Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Электр тогыны жмысы мен уаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;

Көптеген оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатына мысалдар келтіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту


15 минут

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау

Үй тапсырмасы

Кері байланыс


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты, міндетін айтып, бағалау критерийлерін түіндіремін.

Балалар, біз күнделікті тұрмыста токпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш,теледидар, үтік т.с.с)

Электр тогы дегеніміз не?  Электр тогының қандай әсерлері болады?

Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар қарама -қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді.Үйге берілген тапсырманы бір- біріне сұрақ -жауап қойып өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтар: өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндеқандай шама тұрақты болады?өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай шама тұрақты болады? т.б.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.



Сабақтың тақырыбын ашады.Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін.Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін.Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор,миксер,үтік т.б)

Ал, енді сұрақ: электр тогының жұмысы неге байланысты?

Тақтадағы электр тізбегі бойынша демонстрациялық тәжірибе көрсетемін.



Нені байқадыңыз?Оқушылар 2-ші схемада электр шамының 1-шіге қарағанда бәсеңдеу екенін көріп, ток күшінің жұмысы кернеуге байланысты екеніне көздері жетеді.Мұғалім тақтаға AU белгілеп қояды, оқушылар дәптерлеріне белгілейді.

Тағы токтың жұмысы неге байланысты екен, ол үшін тақтадағы схема бойынша тізбек құрамыз,



Реостатың көмегімен ток күшін азайтып көбейте отыра, оқушылар электр шамының жарықтығының өзгергенін байқап, токтың жұмысының ток күшіне тура пропорционал екеніне көзі жетеді. Қорытынды: AI Сондай-ақ токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете    A=I·Ut    формуланы қорытып шығарамыз.SI  жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді.      1Дж=1A·1B·1c

   II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.   Электр  қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең:   P = А/t= I U

    Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

P=U2/R және P = I2R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат  бірлігіне ватт алынған: 1Вт

 

«Айналмалы бекет» әдісі. Жеке жұмыс (I)

1. Электр санауышында ток жұмысының 1кВ·сағ=3,6·106 Джекенін дәлелдеу.

864·106 Дж-ды кВ·сағ айналдыру.

2. 1кВ·сағ-қа тариф 19 теңге болса,бір айда 180 кВ·сағ-қа қанша төлейміз? (оқулықтан ізденіп формуласын табады)

3. Электр тогын қалай үнемдеуге болады?Берілген суреттер бойынша бір айға кеткен энергияның мөлшерін анықтаңдар?
Жеке жұмыс.Еептер беріледі, тексеретін кезде жауабын мұғалім айтады, оқушылар өздерін тексереді.

1.Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.
Жауабы: 26 Вт

  1. Қуаттары 1 40 Вт және 2 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?

Жауабы: 14,4 Вт; 9,6 Вт

3. Егер J1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)



Жауабы: 100 Вт

4. Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 болса, орама жасалған сымның меншікті кедергісін анықта.

Жауабы: 1,3 Оммм2

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Үй тапсырмасы: §42, 44 21 жаттығу (8,9)



Оқушылар тұрмыстық құрылғылар арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.(теледидар, үтік, тоңазытқыш)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді

Демонстрациялық әдіс-өте тиімді әдіс.Барлық бала қызығушылығымен сабаққа қатысады.Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады

«Айналмалы бекет» әдісі барлық оқушы сабаққа қатысып, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке дағдыланады.

Оқушылар теориялық білімдерін практикада есептер шығаруда жалғастырады.

Оқушылар сабақ бойынша рефлекция жасап сұрақтарға жауап береді



Бағалау критерийлері
- токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;
- токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

- алған білімін тұрмыста қолдана біледі

Дескриптор:

-Өткізгіштерді тізбектей, параллель жалғаудың формулаларын біледі

-Тізбектей,

параллель жалғаудың айырмашылығын ажырата біледі.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Электрсанауышымен жұмыс жасай алады

- Токтың жұмысының өлшем бірліктерін ажырата алады

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Қуат формуласын біледі және оны қолданады

-Тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарын біледі және қолданады

-Кедергі формуласын біледі және оны қолданады.

Жалпы балл-6

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл










Интерактив тақта,

оқулық
Физика 8-сынып.

Н.А.Закирова Р.Аширов
Демонстрациялық құралдар:
амперметр,
вольтметр,ток

көзі,

кілт,

қыздыру шамы,

реостат,

сымдар,

секундомер



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Токтың жылулық қасиеті және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат алады.

Көптеген оқушылар істей алады: Джоуль-Ленц заңы  формулаларын қолданып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар істей алады: Электр қыздырғыш құралдарының энергия шығынын анықтайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут


Бекіту
15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау


Үй тапсырмасы


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар сурет  қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.

1.Электр тогы деген не?

2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?

3.Тұрақты ток деген не?

4.Электр тогының қандай әсерлері болады?

5.Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар

 6.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.

7.Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.

8.Электр тогының жұмысы.

9.Электр кернеуі деген не?
«Ой қозғау» әдісі. Суреттерге арқылы отырып жаңа тақырыпқа шығу.



Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің  бар екендігімен ерекшеленеді.Яғни бүгін токтың жылулық әсері  Джоуль- Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады.   Q=A=IRt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.

Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.

Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.

Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
«Сәйкестендіру» әдісі Жеке жұмыс (I)

Анықтамасы

Формуласы

Өлшем бірлігі

Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың  көбейтіндісіне тең

P=I·U

Вт

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек

Q=I2 ·R·t

Дж

Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады

A=I·U·t

В


Деңгейлік есептер шығару. Джоуль –Ленц заңының формуласына сүйеніп есептер шығару. А,Б,С деңгейіндегі есептерді тақтамен жұмыс жасау арқылы шығару.
А деңгейінің есептер

1. Егер қалта фонары шамының  кернеуі 3,5В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді.

2. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар.

3. Кернеуі 220В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар.
В деңгейінің есептері

1. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут  ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.

2. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.

3. Тізбектегі деректерді пайдаланып шамның қуатын есепте. Кернеуі 25 вольт, ток күші 0,25 ампер, токтың қуатын табу керек.

С деңгейінің есептері

1.    Тізбектегі деректерді пайдаланып, токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2 А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.

2.    Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр -120В.

3.    Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың жұмысын есепте. Вольтметр – 100В, резистор -30 Ом, уақыт – 3 сек



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
§43 оқу


Оқушылар өлшеуіш құралдар салынған сурет қиындыларын құрастырады.(электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат)


Оқушылар суреттерге қарап отырып жаңа тақырыпты ашады. Джоуль –Ленц заңының өрнегін қалай қорытып шығуды түсініп, бұл заңның техникада қолданысын түсінеді.

Оқушылар берілген сәйкестендіру қағазындағы тапсырманы орындайды.

Жоғарыда алған практикалық білімдерін теорияда есептер шығаруда қолданады

Оқушылар сабақ бойынша кері байланыс жасап сұрақтарға жауап береді


Бағалау критерийлері
-Электр тогының жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц формуласын есептер шығаруда қолданады

-Жұмыс пен қуаттың туынды бірліктерін негізгі бірлікке айналдырады

-Электр қыздырғыш құралдарының энергия шығынын анықтайды


Дескриптор:

-Тізбек бөлігі үшін Ом заңын сипаттайды.

-Электр тогының жұмысы мен қуатын біледі.

-Электр тогын сипаттайтын шамаларды атайды.
Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Джоуль-Ленц заңын тұжырымдайды.

-Формуласымен өлшем бірлігін сәйкестендіреді.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Есеп шартын жаза алады.

-Формуланы қолданады.

-Дұрыс есептеулер жүргізеді.

-Формулаға түрлендірулер енгізеді.

Жалпы балл-6

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл


электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат сурет қиындылары

Интерактивті тақта, электронды оқулық,

Оқулық Физика 8-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева
Оқулық

Слайд

Дк экран