ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-СРС

Тақырып: Мәдениет морфологиясы

Тургенбекова Диана Орсбайқызы

1) Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері бар литерлер тізбегі берілген.

2) Теориялық шолу: З. Фрейд, К. Леви-Стросс, О. Шпенглер, А. Тойнби: Солардың бірі, Э.Б. Тайлор: мәдениет пен өркениет бір, олар синанимдер деген. О.Шенглер, Л. Уайт, : өркениет мәдениеттің ақыры, оның кірілік шағы, руханилықтың антиподы деген. А. Тойнби, С. Хантингтон: өркениет - этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі. К. Леви-Стросс: мәдениет – болашаққа бой сермейтін прогрес, қоғамның парасаттылық деңгейі. Л. Гумилев, П. Сорокин: мәдениет - тағылық пен варварлықтан жоғарғы деңгей.

3) Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология, мәдениет тарихы: Мәдениет» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына , яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін, сөздің шығу тегіне тоқталу керек. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.

4) Мәдениет морфологиясы: Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.

5) Материалдық және рухани мәдениет: Рухани мәдениет - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды.Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері.

6) Өркениет- қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәниеттің дамуына жағдай туғызады, ал мәдениет өз кезегінде сол өркениетті жетілдіреді.