ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ноу-хау – көпшілік әлі біле бермейтін және сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер, мен қабілеттер.

Электрондық есептеуіш машинасы (ЭЕМ) - тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығынан тұратын бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина.

Патенттік құқық — өнертапкыштыктың — техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.

Хабарландыру - бірдеңе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін.

Радио - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады.

Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі.

Редакциялау - авторлық шығармасын баспада өндеу процессі.

Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады.

Жарнама — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама.

Тираж - бір атаулы баспа өнімінің басып шығарылған дана саны.

БАҚ міндеттері – жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну.

Цензура - шығарманың белгілі бір қалыптан ауытқымауын бақылап електен өткізіп отыру.