ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі: | «Сәулет» 2В Аудан.Шамалар. |
Машықкердің аты-жөні: | Мукамбеткарим А.К |
Күні: | 02.12.2021 |
Сыныбы: 3В | Қатысушылар саны: 25 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Тонна.Грамм |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.1.3.4 ** ұзындық (мм, см, дм, м, км) /масса (г, кг, ц, т) /аудан (см2, дм2 м2) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: ұзындық өлшем бірліктерін біледі; Көптеген оқушылар: аудан өлшем бірліктеріне байланысты берілген тапсырмаларды орындай алады. Кейбір оқушылар: өрнектер жазып, олардың мәнін таба алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. Ұжымдық жұмыс. 5 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Сан қилы есепті шешетін, Боламыз десеңдер білімгер. Ең дұрыс шешімді беретін, Жауапты дәл таба біліңдер. Ұмытылып тек алға басатын, Білімді, шын мықты өрендер Математик атанар болашық Болыңдар жас ұлан, кемеңгер!!! Білімді өзектендіру. «Ауызша есеп» ауызша жұмыс. 1. 499 бен 501 сандарға көршілес санды атаңыз?(500).2. Ең кіші үш таңбалы санды айтыңыз? (100).3. Ең үлкен үш таңбалы сандарды айтыңыз? (999) Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Сұрақтар: - 1 км = 1000 м - 1м = 10дм = 100 см | Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!» | ДКэкраны Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары. |
Ортасы Сергіту сәті 4мин | Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Жаңаны ашу. -Салмақ өлшемінің кестесіне қара.(кесте көрсетіледі) Көріп тұрғаныңдай грамм - салмақ өлшем бірлігінің ең кіші бөлігі. 1кг =1000 г. -1-суретке зер сал. (52 беттегі 1 сурет көрсетіледі) Астанадағы Бәйтеректің биіктігі 97м, ал басындағы шарымен қоса есептегенде 105 метр. Шардың диаметрі 22м, массасы -300 тонна. Ғимаратты салу барысында 999 тоннаға жуық металл құрастырылымы қолданылған.Жаңа танысқан қандай өлшем бірлігін қолданған? -Әрине, тонна. Жазбаша 1 тонна (т) болып жазылады. 1т=1000кг (жазылуы көрсетіледі) -Салмақ өлшем бірлігіне қатысты кестеге қара. .(кесте көрсетіледі) Оқы.Есіңде сақта! 1т=10ц 1 т =1000 кг 1ц=100кг 1 т= 10ц=1000кг=1000 000г 1кг=1000г 1ц=100кг=100 000г 2-тапсырма.Өсу ретімен орналастыр.(52 беттегі 2-тапсырма көрсетіледі) А) 20 кг; 2ц; 2т; 200г; 8 кг; 800кг. 200г; 8кг; 20кг; 800кг; 2ц; 2т. Ә) Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. 2 т = 2000 кг 7000г=7 кг 5 кг = 5000г 6000кг=6 т 3-тапсырма.Бос орынды толтыр.(52 беттегі 3-тапсырма көрсетіледі) 903г+7г=1кг 8см+2см=1дм 9ц+1ц=1т 6см+40мм=1дм 5ц5кг+495кг=1т 9дм+10см=1м Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Оңға - оңға түзу тұр Солға - солға түзу тұр Жоғары - төмен қарайық Қолымызды созайық Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық. 4-тапсырма.Есепте.(53 беттегі 4-тапсырма көрсетіледі) 1кг-650г=350г 568г+432г=136г 85мм+12см=20см5мм 6ц8кг-48кг=560кг 1т-695кг=305кг 19см+15мм=20см5мм 5-тапсырма. (53 беттегі есеп көрсетіледі) Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңында мерекеге арналған шатыр құрылды. Металл құрылғының массасы 5ц55кг, ал оның жабындысы 110 килограмға жеңіл.Шатырдың барлық массасы қандай? Металл құрылғы - 5ц55кг ? Жабынды-? 110кг жеңіл Шешуі: 5ц =500кг 500 + 55=555 (кг) 555-110=445 (кг) (жабынды) 555+445=1000 (кг) Жауабы: Жабынды - 445 (кг) Шатырдың барлық массасы – 1000 (кг) | Оқушылар сұраққа жауап береді. Берілген тапсырма бойынша өздігінше орындау. Оқушылардың көңіл - күйін ширатып, белсенділігін арттыру. Өзара және оқытушымен қарым – қатынасты нығайту. | Әр бір дұрыс шығарылған есепке 3 балл мен бағаланады. | ДК экраны 3-сынып оқулығы. ДК экраны |
Сабақтың соңы. Жеке жұмыс: Рефлексия__«Қалыптастырушы_бағалау»_әдісі'>5 мин. Рефлексия | «Қалыптастырушы бағалау» әдісі Әрбір балаға жаңа сабақты қорытындылау үшін есептер беріледі. 4 ц 23 кг = 423 кг 7 т 2 ц = 7200 кг 2 т = 20ц 25 000 кг = 25 т 9 ц = 900 кг 6 ц = 600 кг Дескриптор: Есептеудің жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері,түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын түсіну және пайдалану білігі дамиды. Рефлексия. Үйге тапсырма: 53 бет № 6 № 8(1,2) | Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, түсінгенін «Қалыптастыру- шы бағалау» әдіс іарқылы көрсетеді. | Дескриптор: Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Өте жақсы!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,. | ДК экраны 3-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Мұғалімнің аты-жөні______________________________________________________
Баға_____________________________________________________________________
Қолы____________________________________________________________________
Әдіскер__________________________________________________________________