ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: Отбасы - тәрбие бастауы
Мақсаты:
-
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.
2 . Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау,өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау.
3. Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту.
Күтілетін нәтиже:
Ата аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету.
Түйінді идея: Обасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең ,балаға түзу тәрбие бер деп ата- бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, тәрбиелі, адамгершілігі мол ұрпағын тәрбиелейік.
Көрнекілігі: видео роликтер, маркерлер, А4 қағазы, интербелсенді тақта, май шам
Бүгінгі «Отбасы-тәрбие бастауы » атты коучингке қош келдіңіздер!
Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.
Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер деп коучингімізді жалғастырайық
Коучинг кезеңдер | Коуч әрекеті | Ата-ананың іс-әрекеті | Ресурстар |
1. Танысу тренингі | 1. « Есім және қимыл жаттығуы» Балықтарыңызды ортаға шақырамын Бір бірімізбен жақынырақ танысып алайық .Қазір әрқайсымыз алға бір қадам шығып өз атымызды айтып өзіне ыңғайлы бір жаттыу жасайды,қалғанымыз аталған есімді қайталап, жасалған қимылды бірге орындайды . соңына дейін осылай жалғасады. | Ата-аналар шеңберге тұрады | |
2. Топқа бөліну | Ата аналар « Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш.Сол ағаштың несі болар едіңіз ? тамыры ,діңі, бұтағы жапырағы : Әркім қалауы бойынша тамыр, дің, бұтақ ,жапырақ болып бөлініп отырады. Сіздер неге тамырды,діңді, бұтақты, жапырақты таңдадыңыздар соны топ мүшелерімен бірлесе отырып анықтап топтан бір адам шығып айтасыздар (Суретті іледі )Енді осы ағаштың тамыры -әке,діңі-ана, бұтағы ұстаздар, жапырағы балалар.Тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жайқалта жапырақ жайса ағашымыз мол жемісін бермек.Осындай жақсы тілекпен коучингті әрі қарай жалғастырайық. | Ағаштың суреттері: тамыр, бұтақ,сабақ, жапырақ. | |
3. Коучинг басындағы көңіл-күйді анықтау | | Қатысушылар бір парақ ақ қағаз алып ортасынан екі бүктейді. Бір бөлігіне көңіл-күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды | А4 қағазы, маркерлер |
4. Қызығушылықты Ояту | Бала тәрбиесі туралы ролик | https://www.youtube.com/watch?v=bSN4Sg2Tg7E | АКТ |
5. Бейне ролик | Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі қатаеліктері Осы бейне жазбадан түйгендеріңізді ортаға салсаңыздар | Ролик туралы ата-аналардың пікірін тыңдау | АКТ |
6.Топтық жұмыс | 1-топ.Баланың дарындылығын анықтауда қандай әрекеттер жасар едіңіз ? 2-топ.Не ексең соны орасың . мақалдың мағынасын ашу .Өз балаңыздың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? 3-топ .Баланы теріс қылығы үшін жазалау керек пе? 4-топ Балаға қоршаған ортаның қандай әсері бар? | | |
7. Сергіту сәті | «Кім жылдам» ойыны Допты қағып алу арқылы сұрақтарға жауап беру Балаңыз қай жылы дүниеге келді? Балаңыздың туған күні? Балаңыз қандай өлшемдегі аяқ киім киеді? Балаңыз қандай түстерді жақсы көреді? Балаңыздың ұстазының толық аты жөні? Балаңызға ашуланғанда аузыңызға алғашында қандай сөз түседі? Балаңызды қалай еркелетесіз? Бүгін аптаның қай күні? Сіздің балаңыз нешінші кабинетте оқиды? Қазір жылдың қандай мезгілі? Балаңызға күніне қанша уақыт бөлесіз? Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады? | Ата-аналар берілген сұрақтарға жылдам жауап береді. | Доп,сұрақтар |
8. Ой жалғау тренингі | Мақал- мәтелдің жалғасын табу Алдыңғы арба қайда жүрсе..... Бала ұяда не көрсе.... Таяқтау оңай..... Дұрыс қанаттанған құс Бала тәрбиесі..... Анаға қарап.... Ана көрген... | Ата-аналар мақалды жалғастырып,мағынасын ашады. | |
9.Қорытынды Кері байланыс Тілек шамы | Отбасы - ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне терең үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. | | Коучинг барысында айтылмай қалған ойлары болса айтып,коучингтан алған әсерлерімен бөліседі |
Коучинг соңындағы көңіл-күй | | Смайликтер немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды. Бұл іс әркет арқылы қатысушының коучинг соңындағы көңіл-күйі анықталады. | |