Файл: Бекітемін Мектеп директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сынып сағатында ата- ананы ардақтап, құрметтеу туралы оқушылармен әңгіме жүргізілді. Ата- ананы алдымен жақсы көріп, оларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, бізді қорғап, бағып-қаққаны, бізге берген білімі үшін алғыс білдіруіміз қажет. Ішіп- жеп отырған асымыз, киіп жүрген киіміміз , сүріп жүрген өміріміз бізге өмір сыйлаған ата- анамыздың арқасы.Біз әрқайсымыздың ата- анамызды қадірлеп, құрметтеу міндетіміз деп оқушылар өз ойларын жеткізді. Сынып сағаты барысында отбасы туралы түсініктерін жазып, отбасылық суреттерін жапсырып шығармашылық жұмыс жүргізілді.











Алтын күз мерекесінде оқушылар үйлерінде отырып, жеміс-жидектерден түрлі аспаздық шеберліктерін көрсетіп, қол өнерлерін көрсетті.




16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне өткізген

ашық тәрбие сағатының

ЕСЕБІ

«Тәуелсіз елім Қазақстан» тақырыбында Тәуелсіздік күнірне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді

Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.

Тәрбие сағатына сынып оқушылары толық қатысты.Карибай Жанерке, Оразалы Ақылбек,Нұрмағанбетов Бауыржан,Сейдазым Әли,Марат Елнұр,Төлеш Сезім өлең шумақтарын оқыды. Тәрбие сағатын «Көк тудың желбірегені» өлеңімен аяқтадық.





1-наурыз Алғыс айту күні. 8-9 сынпы оқушылары ауылымыздағы қарт кісілердің үйіне барып ұлдар қарын тазалап, қыздар үйін жинап берді.



22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні» Құндылық жүйесін қалыптастыру мақсатында ұлттық тәрбие бағытының шеңберінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Наурыз мерекесінің онкүндік жұмыс жоспары:

  1. Даналық пен білім күні

  2. Ұлттық тағамдар күні

  3. Ұлыстың ұлы күні

  4. Жоралғы күні

  5. Табиғат күні

  6. Шымырлық пен шеберлік күні

  7. Оқу және жазу мәдениетінің күні

  8. Кино күні-Кино әуесқойларына арналған кинозал

  9. Игі істер күні

  10. Мұражайдағы жанды сабақтар

  11. Ата-аналарымен бірге отбасылық қонақ бөлме. Үстел үсті ойындары

  12. Жас блогерлер күні






1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1-мамыр Ұлттар күніне арналған мерекелік іс-шара







7-мамыр Отан қорғаушылар күніне 5-9 сынып оқушылары аралығында спорттық жарыс өткізілді. Жарыстың өткізілу мақсаты:

Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.Қазақстан халқының ұлттық,әскери ,еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.


Жарыс 3 кезеңнен тұрды:

  1. Қол күрес

  2. Турникке тартылу

  3. Жүгіру

Қол күрестен I орынды 7-сынып оқушы Қазыбай Баянды

Турниктен I орынға ие болған Марат Сұлтанкерей

Жүгіруден I орынға ие болған Болат Қуаныш





9-мамыр ұлы жеңіс күніне орай сынып сағаттары өткізілді.



«Сәт сапар, саған жас түлек!» атты соңғы қоңыраудың салтанатты жиыны

Тоғыз жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттерімен қоштасу мерекесі соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Мерекеліс іс-шараның өтілу барысы 30 минутқа аралығын құрады. Алдымен мектеп директоры Қ.Р.Сапарғали сөз сөйледі, оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жас түлекке лебізін білдірді. 1-ән шырқалды «Соңғы қоңырау» әні орындаған 6-сынып оқушысы Еркін Ақзада. 1-сынытардың құттықтау сөздері және мектеп вальсі болды. Мектеп бітіруші түлек «Білім кілтін» табыстады. Соңында үздік оқушылар мен жарысқа қатысып жүлделі орын алған оқушыларды марапаттау рәсімі болды.