Файл: 9. 3 17 (vii), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)топ элементтері жне оларды осылыстары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Химия

Бөлім:

9.3 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Жұмағұл Анар

Күні:

25.01.2023

Сынып: 9 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Күкірттің қосылыстары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;

9.4.2.1 қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

- күкірттің маңызды қосылыстарының қасиеттерін сипаттайды

- қышқылдық жаңбырлардың себебі мен экологияға әсерін болжайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Сабақтың басы

8 мин

Өткен білімді еске түсіру

Сабақтың ортасы

30 мин

Жаңа білім

Бекіту тапсырмалары

Сабақтың соңы

7 мин

Кері байланыс



Сәлеметсіздер ме !...

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Күкірттің қосылыстары

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • күкірттің маңызды қосылыстарының қасиеттерін сиапттайды;

  • қышқылдық жаңбырлардың себебі мен экологияға әсерін болжайды


Оқу материалын жариялау:

Күкірттің маңызды қосылыстары:

күкірт (IV) оксиді – SO2

күкірт (VI) оксиді – SO3

күкіртсутек – H2S

күкіртті қышқыл – H2SO3

күкірт қышқылы – H2SO4
Күкірт (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ.

Күкірт (IV) оксидінің құрылымдық формуласы:


Күкірт (IV) оксидін суда еріткенде, әлсіз екінегізді күкіртті қышқыл түзіледі:

SO2 + H2O = H2SO3

1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

SO2+Na2O=Na2SO3

SO3+Na2O=Na2SO4

2) негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі:

SO2+2NaOH=Na2SO3+H2O

SO3+2NaOH=Na2SO4+H2O


SO2  зиянды  микроағзалардан 
көкөніс қоймаларын тазартады.
Күкіртті газды және күкіртті қышқылдың тұздарын жүннен тоқылған маталарды, қағазды, сабынды ағарту үшін қолданады.

Күкірт (VI) оксиді, күкірт ангидриді - SО3, ұшқыш, түссіз сұйықтық. SО3+17°С температурада қатты зат. Олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкірт қышқылы H2SО4 түзіледі, олай болса ол қышқылдық оксид.


Күкіртсутек –шіріген жұмыртқа йісті,түссіз газ.-60°с-та сұйық күйге ауысады.ал -86° с-та қатады.
.
Күкіртсутeк табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында,емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі

Күкіртсутек өте улы,оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып,тіпті өліп те кетуі мүмкін.

Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып,сал ауруын туғызады. Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.
Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының

қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады.

Бекіту тапсырмалары

1 – тапсырма

Төмендегі тұжырымдардың шындық немесе жалған екендігін анықта:



Тұжырым

Шындық

жалған

1

Күкірт (lV) және (Vl) оксидтері қышқылдық оксидтер болып табылады.







2

Күкірт (lV) оксиді тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.







3

Күкіртті қышқылдың тұздары сульфиттер деп аталады.







4

Күкіртсутектің судағы ерітіндісі күшті қышқыл.







5

Күкіртсутек – түссіз, жағымсыз иісті, улы газ.








Дұрыс жауабы:



Тұжырым

Шындық

жалған

1

Күкірт (lV) және (Vl) оксидтері қышқылдық оксидтер болып табылады.

+




2

Күкірт (lV) оксиді тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.




+

3

Күкіртті қышқылдың тұздары сульфиттер деп аталады.

+




4

Күкіртсутектің судағы ерітіндісі күшті қышқыл.




+

5

Күкіртсутек – түссіз, жағымсыз иісті, улы газ.

+




2-тапсырма Сұрақтар:
1.Күкірттің аллотропиялық түр өзгерісінің болуын қалай түсіндіресіңдер.
2.Сульфидтерді қандай реакциялардың көмегімен анықтауға болады.


2-тапсырма Тест жұмысы
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады

2.Кері байланыс «+»;- қызықты әдіс стикер Оқушылар бір жағында(+) белгісі бар, осы тақырып бойынша түсінгенін жазады,келесі бетінде (-) белгісі,осы тақырып бойынша не түсініксіз болғанын жазады,және осы сабақта ұнаған тапсырма, әдістерді жазады


Жаңа сабақтың мақсатымен танысады

Оқушылар мұқият тыңдайды

.


Оқушылар өз міндеттерін түсінеді.

Берілген тапсырмалар бойынша өзін-өзі бағалайды.

Күкірт (lV) және (Vl) оксидтерінің сипаттамасын табады;

Күкіртсутектің қасиеттерін анықтайды

Оқушылар өз ойларын жинақтай отырып ауызша жауап береді. Оқушының сыни ойлау қабілеттері дамиды және бүгінгі сабақтан алған білімі байқалады.
Жеке жұмыс.Plickers қосымшасы арқылы берілген сұраққа жауап беру



1-5 , барлық сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 1-бал

Сұраққа толық жауап берген оқушыға

1-балл


Химия

Класс: 9 класс

Оспанова М.К., Белоусова Т., Аухадиева К.

Мектеп 2019

184

https://foxford.ru/wiki/himiya/binarnye-soedineniya-sery

Оқулық Химия

Оспанова М.К., Белоусова Т., Аухадиева К.

Мектеп 2019 ж

9 сынып

, 64-67 беттер,