Файл: Трбие сааты житс xxi асыр дерті. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағаты: ЖИТС – XXI ғасыр дерті.
Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 8Б сыныбындағы «ЖИТС – ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Ақтоты: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
1-оқушы (Клара): Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
2-оқушы (Санат): 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.
3-оқушы (Айнұр): 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.
Ақтоты: Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.
4-оқушы (Ардақ): Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
5-оқушы (Ұлжалғас): ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.
6-оқушы (Ақжол): ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Нұрсұлтан: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.
Алтауы (бірге):
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір салтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
Ақтоты: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.
Нұрсұлтан: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.
Ақтоты:

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық! – деп жастарды салауатылыққа шақыратын «Болашақ» тобымен таныс болайық.
Тобымыздың аты – «Болашақ»,

Келгеніміз жоқ жай бірақ.

Денсаулығымызды қорғауға

Шықтық біз де топ құрап.

Кілең сайдың тасындай

Сегіз ұланнан тұрамыз.

Сөз сөйлейміз жасындай,

Осындай топ боламыз.
Иманыңды, дидарыңды

Тазалап ал, қазағым,

Ұрпақтарың, ұл-қыздарың

Түзу бассын қадамын! – деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген «Денсаулық» тобын ортаға шақырайық,

Салем бердік қауымға,

Үлкен- кіші ауылға.

«Денсаулық» тобымызды

Таныстырдық баршаға.

Зиянды әдеттерден озбайтын,

Жамандыққа бармайтын,

Салауатты өмір салтын ұран ғып,

Баршағымызға келіп тұрмыз.
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (Екі топ кезек-кезекпен айтады).
Болашақ тобына

Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
Денсаулық тобына

Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды)
Болашақ тобына

Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)
Денсаулық тобына

Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)
Ситуациялық жағдайды талдау. Ойналуға 2 минут уақыт беріледі.

«Болашақ» тобына


1. Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?


«Денсаулық» тобына

2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Келесі кезеңімізде 2 топқа да бірдей тест беріледі. Екі топтың бүгінгі сабағымызды қаншалықты естерінде сақтағаны туралы білеміз.
Тест «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»

«Д» – дұрыс, «Қ» – қате1 ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Д Қ

2. Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Д Қ

3. Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті. Д Қ

4. ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д Қ

5. Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Д Қ

6. Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Д Қ

7. Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д Қ

8. ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д Қ

9. ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Д Қ

10. ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Д Қ

11. ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді. Д Қ

12. ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д Қ

13. ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д Қ

14. ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д Қ

15. Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан. Д Қ
Нұрсұлтан: Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз? тестінің дұрыс жауаптардың тізімі

1. ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті Қ

2. Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады. Қ

3. Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті Д

4. ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес. Д

5. Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек. Қ

6. Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады. Қ

7. Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея. Д

8. ЖҚТБ-ны вирус қоздырады. Д

9. ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды. Қ

10. ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады. Қ


11. ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді. Қ

12. ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде. Д

13. ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас. Д

14. ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Д

15. Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан. Д

Жауаптарымыз жинап, мұғалім мен көмекшілеріне тапсырамыз, олар нәтижесін шығарғанша, мәнерлеп оқу сайысының жүлдегерлеріне сөз береміз.
7-оқушы (Өтеген):

Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі таппады ешкім,

Сол бұл зұлым пақырдың.
8-оқушы (Әлия):


Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?

Құрбанысың СПИД деген кеселдің.

Ақталмай-ақ кетіп барады арманы

Жалғыз бала деп өсірген әкенің.

Кім кінәлі аялаған анаң ба,


Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тесттің нәтижесі – «Болашақ» және «Денсаулық» топтары – 15 сұраққа барлығы да дұрыс жауап берген. Қорытындыға келетін болсақ, бұл тәрбие сағатымыздан екі топта мұнда айтылған мәліметтердің барлығында естерінде жақсы сақтаған деген шешімге келеміз.
Мұғалімнің сөзі:

Міне, балалар ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».