Файл: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосындаы Есбол орта мектебіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол

селосындағы Есбол орта мектебінің

биология пәні мұғалімі

Айғалиева Назерке Болатқызына

Пікір

Айғалиева Назерке Болатқызы 2022-2023 оқу жылынан бастап 8 сыныбында оқитын қызым Кенжеғали Фарангизге биология пәнінен сабақ береді. Білімі жоғары мұғалім. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп,оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары,әр істің қыры-сырын таба білетін мұғалім. Жайдары,ашық мінезінің арқасында адамдармен тез тіл табысып кетеді.

Назерке Болатқызы тек оқушылармен жұмыстанып қоймай ата-аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямайды. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарын, ата-аналардың жиналыстарын үнемі өткізіп отырады.

Назерке Болатқызының өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесі, оның байлығын оқушы алдында ашықта,анық көрсете біледі.

Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен,әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдалану арқылы өткізеді.Осындай мұғалімдер қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймын.
Ата-ана: Айболат Ақтолқын