Файл: Білім мен ылым саласында реформалар аз жасалан жо.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім мен ғылым саласында реформалар аз жасалған жоқ. Оның нәтижелісі де, шіркін-ай, аяқсыз қалды-ау деген тұстары да кездеспей қалмады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында білім мен ғылымды басқару 13 министрге тиіп, қазір 14-ші министр жалғастыруда. Есте қалған реформалардан бірлі-екілі мысал келтірер болсақ, Қ.Көшербаев жетекшілік еткен жылдары «2005 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы» бағдарлама іске қосылды. Сол құжат аясында өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы қиын кезеңде базар жағалап кеткен балалар мектепке қайтарылды. Сонымен бірге, саңырауқұлақтай қаптаған жоғары оқу орындарының сапасын тексеруді құқық қорғау органдарын тарта отырып қолға алып, тосқауыл қоюға күш салды. «Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясын» жасады, - деп жазады "Егемен газетінің" тілшісі.

Стратегияда әлем елдеріндегі жоғары оқу орындары қалыптасуын саралай отырып, оның негізіне ел Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясын басты нысан етіп алған болатын. Бұл жинақ болып жарық көрді. Одан кейін Н.Бек­тұр­ғанов «2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың стратегия­сын» жасаса, Ш.Беркімбаева «Ауыл мектебі» бағдарламасын іске асыруға ұмтылды. Бұл ретте еліміздің алтын арқауы саналатын ауыл мектептерін жетілдіру, сөйтіп, елді мекендердің қалы­бын бұзбай сақтау негізгі мақ­сат болды. Ауылды мектеп пен аурухана ұстап тұрғанын жан-жақты қам­ти келіп, ұлттық мектептің ұлы мұ­ра­тын қалыптастыруды көз­де­ген игілікті іс желі тартқан. Бұдан кейін де біраз реформалар жасалды. Оның бәріне тоқтауды міндет санамадық. Қазір де ауылдағы білім беру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Жаңа сайланған Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Үкіметке жолдаған сауалында: «Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сай, елімізде орта есеппен жылына 100-ге жуық мектеп жабылады екен. Мектеп білім ордасы болуымен бірге, бүгін ауылдағы жұмыс беретін орын, ауылдың қасиетті қара шаңырағы», деп бұл түйткіл, әсіресе шекаралық аудандарды тұйыққа тіреп отырғанын атаған еді. Бір жылда 100-ге жуық мектептің жабылуы жақсылық деуге келмейді. Кімді де болса ойға қалдыруы керек еді. Осы мәселе бойынша сауал жолданған күні (18.05.2016) әріптесіміз Ғабит Іскендірұлы халық қалаулысымен «Бұл қалай? Қазақтың қамалы – шекарадағы мектеп емес пе?» деген тақырыпта жедел сұхбат ұйым­дас­тырып, газетке (19.05.2016) жария­лаған болатын. Бір ғажабы, басы­лым­дағы «Депутат дабылы» айдарымен берілген әңгімеге әлі күні жауап берген адам жоқ.


Он үшінші министр Аслан Сәрін­жіпов еліміздегі 127 ЖОО көбі диплом басатын мекемеге ай­нал­­ғанын атап, мемлекеттік білім грантының 75 пайызын қазақ бөлі­міне, қалған 25 пайызын орыс бөлім­деріне беру жөнінде шешім шығарды. Бұл көп­тен күткен мәселе еді. Сөйтіп, ол осы­лай­ша жұрттың ілтипатына бөленді.

Ақиқатына келсек, тәжірибе барлық кезде нәтижелі бола бермей­ді. Жақсысы сүйініш, олқысы­ның зардабын сол бағдарлама жа­сау­­шылар емес, орындаушылар, яғни мұғалімдер көретіні анық. «Жаңа­лықтарды» орындау жөнін­дегі өрден төмен, төменнен өрге ағылған қағаз­дар талайдың басын айналдырмай қоймайды. Кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мил­лион­даған қағазбастылықтан құтылу туралы қатаң ескерткені бар. Жалпы, бағдарлама жасалған соң, оған қаржы қарастырылады. Ендеше, қандай бағдарлама болса да бір кезең­дік емес, дәстүрлі жалғасын тауып, халықтың қажетін өтеп жат­­са, нұр үстіне нұр. Бізде бір бас­­шы бастайды. Екінші келген бас­­шы ал­дың­ғының ісіне талдау жасау­­ды жайына қалдырып, өз сүр­леуі­не түсе­ді. Бір бес жыл емес, бір­неше бес жылға кететін кесек-кесек мәсе­ле­лерді алға қояды. Бірақ дені аяғына жетпей, қағаз жүзінде қалып жатады. Содан да болар, білім туралы бағдар­лама­лардың түйіні түйілген бойда қала беретіні.

Иә, өткенге береке, келер іске табыс тілер болсақ, білім саласы тағы жаңа реформамен жұмыс жасай бас­тады. Ол – білім беруді және ғылым­ды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазір осы бағдарламаны мүлтіксіз орындаудың әрбір қадамы ойластырылып жатыр. Бұл жұмыс Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76, 77, 78, 79-қадамдарында дәйектелгенін айта кетуге тиістіміз. Ең бастысы, бағдар­лама білім мен ғылымның рөлін арттырып, ұрпақ тәрбиесін жетілдіре отырып, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздейді.

Енді бағдарлама өзгешеліктеріне назар аударалық. Оның біріншісі – мектептерге бес күндік оқыту жүйе­сін енгізу. Бұл жұмыс биыл 1-сынып­тан бастау алып, алдағы жыл­дары жалғасын таба береді. Осы бас­таманың арқауында ауыл мен қала мектептерінің деңгейін теңес­тіру жатқаны да мәлім. Тіл мәсе­лесіне келгенде, біз ол туралы көп ай­та­мыз, тілдің күре тамыры мектепте дейміз. Мемлекеттік тілде, орыс, өзге тілдегі білім ұяларында оқыту үшін қыруар қаржы бөлініп, жүз­деген мұғалім айлық алады. Бірақ оқушылар, басқаны былай қойғанда, қазақтың ұл-қыздары қазақ тілін дұрыс түсінбей аттестат алып жатады. Тіпті, «Алтын белгі» иегерлері де шығады. Бұл ойлануды қажет етеді.



Үш тілде білім беру кешелі-беріден емес, біраздан бері айтылып келеді. Мектепті қойып, балабақшада үш тілді үйретіп жатқандар төбе көрсетуде. Бұл аты-жөнін әрең айтатын бүлдіршіндер үшін артықтау емес пе? Тағы бір мәселе, кейбір пән­дерді ағылшын тілінде оқыту жайы. Үш жылдан кейін, яғни 2019 жыл­дың қыркүйегінен бастап, 4 пән – химия, физика, биология және ин­фор­матика ағылшын тілдерінде оқы­тылмақ. Бұл алуан пікірлерге арқау болуда. Жаңа бағдарламаның тағы бір құптайтын тұсы: әр пән бойынша барлық деңгейде базалық оқулықтың ендірілетіндігі, яғни бұрынғыдай әркім өз білгенімен баламалы оқулықтарды қолдана алмайтындығы. Шынында, бұл көп­тің көкейінде жүрген түйін еді. Білім ұяларының әртүрлі баламалы делінетін оқулықтарды пайдалан­уынан оқушылар ҰБТ тапсырғанда қатты қиналатын. Тест сұрағында қате деп көрсетілген тұсты кейбір білі­мі жетік жастар өздері қолданған кітап­тарды көлденең тартып, дәлел­деп шыққанынан хабардармыз. Сол секілді, осы кезге дейін жем­қор­лыққа тосқауыл қоятын бірден-бір тәсіл ретінде бағаланған ҰБТ-ға де өзгеріс енгізіледі. Жаңа бағдар­ла­ма­ны ұсынушылар мектеп бітіру ем­ти­ханы елімізге қайта оралаты­нын, 2017 жылдан бастап ҰБТ мек­теп­тік және жоғары оқу орнына арнал­ған болып екіге бөлінетінін айтып отыр. Бұған қоса ҰБТ-дан құлағандарға екінші рет тапсыруға мүмкіндік берілетіні және бар. Мектеп бітірушілердің тағдырын анықтайтын бұл сынақ бір кездері мектеп, аудан, облыс көрсеткішін анықтайтын дәрежеге дейін жеткен. Ендігі жерде оған жол берілмек емес, нақты білім алға озады екен. Осы жерде мына бір жайды да айта кетсек дейміз. ҰБТ басталған алғашқы кезде білім ұясын бітірген түлектер сынаққа түгел қатыстырылатын. Кейін көрсеткішке кедергі келтіреді деп нашар оқитындарды жібермеу әдетке айналғаны бар. Жаңа тәсіл осыған тосқауыл қоймақ. Тестке қатыстыру, қатыстырмау туралы сөзімізге бір дәлел келтірелік, 2015 жылы еліміздегі мектептерді 124 339 оқушы аяқтаса, оның 87 782-сі ҰБТ-ға өтініш беріпті. Ал биылғы 121 мыңнан аса бітірушінің 86 999-ы ҰБТ-ға ниет танытыпты. Осының өзі көп жайды аңғартатын секілді. Жақында бас басылымда биылғы ҰБТ жайлы мақалалар топтамасы әлденеше рет жарық көрді. Онда сынақ түрінің оң нәти­же­лерімен қатар, кейбір олқы тұс­тары көрсетілді. Мектепте нашар оқы­ған­мен, тестке барғанда жоғары балл ал­ғандардың кездескенінен мы­сал­дар келтірілді. Бұдан шығар қо­ры­тынды, терең біліммен емес, тест сұ­рақтарын жаттап алып, болма­са қазіргі техника тетіктерін пайдалану арқылы жоғары балл алуға бола­тын­дай. Әрине, үйренген ҰБТ-ны мүл­дем жою керек демейміз. Жетіл­дірілген жөн. Бала білімі балмен емес, жан-жақты оқуымен көрінсе құба-құп. Жаттанды білім ешкімді де ұзатпайды. Шын жүйрік қандай сынға салсаң да жарып шығады.


Біз жаңа реформа туралы ойын білмек ниетпен осы салаға бүкіл ғұмырын арнаған мамандарды әң­гімеге тартқан едік. Оның біріншісі – Қазақстанның Еңбек Ері, айтулы ұстаз Аягүл Миразова. Қайраткер мұғалім үш тілді білу қажеттігін айта келіп, баланың бәрі дарынды емес екенін, тапсырманы көп беру олар үшін ауыр болатынын, бала балалық дәуірді де бастан өт­керу қажеттігін атады. Сонымен қатар, екі күннің бірінде жаңа сабақ өту де оңайға соқпай отырғанын, сабақ мазмұнының көптігін, бұл қала ба­ласына жеңіл болғанмен, қиян­дағы ауыл баласына ауыр тиеті­нін еске салды. Өткен сабақты тиянақ­тай алмай жатып, жоспардан қала­мын деп екінші тақырыпты бастап кету оқушының ынтасын арттыру бы­лай тұрсын, пәнге беттей алмай қа­латынын да ескертті. «Ұстаз ретін­де пікірім, үш тілді меңгеру ке­рек-ақ, бірақ оны қандай әдіс-тәсіл­дер­мен және қандай жолмен оқу­шы­ға білдіруіміз қажет, міне, осы алаңдатады», деп бар дәстүрімізді қиратып алмай жетілдірсек, деген ойын ортаға салды. Жоғары сыныптарда 4 пәнді ағылшын тілінде оқытуға келгенде, пәндердің кейбірі 9-сыныпқа дейін өтіліп кететінін, оны ағылшын тілінде қайта оқыту қалай жүзеге асар екен деген байламын тілге тиек етті. «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қожахмет Назарбетов жаңа реформа заман талабына сай жасалғанын атап, ағылшын тілін 1-сыныптан емес, 2-сыныптан оқыту жөн болар деген ой ұсынып, кейбір пәндерді орта буыннан бастап, ағылшын тілінде оқытуға болатынын, «бірақ жаппай барлық оқушыға осы жүйені телу қиындық келтірмей ме, оған материалдық-техникалық база жеткілікті ме, кадр тапшылығы 3-4 жылдың ішінде шешіле ме? – дей келіп, – бес күндік оқу барысында мұғалімдердің жүктемесіне нұқсан келмей ме?» – деді. Одан кейін бес күндік оқуға көшкенде қандай пәндердің сағат санын қысқартып немесе негізгі сабақ кестесінен алып, факультатив ретінде оқыту керек­тігін, мысалы дене тәрбиесі пәні ап­та­­сына қазір 3 сағат өтсе, оны бес күн­дік оқу жүйесінде 2 сағатқа, ең­б­ек сабағын үйірме ретінде оқыту тиім­­ді болар ма екен деген пікірін ор­таға салды. Жаңа оқу жылы басталып кетсе де, бұл туралы кеңескеннің артықтығы жоқ болу керек.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тарихында қазақ ұя­ла­тындай ештеңе жоқ», деп атап өт­кені белгілі. Ұлтымыздың тари­хы сонау ұлылардан жалғасып келе жатқан сара жолымыздың алтын тұғыры іспеттес екенін Елбасы Ұлытауда айтқан еді. Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік. Оның арғы жағында да түркі дүниесімен бірігіп түгендейтін тарих тағылымдары жетіп артылады. Ендеше, осы тарихты білім беру мекемелерінің бәрінде оқытсақ жараспай ма? КСРО заманында өзгенің тарихымен бесіктен беліміз шықпай жатып таныстық, барлық білім орындарында пән ретінде жүрді. Сынақ тапсырдық. Тақылдап тұрып білгенімізді айттық. Оған қарағанда өз тарихымызды үлкен-кішіміз танып-білу бір ғанибет емес пе? Әсіресе, қазақ жастары тек-тамы­рының қайдан екенін, елі мен жерін, Отанымыздың қилы кезеңдерін білім ордаларында терең оқып ұқса артық болмайды. Тарихты ЖОО оқыту жөніндегі тарихшы-ғалым­дардың көтеріп жүрген мәсе­лесі орынды. Қайталап айтамыз, Тәуел­сіз жұртымыздың арғы-бергі тари­хын оқытудан ұтылмасымыз анық. Тарихты білген адам теріс жол­ға аяқ баспайды. Кейде біз «узкий спе­циа­листке» (тар көлемді маман) тарих­тың қажеті қанша деп жата­мыз. Аумалы-төкпелі заманда қандай маман иесі болса да тарихты танып-білуі керек. Өйткені, білімі таяз жас еліктегіш келеді. Етікшінің де ой-өрісі биік болса, қолындағы балғасын көрінгенге көтермейді.


Ғылым саласында да көптеген ізденістер болып жатыр. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң қабылданды. Бұл да Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылған. Заңның басты артықшылығы авторлардың құқығы қорғалады, сыйлықтар, гранттар алуға ынталы болады. Егер заң тиянақты жұмыс істесе, ғылым дамып, өндіріспен ұштасатыны сөз­сіз. Айталық, елдің бір тірегі сол өн­­діріс десек, 2019 жылға қарай мұ­най-химия саласына – 7 мың­ға таяу, мұнай-газ саласына – 9 мың­нан аса, машина жасау ісіне – 14 0631 кадр қажет көрінеді. Бір кез­дері алған мамандығыңыз 30-40 жылға азық болатын болса, қазіргі заман­ның үрдісі мамандық қуаты 5-6 жылдан аспай қалатын болып бара­­ды. Сондықтан үнемі жетілдіріп оты­руың керек. Осының өзінен-ақ, кадр да­йын­дау ісін уақытқа сай үй­лес­тіру қа­жеттігі туындамай қой­май­ды. Жаңа бағдарламаның бас­ты ат­қа­­ра­­тын міндеті де осында жатқаны анық.

Біз тағы бір арқалы азаматтың ойын білу үшін әңгімеге тартқан едік. Ол – еліміздің жоғары оқу орындарын дамытуға ерекше үлес қосқан, Парламент Мәжілісінің депутаты болып жүргенде елдік іске көп атсалысқан, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Уәлихан Бишімбаев. Көрнекті ғалыммен ой бөліскен кезде Болон процесіне қатысты байламын қадап тұрып айтты. Бұл алғаш Гер­мания, Франция, Англия, Италия ел­дерін­де негізі қаланғанын, алға қой­ған мақсаты экономикада бәсеке бәсіне төтеп беру ниетінде құрыл­ға­нын еске салып, процеске ТМД мем­лекеттерінің ішінде Ресей, Украи­на, Беларусь, Армения, Қазақ­стан қосылғанын атады. Оның талабын таратқанда, қатысушы мемлекеттер әр екі жыл сайын бір рет жиналып, не істелді, не істеуіміз керек, алдағы міндет қандай, түскен жолымыз дұрыс па, дұрыс болса тағы да нені жетіл­діреміз деп, біткен, бітетін қаре­кетті сараптап, қажетсізін ысы­рып тастайды екен. «Кадр дайын­даудың үш сатылы, нақтылай түссек бакалавр – магистр – PhD доктор жүйесіне көштік», деген академик 2010 жылдың соңына қарай, бұрынғы ғылым кандидаты, ғылым докторы диссертациясын қорғау тоқтағанын, мемлекетіміз Болон процесіне 2003 жылы кіргенін, бұл бойынша ТМД мемлекеттері арасынан Болон процесіне мүше елдердің білім министрлері 2 жылда бір рет кездесетінін, өткен жылы ондай дидарласу Ереванда болып, Еуропалық стандарт бойынша білім сапасын арттыру, өзге де өзекті мәселелер қозғалғанын айтып, «Біз бастаманың формасын әкелдік. Бакалаврда оқи­тын­дарды студент дейік, олар дәріс тыңдайды, кітап оқиды,