Файл: Жшс Алтынай баытты ббекжайы ош келді,Алтын кз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ЖШС «Алтынай бақытты» бөбекжайы



«Қош келдің,Алтын күз»

Ересек«Балдырған»тобы



Тәрбиеші:Ділдабекова М.Е.

2021 – 2022 оқу жылы

Бекітемін:

Бөбекжай басшысы

Ж.А.Нурманова

Күні: 21.10.2021ж

Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар,халайық,

                       Бармысыздар,халайық!

                       Күзгі  тойды жұп жазбай,

                       Бірге қарсы алайық!

Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар,қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Қош келдің,Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға ересек «Балдырған» тобының  бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.)

Ән: «Күз тамаша»

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                    Жасымыз бен кәріміз.
                     Қырдан кепті қыдырып,
                     Алтын күз бізге нұр төгіп.

                     Тілегім аман болсын ел іргесі,
                     Алтын күз қайта келді берекесі.
                     Молшылықтың жаршысы бола білді,
                    Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Балалар «Алтын күз»мерекесіне  жиналдық.Бірақ бізде кім жетіспейді.Сендер білесіңдерме ол кім?

Балалар : Ол күз ханшайымы.

Жүргізуші: Ендеше  күз ханшайымын шақырайық.

(Сиқырлы әуен ойнайды. Балалар тыңдайды. «Күз ханшайымы» кіріп келеді.)

Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,

                                 Жомарт көңіл жарқын күз.

                                 Сары алтынға малынған,

                                 Мен Күз ханшайымымын,

                                 Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

– Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Күз бақыт, береке әкелсін!

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе, «Күз ханшайымы»

Күз ханшайымы: Балалар, сендер менің күз мезгілі екенімді қайдан біліп қойдыңдар?


Балалар: Сары жапырақтарыңыздан.

Жүргізуші: – Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Бүгінгі мерекеміздің қонағы болыңыз, балалардың өнерін тамашалайық.

Би: «Күзгі вальс»

Жүргізуші:Балалардың дайындаған тақпақтарың тыңдаңыз:

Ортаға жемістер мен көкіністер шығып өздері туралы тақпақтар айтып береді:

Алибай Айзере:

Дөп дөнгелек сап-сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасын көріп,

Менің атым өрік.

Б.Айша:

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

Ә.Айша:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз, тәттіміз.

Е.Айкөркем:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ, сақтаймын.

Әділхан:

Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Раяна:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Д.Ағайша:

Мен маржандай шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Жемістерім піскенде,

Басымды жерге иемін!

Айсұлтан:(қияр)
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Жанәли:(Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Алихан: (Қауын)

Жинап досты бауырды

Ортаға алдық қауынды

Жарып ішін қауынның

Қарық қылдық қауынды

Әли:( Жүзім)
Мен жүзіммін,жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.

Ендеше балалар осы жеміс көкеністерімізге қатысты ойын ойнайық.

Ойын: «Дәмін ажырат».

Ойынның шарты: Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуанышты күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой деп, – биімен ортаға қыздарды  шақырамыз.

Би: «Кемпірқосақтың тілегі»

Жарайсыңдар балалар  бір тынығып алдық.

Тақпақтар:

Қазына:

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз.

Гүлсезім:

Күз келгенде тамаша,

Ән саламыз жараса.

Жеміс -жидек піскенде,



Жейміз оны таласа.

Аяна:

Алақай, алақай

Шаттанады балақай.

Береке- салтты күз,

Мереке- алтын күз.

Нұрбек:

Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке.

Айназ: 

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады   біздерді.

Жүргізуші

Балабақша бағында,
Сайраңдаймыз жанында.
Нақ өзіндей бүлдіршін,

Күз мезгілін тойлауда.

Ән: «Айгөлек»

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Күз ханшайымы біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балаларымыз тағы да тақпақ айтып береді:

Айым:

Сарғайды тоғай,

Сап- сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Нұрәли:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет тамаша ,

Қандай әсем күз.

Айару:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан, жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ақерке:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Еркем:

Күздің қазан айында,

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Ж.Айкөркем:

Тоңазыпты атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

Адилбек Айзере:

Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күн бірте суытып, 
Жауын көп жауады. 

Айлин:

Ағаштардан жамырап, 

Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 

Шашу шашты жапырақ! 

Еркебұлан:

Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Жүргізуші: Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар,ол сонымен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,

Билеп-билеп алайық.

Шыр етіп айналып,

Теріс қарап отырайық.

(Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды.)

Күз ханшайымы:Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ендеше мені басқа балалар күтіп жатыр. Сау болыңдар балалар!(Күз кетеді)

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Балдырған» тобының 
«Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз, берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын! Сау болыңыздар!


Алибай Айзере:

Дөп дөнгелек сап-сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасын көріп,

Менің атым өрік.

Б.Айша:

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

Ә.Айша:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз, тәттіміз.

Е.Айкөркем:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ, сақтаймын.

Әділхан:

Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Раяна:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Д.Ағайша:

Мен маржандай шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Жемістерім піскенде,

Басымды жерге иемін!

Айсұлтан:(қияр)
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Жаннұр: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.

Жанәли:(Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Алихан: (Қауын)

Жинап досты бауырды

Ортаға алдық қауынды

Жарып ішін қауынның

Қарық қылдық қауынды

Әли:( Жүзім)
Мен жүзіммін,жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.


Қазына:

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз.

Іңкәр: Алтын,алтын,сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Біз бақшаға баратын

Алақай-ау күз жақын.

Гүлсезім:

Күз келгенде тамаша,

Ән саламыз жараса.

Жеміс -жидек піскенде,

Жейміз оны таласа.

Аяна:

Алақай, алақай

Шаттанады балақай.

Береке- салтты күз,

Мереке- алтын күз.

Нұрбек:

Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке,

Айназ: 

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады   біздерді.

Айым:

Сарғайды тоғай,

Сап- сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Нұрәли:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет тамаша ,

Қандай әсем күз.
Айару:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан, жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.
Ақерке:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Еркем:

Күздің қазан айында,

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Ж.Айкөркем:

Тоңазыпты атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

Адилбек Айзере:

Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күн бірте суытып, 
Жауын көп жауады. 

Айлин:

Ағаштарданжамырап, 

Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 

Шашу шашты жапырақ! 

Еркебұлан:

Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.