Файл: Блім Апаратты сыну Педагогті Т. А.. (болан жадайда).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім:

Ақпаратты ұсыну

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Махажан Ұлжан Нұрланқызы

Күні:




Сынып: 5-сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екілік ақпаратты ұсыну.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.4 компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынылғанын түсіндіру


Сабақтың мақсаты

(білу және түсіну, қолдану, жоғары ойлау дағдысы)

- компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынады.

Бағалау критерийлері:

(білу және түсіну, қолдану, жоғары ойлау дағдысы)

- ақпарат екілік түрінде ұсынады.

- ақпаратты кодтау әдістерін қолданады.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушы үшін (қысқартылған бағдарлама негізінде)

- ақпарат екілік түрінде ұсынады.

- ақпаратты кодтау әдістерін қолданады.

(есту қабілеті бұзылған балалар)

Ойлау дағдыларының деңгейі

(білу және түсіну, қолдану, жоғары ойлау дағдысы)

Қолдану

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс тар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көңілді сөз» жаттығуы. Қасында отырған оқушыға қарап көңіл көтеретін бір сөз айту.Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі... -Үй тапсырмасын оқушылар «Бір минут» әдіс тәсіл арқылы тоқтаусыз, қайталаусыз, қатесіз ілесу тәртібімен айтады. 1. Мәтіндік ақпарат дегеніміз не? 2. Шифрлау дегеніміз не? 3. Шифрлаудың қандай әдістерін білесіңдер? 4. Цезарь шифрының ерекшелігі неде?

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.








Сабақтың ортасы

Ұсыну түрлеріне қа-

рай ақпаратты екілік кодтаудың негізгі 3 түрі бар
Қоршаған ортадан алған ақпаратты компьютерде қалай көрсетуге болады? Ақпаратты компьютерде көрсету үшін екілік кодтау әдісі қолданылады.

Ақпаратты кодтаудың мәтіндік түрінде әріптер мен символдар

сол мәтін жазылған

алфавиттің символдарымен

кодталады.

Ақпаратты кодтаудың

сандық түрінде сандық ақпарат кодталады. Ақпаратты кодтаудың

графикалық түрінде

ақпарат суреттермен,

кескіндермен кодталады.

Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде оның әр

символын сегіз нөл мен бірлерден тұратын байт деп аталатын тізбек

арқылы ұсынады. Нөл және бірлердің орындарын ауыстыру арқылы8 биттен тұратын тізбектен 256 түрлі тізбек құруға болады.

Символдар мен кодтардың сәйкестігі арнайы код кестесінің

көмегімен орнатылады. Ол кесте ASCІІ коды деп аталатынын
1-тапсырма.

1-тапсырма. Тақырыпта кездесетін терминдердің ағылшын тілін-

дегі баламасы ASCІІ кестесінде кодталған. Терминдерді

д екодтап, қазақ және орыс тіліндегі аудармасын тап.

ЕБҚО (есту қабілеті бұзылған оқушыға) 1 - тапсырманың 2 сөзін ғана декодтайды, жұмсаған күш-жігерін марапаттап отырамын.
2-тапсырма.

Берілген ондық кодпен жазылған сандарды екілік кодта жаз.

84, 101, 97, 99, 104, 101, 114
ЕБҚО (есту қабілеті бұзылған оқушыға) тапсырманы оған жетістікке жетуге көмектесетін адаммен бірге (жұпта) орындау
3-тапсырма

Егер әр бетте 30 жол, 70 символ болса мәтіннің әрбір бетінде қанша символ болатынын анықта.1 бетте қанша байт, қанша бит болатынын тап.

ЕБҚО (есту қабілеті бұзылған оқушыға) тапсырманы оған жетістікке жетуге көмектесетін адаммен бірге (жұпта) орындау
4-тапсырма

Графикалық суретте

«Информатика» пәніне қатысты

терминнің ағылшын

баламасы жасырылған. Ол сөзді тап.

ЕБҚО (есту қабілеті бұзылған оқушыға) тапсырманы оған жетістікке жетуге көмектесетін адаммен бірге (жұпта) орындау
Топтық жұмыс

1-топ неліктен ақпараттық кодтау әдістерін қолданамыз.

2-топ мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеуде 256 символ қолданылады.



1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды

3-тапсырманы орындайды

4-тапсырманы практикалық тапсырманы орындайды.


дескриптор:

- 1-ші сөзді декодтайды.

- 2-ші сөзді декодтайды

-3-ші сөзді декодтайды.

Барлығы 3 балл

Бағалау парағы


дескриптор:

-ондық кодпен жазылған санды екілік кодта жазады. 2 балл

Бағалау парағы

дескриптор:

-қанша байт, қанша бит болатынын анықтайды.

Барлығы 3 балл

Бағалау парағы


дескриптор:

-графикалық суреттегі сөзді анықтайды.

1 балл

Бағалау парағы


дескриптор:

ақпараттын кодтау әдістерін анықтайды.

256 символ қолданатанын анықтайды.

1 балл

Бағалау парағы



Слайд

жұмыс дәптері
оқулық
таратпа қағаздар.

ДК

оқулық


ДК

оқулық

жұмыс дәптері
оқулық



Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»

Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,

үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 6, ASCII кодтау кестесінің көмегімен мына сөздерді кодта.

ОТАН, МЕКТЕП, МОНИТОР, МОДЕМ, ИНТЕРНЕТ