Файл: Таырыбы Бейбіт кн жасасын лемде 9 мамыр Жеіс кніне арналан мерекелік ісшара. лы Жеіске 77 жыл! 9 мамыр жеіс кнін мерекелеуге арналан жиынны сценарийі Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара. Ұлы Жеңіске – 77 жыл!
9 – мамыр жеңіс күнін мерекелеуге арналған жиынның сценарийі
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті ауыл тұрғындары!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен соғыстың аяқталғанына 77жыл.

Жүргізуші: Ұлы Жеңісті жақындатуға Сатыбалды ауданы халқы да үлес қосты. Сатыбалды ауданынан майданға аттанғандар қатарын

Өтеғалиев Сүндет,

Хасанов Қадем,

Алжанова Нәби аталарымыз құрады.

Ал тылдаң тауқыметін ақ жаулықты аналар арқалады.
Жргізуші: Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Ол соғысқа тартылмаған жан, отбасы жоқ. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)
Жүргізуші: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткіш тақтаның алдына мерекелік гүл шоқтары қойылсын.


Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Ғ.Қ.Орынғалиұлына беріледі.

Жүргізуші:

Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті – ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары. Экранға назар аударайық /Б.Момышұлының видеосы жіберіледі/
Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» 8-сынып, 3-сынып
Жүргізуші:

Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін - дей келе кезекті «Синий платок» биіне береміз тамашалаңыздар!
Жүргізуші:

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Арманы мен, ақыл ой санасымыз.

Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Аялаған орман,тау даласымыз – кезекті дайындықтобының бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең-тақпақтарын қабал алыңыздар.

/1-сынып тақбақтар/
Жүргізуші: 3-сынып оқушысы Ғаділбек Аянаның орындауында .....................................әні

Жүргізуші:Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз. /Кезекті мәнерлеп оқу өнеріне береміз, Қапиет Ақбота, Қабошевыа Айымжан/.


Жүргізуші:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны-дей келе кезекте «Катюша биі», тамашалаңыздар!

Жүргізуші:

Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады – 7-мамыр ҚР-ның Отан қорғаушылар күні мерекесімен салтанатты жиынымыздың соңығы нүктесін қою үшін ұстаздар қауымының орындауындағы ......................... әніне кезек береміз!
Жүргізуші: Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
Жер үстінің шуағы тарқамасын!
Жеңіс тойы мәңгі жасасын!

Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!