ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тест тапсырады, курстық жұмыс жазады, диплом қорғайды. Магистрді алсақ, ол да көбінде сол жолмен жүреді. Яғни 70 пайыз студенттің ғылымға бейімделуі шамалы. Ақиқатын айтсақ, магистр болашақ ғалым-зерттеушінің негізі болуы тиіс еді. Ал PhD доктор да дәріске қатысады, семинарға барады, тағылымдамадан өтеді. Солай жүріп «PhD доктор» деген ғылыми дәрежені алып шығады. Расына келсек, ғылым адамы мұндай жеңіл жолмен дәреже алмауы керек. Осындай дәрежеге ие болғандардың 35 пайызы ғана ғылым саласында жүр. Біз біраз PhD докторлардың жұмыстарын сараптамадан өткіздік. Диссертация деген аты бар, 120-130 бет жұмыс әдемі түптелген, бірақ біраз жағдайда ғылыми ізденісі шамалы, бұрынғы кандидаттардың зерттеу жұмыстарының жүгін көтере алмайды» деді.
Иә, еліміздегі ғылыми атақтарға қарасаң, қазақ ғылымы әлемді аузына қаратқандай. Бірақ көп тұспалмен жүргендей. Академик деген атағы бардан аяқ алып жүре алмайсың. Жиын-тойдың төрінде отырады. Ал олардың ғылымға қосқан үлесін таразы басына қойсаң, көңіл көншімейді. Шын ғылымның жөні бөлек. Шын ғалымның орны қашанда биікте. Ғылым туралы жаңа заң арқылы осыны ретке келтірсе, нағыз ғалым мен жасанды ғалымның ара жігі ашылар еді. Отандық өндіріске, тәуелсіз Қазақ елінің өніміне қай ғалым қанша үлес қосты деген сұрақтың да жауабы айқындалады. Алда кейбір ойларын дәйекке алған Уәлихан Қозыкеұлы мына бір деректерді де алға тартып еді. Қорғалған доктор PhD-лерді пәндер бойынша салыстырып көрсеңіз, химиядан қорғағандар – 2,9 пайыз болса, мұнай-газ ісі және мұнай химиясының үлесі – 1,6 пайыз, ветеринарлық медицина және ветеринарлық санитарға – 0,8 пайыз, мәшине жасауға – 0,7 пайыз, су ресурстары және су пайдалануға – 0,4 пайыз, туризмге – 0,2 пайыз, қайта өңдеу өндірісінің технологиясына – 1,2 пайыз тиеді екен. Ал экономикадан PhD доктор болғандар – 8,4 пайызды құрапты. Осы арада атақты математик, академик Өмірзақ Сұлтанғазинның бір сөзі ойға оралады. Ғалым: «Біз 15 жылда әрең кандидат болушы едік. Алған тақырыбымызды зерттеп, зерделейтінбіз. Одан соң оны өндіріске енгізіп, нәтижесін күтетінбіз. Жұмысымыз өз жемісін берген соң, кітапша етіп шығарып, небір сын сағаттарды бастан өткеріп барып, әрең қорғайтын едік. Қазіргілер 15 жылды қойып, 5 жылда академик болып шыға келеді», деген болатын. Осыған қарай отырып, ғылым дегеннің киелі екенін еске ұстағанымыз жөн секілді. Және ғылым көктемде айдап, күзде орып алатын егін еместігін шын ғалымдар шырқырап айтып жүр. Оның жемісі 5-10, тіпті 20 жылдың көлемінде өз нәтижесін көрсетеді. Оған қол жеткен кезде шыққан шығыныңыз еселеп қайтады. Соны іске асырған ғалымның да, ол өмір сүріп отырған мемлекеттің де абыройы асады. Мұны әсіресе, билік тізгінін ұстаған азаматтар ескеріп жатса, естілік болып табылады.
Сонымен, білім, ғылым саласы бойынша реформалардың аз болмағанын алда аз-кем айттық. Бір қуанарлығы, бұрынғы реформалардың қабылдануы мен іске асуы көп жағдайда белгісіздеу болып жататын. Мына жаңа реформа барысы туралы пікір алысу молынан. Бұл атқарылар істің нәтижелі болатынының көрінісі шығар. Жақында газет редакциясына келген бір мұғалім өзінің көңіліндегі күдігін ірікпей айтты. Оның меңзеуінше, осы күндері кейбір елді мекендерде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері жетіспейді екен. Сөйте тұрып, аз уақыттың ішінде біраз пәндерді ағылшынша оқыту ақылға қонбайды-ау дегенді айта келіп, «Мұғалімді дайындағанмен, ол сабақ беретін оқушының әзірлігі қандай? Физика, химия пәндерінің терминдерін мұғалім мен оқушы 3-4 жылдың ішіне терең меңгеріп кете ала ма? Солай бола қалса, ағылшын тілін біле қоймайтын жүздеген емес, мыңдаған ұстаз жұмыссыздар қатарын көбейтпей ме? Оқулық мәселесі түбегейлі шешімін тапты деп айта аламыз ба?» деп 12 жылдыққа көшеміз дегелі де біраз жылдың жүзі өткенін, оған әлі қол жеткізе алмай жатқанымызды, білім стандартында да ойланатын тұстар жетіп-артылатынын көлденең тартты.
Ойымызды түйіндей келе, бұл жаңа реформаға жақсылық тілей отырып, түйіндеу жағын түймедей етсек, көкейдегі күдік сейіледі. Ең бастысы, білім сапасы артып, дайындалған маман бәсекеге қабілетті болады. Ғылым жетістігі лабораторияда тұншығып қалмай, өндірістен орын алып, отандық өнімнің өсуіне үлес қосады. Өзгеге көз салудан құтылып, басқаның назарын өзімізге аударатын боламыз
Білім беру жүйесіндегі жаңа реформалар – заман талабы.
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі уақытта мектеп директорлары үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: “XXI ғасырда нені оқыту керек?” және “Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды? ”.
Мемлекет басшысы “100 нақты қадам – Ұлт жоспары” және 5 институционалдық құжаттарында, “Мәңгілік Ел” идеясында білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту бойынша міндеттерді келтіруге халықаралық стандарттарға сәйкес нақты міндеттерді қойды. Бүгінгі әлемнің тез өзгеретіні соншалық, заманауи білім беру өзгерістерді соңынан емес, керісінше, алдын ала болжауы тиіс.
Осындай тез өзгермелі әлемде өмір сүруге даяр болып қана қоймай, білімді, адамгершілік құндылық қасиеттерді меңгерген, креативті ойлайтын, рухани жетілген XXI ғасырдың азаматтарын тәрбиелеу жаңашыл ұстаздардың қолында.
Жаңашыл ұстаз өз бетінше ойлайтын, педагогикалық жағдайларды сараптап, мақсат қоятын, білім беру үрдісін жобалап жүзеге асыратын, балалар ұжымында мейірімділік орта құрайтын, еңбек нәтижесін бағалай алатын, білім, біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын ұстаз болуы керек.
Бүгінгі таңдағы мұғалім өз жұмысында жоғарғы нәтижеге қалай қол жеткізуге болатынын түсіну үшін көшбасшылық дағдыларды игерумен қатар, соңғы жаңалықтар туралы үнемі хабардар болуы керек. Қазіргі таңда мен қызмет етіп жатқан Амангелді атындағы орта мектебінің ұстаздары Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында деңгейлік бағдарламалар арқылы үнемі біліктілігін шыңдап, жетілдіріп, оны жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда мен Алматы қаласындағы педагогикалық шығармашылық орталығында тоғыз айлық курста білімімді жетілдіріп, басқарып отырған үжымда жаңалықтың жаршысы ретінде оқып, жинап келген білімімді әріптестеріммен бөлісудемін. Әріптестерімізбен біріге отырып, мектепте түрлі іс- шаралар, атап айтқанда : коучингтер, тренингтер, сауалнамалар, ықшам сабақтар және панельдік дискуссиялар өткізудеміз.
“Мектеп мәдениетін қалыптастыру”, “Менталды карта дегеніміз не?”, “Блум таксономиясы”,“Lesson study үдерісі”, “TALIS сауалнамасы дегеніміз не?” тақырыбындағы коучингтер көптің көңілінен шығып, әріптестерге ой салды. Ата- аналар – мектептің белсенді көмекшілері болғандықтан, олармен жұмыс жүргізу үнемі назарда. Ата- аналардан сауалнамалар алып, нәтижесінде мектептің даму жоспары құрылады.
Ұлы педагог К.Д. Ушинский “Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады”, - дегендей ізденуден шаршамай болашақтың іргесін бірге қалайық.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары және «5 институционалдық реформа» бағдарламалық құжаттарында, “Мәңгілік Ел” идеясында білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту бойынша міндеттерді келтіруге, халықаралық стандарттарға сәйкес, нақты міндеттерді қойды. Бүгінгі әлемнің тез өзгеретіні соншалық, заманауи білім беру өзгерістерді соңынан емес, керісінше, алдын ала болжауы тиіс. Осыған байланысты отандық білім беру жүйесі қайта құруды, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді және заман талабына лайықты азаматтарды даярлауды қажет етеді.
Білім: бүгіні мен ертеңі
Соңғы жылдары Қарағанды облысы білім беру жүйесінде біршама пилоттық жобаларды жүзеге асыруда жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Атап айтсақ, жалпы орта білім беру саласында облыста электрондық мектеп, білім беру робототехникасы, үштілділік және инклюзивті білім беру сияқты инновациялық жобалар бойынша республикалық тәжірибелік алаңға айналып отыр.
Бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қарағанды облысы республикада үшінші орында тұр.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада және ғылыми жобалар, конкурстар қорытындылары бойынша Қарағанды облысының командасы биыл да республикада үздік деп танылды. Біздің оқушыларымыздың халықаралық олимпиадалардағы медальдарының саны да көбейді. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша біздің облыс республика бойынша алдыңғы қатарға енді, орташа нәтиже республикалық көрсеткіштен жоғары.
Біздің түлектеріміз ММУ, Дьюк (АҚШ), голландиялық Fontys university of Applied Scinces, Қытайдың Hangzhou Dianzi University университеттері сияқты беделді жоғары оқу орындарына түседі.
Мұның баршасы педагог жұмысының жемістілігі, талпынысы жоғары оқушылардың, ата-аналардың қолдауы, ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу, кадрларды даярлау, оқу әдістерін өзгерту есебінен болып тұр.
Компьютерлік техникамен жабдықтауға келсек, бүгінгі күні облыс мектептеріндегі есептегіш машиналар паркі – 31 мыңнан астам бірлікті құрайды. Бұл ескірген компьютерлік техниканың санын 11,5%-дан -10%-ға дейін, бір компьютерге келетін оқушылар санын 6-дан 5,4-ке дейін азайтуға мүмкіндік берді.
Мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау 58%-дан – 60%-ға дейін өсті. Мектептердің 82%-ы кең жолақты интернетке қосылған.
Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандарында жаңа мектептер, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатқа қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді.
Облысымызда екі апатты мектеп бар. Осы жылдың маусым айында Абай ауданының Құрма ауылында 320 орындық мектептің құрылысы аяқталды. 2016 жылдың қазан айында Ұлытау ауданының Бетбұлақ ауылында салынып жатқан 80 орынды мектеп қолданысқа енгізіледі.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша үш ауысымдық оқытуды жою мақсатында Сәтбаев қаласында 600 орынды және Қарағанды қаласында 1200 орынды мектептерді салу құрылысы аяқталуда. Жоспар бойынша жылдың соңына дейін осы объектілер аяқталады.
Жыл сайын жаңа мемлекеттік балабақшалар мен шағын орталықтар ашу, сондай-ақ, МЖС аясында жұмыстарды белсенді ету есебінен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын жетіспеушілігі қысқаруда. Үстіміздегі жылы Бұқар жырау ауданында, Қарағанды және Балқаш қалаларында 3 жаңа балабақша ашылды. Жылдың соңына дейін Жезқазған қаласында балабақша ашылады. Келесі жылы Қарағанды және Абай қалаларында балабақшалар құрылысы басталады.
Жекеменшік балабақшалардың да үлесі көбеюде. Қазіргі таңда облыста 25 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар жұмыс істейді. Жылдың соңына дейін Қарағанды және Теміртау қалаларында тағы үшеуін ашу жоспарлануда. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 4 мыңдай орын құрылған.
Облыста «Сырттай балабақша» әлеуметтік-педагогикалық жобасы табысты жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – ересектерге өз баласын түсінуіне, оны тәрбиелеу құралдары мен әдістерін дұрыс таңдауына көмектесуді көздейді. Бұл жобаның тиімділігі мен сұраныстылығы айқын. Жобаны жүзеге асыруда ата-аналарға кеңес беру мен теориялық білімге баса көңіл бөлінсе, ата-аналар үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Былтырғы оқу жылында жобаға 11 балабақша қатысса, биылғы жобаға облыстың барлық балабақшасы қатысады.
Облыста мұғалімдер мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін 10 мектептің базасында сынамадан табысты өткен «Электрондық сынып журналы» жобасы жасалып, енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап электрондық сынып журналы жобасына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, және Шахтинск қалаларының барлық мектептері көшеді. Жобаның мақсаты – қағаз тасымалдаушыларынан бас тарту және бағалау әдісін жеңілдету және ата-аналармен кері байланысты орнату. Бұл ретте ата-аналар Android және iOS ұялы телефондарына жүктеу арқылы «EduMark» мобильдік қосымшасы арқылы баланың оқу-үлгерімі мен сабаққа қатысуы жайлы ақпарат ала алады. Мұғалімдермен бірге проблемалық мәселелерді талқылайды. Мобильдік қосымшалардың көмегімен ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімі мен сапасын біле алады.
Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңдегі қорытындылары бойынша Қарағанды облысы республикада үшінші орын алады. Ал, биылғы жылы Қарағанды облысы бірнеше бағыт бойынша республикалық тірек алаңы болып бекітілді. Олардың қатарында электрондық мектеп, білім беретін робототехника, үштілді және инклюзивті білім беру қамтылған.
Жақсы нәтижелерге қарамастан, қазіргі білім беру жүйесі жаңғыртуды қажет етеді. Еліміздегі бүгінгі бала, ертеңгі маман ХХІ ғасыр жағдайында табысты және бәсекеге қабілетті болу үшін, ол еңбек нарығында талап етілуге тиіс. Қазіргі білім беру жүйесі түлекке тек күнделікті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Неғұрлым күрделі мәселелерді шешу үшін классикалық білімнен өзге, балаларда сыни ойлау, шығармашылық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, командада жұмыс істей білу дағдыларын дамыту қажет. Балалардың бойында әуестікті, бастамашылдықты, табандылықты, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени байлықты жетілдіру керек. Осының бәрі классикалық білімдермен қоса, бес күндік оқу аптасына көшу, үштілділік пен он екі жылдық білім беру арқылы мектептегі білім берудің жаңартылған білім мазмұнына кіргізілген.