Файл: Бекітемін Мектеп директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

Мектеп директоры

___________Қ.Р.Сапарғали
Адамгершілік және патриоттық тәрбие беру жұмыстарының

І жартыжылдық жоспары

2020-2021оқу жылы

р/с

Іс- шараның атауы

Мерзімі

Жауапты

1

1-қыркүйек мектептің алғашқы қоңырау мерекесін өткізу (онлайн форматта)

02.09.18

1-9 сынып жетекшілері

2

Тілім барда тірімін мен

(эссе жазу)

07.09.18


Н.С.Сейсенбаева

3

«Жас қанат» балалар ұйымының жиналысы.

14.09.17

ТІО,

Тәлімгер

5

Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара
(онлайн форматта қарттарға өлең жолдарын арнау)

30.09.17

М.С.Дюсекова

6


Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және патриоттық тәрбие бағытындағы тақырыптарды енгізу 

Жыл бойы

1-9 сынып жетекшілері

7

Ұстаздар күніне арналған мерекесіл іс-шара «Ұстазға алғыс »

05.10.2018

А.Х.Искакова

8

Күз тақырыбында қол өнер шебері (оқушылармен онлайн форматта қол өнер сайысын өткізу)

12.10.18

А.А.Абжалиева

9

Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» мерекелік іс-шара

30.11.18

Сынып жетекшілер

10

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара

14.12.2018

С.С.Есмаганбетова

11

Жаңа жылдық мерекелік іс-шара (1-4 сынып, 5-9 сынып)

28.12.2018

Сакенова А.Ж.

Искакова А.Х.

Тәрбие ісі орынбасары: С.Д.Жунусова

Сарыкөл ауылы № 47 негізгі мектебінің 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдықтағы адамгершілік және патриоттық тәрбие беру жұмысының талдау жұмысы


  1. қыркүйек Білім күніне арналған 6-сынып оқушыларының Абайдың 175 жылдығына арналған «Ақын рухына тағзым..» тақырыбында өткен сынып сағаттың есебі


Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.

Сабақтың түрі: поэзия сабақ

Қазіргі заманда «Сегіз қырлы,бір сырлы» болып өсу керек. Оның басты себебі -сендер үшін- әдептілік пен адалдықты берік ұстану.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан...-деп Абай атамыз айтқандай, адам өмірін мағыналы сөздерімен ақылға, адал еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілік жолмен жүруді ұрпағына өсиет еткен өлең жолдарынан үзінділер оқып, мағынасын түсіндіре кеттім.Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің мағынасын жете түсінген әр оқушы өмірден өз орнын табатындай үлгі алады деп ойлаймын.

Сондай-ақ инфекцияның таралуына жол бермеуіне байланысты 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері соның ішінде:

  • арнайы сабақ кестесінің құрылуы,

  • сабақ оқу уақыты мен үзіліс уақыттарының бөлек болуы

  • тазалықты сақтау жолдары жайында нақтырақ түсініріп шықтым.



Сынып жетекшісі: Н.Қ:Сейсенбаева

2020-2021 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күні 7 сыныпта өткен сынып сағаты туралы мәлімет.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған « Абай мұрасы – баға жетпес қазына » тақырыбымен 7 сыныпта сынып сағаты өтті.

 Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу сынып сағатының мақсаты болды.

Сынып сағаты барысында слайдтан мәліметтер көрсетіліп, оқушыларда өздері жатқа білетін Абай өлеңдерін мәнерлеп айтып берді. Сондай -ақ оқушыларға қазіргі жағдайға байланысты санитарлық нормаларды мұқият орындау жеткізілді.



Сынып жетекшісі Сапарғали Г.А.

01.09.2020ж. 3-сынып оқушылары үшін «Конституция – менің болашағым» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаттың мақсаты: 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.


2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.




Сыныпта 3 оқушы бар,оның 2 қыз бала,1 ұл бала.

Тәрбиелік мақсатым: «тәрбие беруде тұлғалы бағытталған әдістерді пайдалану арқылы баланың болашаққа әлеуметтенуіне ықпал ететін жек тұлғалық қасиеттерін дамыту»

1 қыркүйек Білім күніне арналған «Абай-дара Абай-дана қазақта» атты тәрбие сағатын өткіздім.

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақтың ұлы ақыныАбай Құнанбайұлының туралы тереңірек мәлімет беру,өмір жолы мен шығармашылығынтаңыту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау,құрмет ету.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,өлеңдерін мәнерлеп айтқызу.

Тәрбие сағатында оқушылар Абай Құнанбайұлының еңбектерімен танысты.

Тәрбие сағаты санитарлық гигиенаны сақтау арқылы 40 минут өтті.

01.09.2020ж 9 сынып жетекшісі: Искакова Айсулу Хамитовна

Сыныпта 2 оқушы бар.

Тәрбиелік мақсатым: «тәрбие беруде тұлғалы бағытталған әдістерді пайдалану арқылы баланың болашаққа әлеуметтенуіне ықпал ететін жек тұлғалық қасиеттерін дамыту»

1 қыркүйек Білім күніне арналған «Абай-дара ,Абай-дана қазақта» атты тәрбие сағатын өткіздім.

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туралы тереңірек мәлімет беру,өмір жолы мен шығармашылығын таңыту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау,құрмет ету.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,өлеңдерін мәнерлеп айтқызу.

Тәрбие сағатында оқушылар Абай Құнанбайұлының еңбектерімен танысты.

Тәрбие сағаты санитарлық гигиенаны сақтау арқылы 40 минут өтті.

Сарыкөл ауылы негізгі мектебінің 2-сынып оқушыларының Білім күніне арналған «Конституция - менің болашағым» тақырыбындағы өткізілген сынып сағатының есебі.


Сабақтың мақсаты:Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге , өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.»Бала құқықтары туралы конвенция»-дағы баланың құқығымен таныстыру.

Еліміздің ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ойын, саяхат.

Әдіс-тәсілі: ой-қозғау.

Оқушыларға Ата Заңымыз туралы мағлұмат берілді.

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады.

1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданғаны, ол 98 бапты біріктіріп, 9 бөлімнен тұратыны айтылды.Аудиожазбадан Ата Заңымыз жайлы мағлұматтар тыңдады.

Осы мерейлі межеге биыл 25 жыл толып отыр.

1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды.

Осы Конвенция негізінде 2002ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығытуралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау, 53-баптан тұрады.

Оқушылармен «Конвенция» мемлекетіне саяхат жасадық.

«Конвенция» мемелекетінің бес қаласына жеткенше сұрақтар қойылды.

1.«Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы »

2.«Есім және Азаматтық»

3.«Баланың көзқарасы»

4.«Білім алу»

5.«Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір»


Осы қаланың заңдарымен танысты.

Сонымен бірге қазіргі жағдайға байланысты оқушыларға санитарлық ережелер туралы айтылып, түсіндірілді.

Сынып жетекшісі Қазымбек С.Қ.

01.09.2020ж. 1-сынып оқушылары үшін «Конституция –менің болашағым» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты:

1.Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білу үйрету,өзіндік шешім қабылдауға дағдыландыру.

3.құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.



Целиноград ауданы Сарыкөл ауылы № 47 негізгі мектебінде Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне арналған «Мәңгілік елімнің-мәңгілі тілі» тақырыбында өткізілген іс -шара жайында есеп

Іс-шараның мақсаты: :оқушылардың Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі қазақ тілі туралы түсінігін, оның қоғамдық өмірдегі алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету.


« Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» тақырыбында іс-шара ашылып, «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында қабырға газеті шығарылды.

«Тіл-ұлттың жны» тақырыбында оқушылар арасында ана тіліне құрмет жайында өлеңдерін, нақыл сөздерін қазақ, орыс тілдерінде мәнерлеп жатқа оқыды.

Мақсаты. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Мынадай оқушылар қатысты:

4-сынып оқушысы Қарибай Жансая



5-сынып оқушылары:Мирас Хамзе, Жұмабек Ілияс



6-сынып оқушылары: Еркін Ақзада, Тәуекел Әділхан



Оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, білімін жетілдіріп,сөздік қорын молайтып, өзге тілдерді де қүрметтеу мақсатында :

«Тіл-достықтың алтын көпірі» тақырыбында ағылшын тілінде де өлеңдер оқылды. 7-сынып оқушылары: Қуат Айбат пен Ишманова Қарақат ағылышын тілінде бірнеше өлеңддер оқыды.



Жас ұрпақтардың ана-тілінің қадір-қасиетін түсініп, тіл мәдениетін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында :

«Тілім барда тірімін мен...» тақырыбында оқушылар эссе жазды.

Оқушылар жазған эсселердің арасынан ең үздік ээсе 6-сынып оқушысы Еркін Ақзаданың зссесі болды.



Еркін Ақзаданың «Тілім барда тірімін ман...» атты эссесі аудандық «Esil-Nura»газетіне жіберілді . Мақала 2020 жылдың 18 қыркүйек күнінің №37 (184) санында жарияланды.

Қорыта келгенде, өткізілген іс-шаралар арқылы әр баласанасына елін, жерін сүюді құрметтейтін патриоттық сезім ала білді деп ойлаймын.

2020-2021 оқу жылында Отбасы күніне арналған «Махаббат- жанұяның негізі» ақпараттық сағаты негізінде сынып сағаттары өткізілді.