ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
МҰҒАЛІМНІҢ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ
(сабақ тақырыбы)
МОДУЛЬ/ ПӘН: КМ 03. Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету
(Педагогикалық шеберлік негіздері)
Дайындаған педагог: Жетилгенова А.А. 2023 жылғы "13 " ақпан
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: ШТ-М-20
Сабақ типі, түрі: Жаңа білімді хабарлау, іскерлік ойын сабағы.
2. Мақсаты, міндеттер
- туралы жалпы таныстыру
-Жасерекшелік психологиясының даму тарихымен таныстыру
-Жасерекшелік психологиясының периодизациясымен таныстыру
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
-
Н.А. Неудахина ОСНОВЫ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА Издательство АГАУ 2009 -
В.Т. Сопегина ОСНОВЫ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА Екатеринбург РГППУ 2010 -
С.Д.Якушева Основы педагогического мастерства УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ Оренбург 2004 -
Жигалова М.П. Основы педагогического мастерства
1.Ұйымдастыру кезеңі
- «Көңілді сәлемдесу» әдісі
Студенттер көңілді әуенмен оқытушымен амандасып, үстел үстінен төсбелгі таңдап сыныпқа кіреді.
2. Өткен тақырыппен байланыс орнату.
- «Педагогикалық қызметтегі актерлық шеберлік және режиссерлік элементтер» тақырыбы бойынша Quizlet платформасы арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.
- «Learning apps» қосымшасымен «Анаграмма» әдісі арқылы жаңа тақырыпты анықтау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Coggle.it қосымшасы арқылы «Maind map» (Ментальды карта) әдісімен оқытушының түсіндірмесі
Жоспары:
-
Сөйлеу әдебі
2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
Біз күнделікті өмірде жазғаннан гөрі, ауызша көп сөйлейміз. Соның ішінде мұғалімнің сөйлеу тілінің сапасына сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы кіреді. Дүние есігін ашқан жас бала сөз сөйлеуді, тыңдауды үлкендерден үйренеді. Балаға, оқушыға сөйлеп үйренуде қоршаған орта, яғни мұғалімдер, қоғамдық орындар, мектеп, балабақша, т.б. тікелей әсер етеді.
Ауызша сөйлеудегі дағдыланудың ең қажет сатысы – сөз. Сөйлеу тілі арқылы мұғалім оқушыға білім нәрін құйып немесе түрлі сөздермен оқушылардың санасын қалыптастыруға, таным деңгейін арттыруға, тіл арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйретеді.
Сөйлеу тілінсіз мұғалім – мұғалім емес. Сондықтан да мұғалімдер үшін сөйлеу тілінің ерекшеліктері, маңызы өте зор болып саналады. Адамға ауа қандай қажет болса, мұғалімдер үшін де сөйлеу тілі сондай қажет. Дей тұрғанмен, әр мұғалімнің өзіндік тіл ерекшеліктері, дауыс ырғағы, тәжірибесі, мимикалық іс-әрекеті де әртүрлі.
Мұғалімнің сөйлеу тілінің негіздері – ауызша сөйлеу мен жазбаша тіл. Сонымен қатар дауыс ырғағы, үні, дауыс күші, интонация, сөздердің дұрыс байланысып, сөйлемнің дұрыс құрастырылуы, анық естілуі, дұрыс сөйлеу, тіл тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлігі, ой тиянақтылығы жатады. Бұлардың қатарына мұғалімнің дикциясын, яғни дұрыс дыбыстап айтуын да жатқызамыз. Мұның барлығы да сөйлеу тілінің негізгі элементтері әрі сабақтың сапасын арттырушы қасиеттері болып табылады.
Кез-келген мұғалімнің сөйлеу тілінің деңгейі жоғары болуы үшін алдымен педагогтік әдеп пен ұстаздық шеберлік қажет. Болған немесе болатын оқиға, пікір-талас, ой қорытындысына байланысты мұғалімнің сөйлеу тілі де біркелкі, біржақты емес, әр қырлы болып отырады. Болашақ мұғалім оқу орнында жүргенде-ақ өзінің бойында ұстазға тән қасиеттерді қалыптастыра бастау керек.
Оқушылар қазіргі жаһандану заманында ғылым мен техника, қоғамның үздіксіз дамуын назардан тыс қалдырмайды, ал әрбір жаңалыққа құштар мұғалім сыныптағы ахуалға, тосын жағдайларға тез арада бейімделіп, шешімін тауып, әділ бағалап отыруы тиіс.
Дикциясы жақсы мұғалімді оқушылар да асқан қызығушылықпен тыңдайды. Мұндай сабақ қызықты өтеді. Сондай-ақ сабақты қызықты өткізіп қана қоймай, мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді, яғни дикция – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты тығыз орнатудың сатысы. Дикцияның түрлері өте көп. Өте жақсы дикция деп үні жағымды, орфоэпиялық заңдылықты білетін, сөзі анық, интонация, екпін, т.б. кідірістерде мәнерлеп оқып, байыпты, қалыпты сөйлеуді айтамыз. Мысалы, сабақ барысында да бір сөзді 25 балаға айтқызсақ, сол сөздің 25 түрлі айтылғанын естиміз. Сонымен қатар бір адам бір сөйлемді әртүрлі естіп, дауысын, үнін, интонациясын, т.б. өзгертіп, сан құбылтып айта алады. Мұғалім сабақ түсіндіргенде, ойын жеткізгенде, әртіс сияқты мың құбылып, шамасы келгенше, оқушының зердесіне құюға тырысады.
Мұғалім үшін тағы бірден-бір қажет нәрсе – интонация. Өйткені әр жағдаятқа келгенде, бірқалыпты сөйлей бермей, оқу, оқыту, жағдайында құбылта, келтіре, ұқсата сөйлеу керек. Ешбір заңдылықты сақтамай, бірқалыпты сөйлеп өткізген сабақ оқушының қызығушылығын төмендетеді, сабақты толық түсінуіне де кедергі келтіреді.
Мұғалім аузыекі сөйлеп қана қоймай, дауыс ырғағы мен дикциясы арқылы оқушы санасына әсер етіп, «тағы қандай қызықты дүниелер айтады екен» деген ой туғызып, сабақты одан әрі жандандыра түсуге ықпал етуі тиіс.
Сухомлинский «Тәрбие өнері дегеніміз – ең алдымен, сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба білу өнері. Мұғалім сөзі – шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал» деген. Бұл сөзде расында да үлкен шындық бар. Өйткені сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, қоштасуымен аяқталады. Демек, сыныптағы негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан да сыныпта оқушының сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де ерекше мән беруі керек.
Дұрыс сөйлеген мұғалім әрқашан да оқушыларына үлгі болады. Әр оқушы тәрбиені, тәртіпті, үлгіні өз ұстазынан алуға ұмтылады, соған ұқсағысы келеді.
5.Топпен практикалық жұмыс (топтық жұмысқа 15 минут, қорғауға 5 минут беріледі )
І топ | ІІ топ |
Педагогикалық техника туралы жаңалықтар топтамасын жасайды | Педагогикалық қарым-қатынастың формасы жайлы теле бағдарлама жүргізеді |
ІІІ топ | ІҮ топ |
Педагогикалық коммуникативтік іс-әрекет жайлы журналистік зерттеу жүргізеді | Бақылаушылар тобы үш топқа бір –бір өкілін бақылаушы етіп жібереді. Қалған студенттер тақырып бойынша АКТ құралдар мен гаджеттерді пайдаланып білім бақылау сұрақтарын дайындайды. (әр топқа 5 сұрақтан) |
6.Бағалау
- Бақылаушылар тобының топтарда жұмыс жасаған өкілдері кіші топ жұмысын бағалайды.
- «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы жұмыс кезеңдері бойынша бағалары қорытындылау.
7. Сабақ бойынша кері байланыс
« Пазл» әдісі
Студенттер сабақ басында таңдап алған төсбелгілерінің артында жасырылған сөздерді қабырғадағы пазл бөлшектерімен сәйкестендіріп, тұтас пазл құрастырып сол бойынша түйін жасайды.
4.Үй тапсырмасы
- Тақырып бойынша трек-конспет жазу, хронологиялық кесте толтыру
- Колледж студенттерінің сөйлеу мәдениетіне баулу презентация жасау.