иелері мен иелерінің) пайдаланушыларды ақпараттық өніммен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеті

Ақпараттық жүйе мәліметтер қорында және ақпараттық технологияларда қамтылған ақпараттар жиынтығы және оларды өңдеуді қамтамасыз ететін техникалық құралдар

Ақпараттық технологиялық процестер, ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, қамтамасыз ету, тарату әдістері және осындай процестер мен әдістерді жүзеге асыру жолдары

Автоматтандырылған ақпараттық