Файл: Тапсырмалар Кп жауап нсаларынан бір жауапты тадап белгілеіз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауы
Тапсырмалар

Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз

1. Алғашқы адамдар нуклеус, қырғыш, шапқы жасауды үйренді

А) палеолит

В) мезолит

С) неолит

D) қола

Е) темір

2. Мезолит дәуірінде кең етек алды

А) макролит

В) микролит

С) шапқы

D) бұрғы

Е) тескіш

3. Өндіргіш шаруашылық пайда болды

А) палеолит

В) мезолит

С) неолит

D) қола

Е) темір

4. Алғашқы адамның шаруашылық түрі

А) егіншілік

В) кәсіп

С) бау-бақша

D) мал шаруашылығы

Е) терімшілік

5. Неолит дәурінде алғашқы адамдар

А) қыш-құмыра жасады

В) садақ пен жебені ойлап тапты

С) жылқыны қолға үйретті

D) қоланы ойлап тапты

Е) сүңғі ойлап тапты

6. Кәсіпшілікпен табылған ежелгі еңбек құралдары арасында сәйкестендіру орнату

Кәсіптері : 1) Терімшілік 2) Аңшылық 3) Балық аулау

Еңбек құралдары:

А.



В.



С.



D.



E.






1.

2.

3.


7. Мәтіңді оқып, тапсырманы орындау

Беғазы-Дәндібай обаларындағы жерлеу ғұрпы андроновтық зираттардан өзгеше. Зираттарда қол-аяғы созылып, шалқасынан жатқызылып жерленген адамдардың қаңқалары кездеседі. Қыш ыдыстардың ернеуі ұшбұрыш және сопақша ойықтармен безендірілген. Қабірлердегі ыдыс жанынан үй жануарларының көптеген сүйектері табылды. Марқұмның жанынан жерлеу кезінде ет қойын, құрбандыққа мал шалынған. Бұның өзі – қола дәуірінің соңында мал санының өсіп, шаруашылықтың ілгері басқандығының көрсеткіші. Беғазыдағы кесеңелердің тағы бір ерекшелігі – діни ғұрыпқа қатысты заттарды қоюға, құрбандық шалуға арнайы орындар бар. Қазба жұмыстары кезінде тас тесенің табылуы бұл тайпалардың егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді. Бұдан басқа тұрмыста қолданылған қола инелер, түйрегіш, біз табылған.

7.А. Мәтіңге атау беріңіз___________________________________________________________

7.В. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің 3 ерекшелігін көрсетіңіз

1.___________________________________________________________________________

2.___________________________________________________________________________

3.___________________________________________________________________________

7.С. Мәтіннен Беғазы-Дәндібай мәдениетіндегі тайпалар егіншілікпен айналысқаны туралы 1 дәлел келтіріңіз

____________________________________________________________________________

7. D. Қабірлердегі табылған үй жануарларының сүйектері нені білдіртеді?

____________________________________________________________________________
8. Анықтамалар мен иллюстрацияны сәйкестендірініз

Ұғым

Анықтама

Иллюстрация

1. Анимизм

А) Адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыратын сенім

D)




2. Тотемизм

В) Адамдар, заттар және басқа да қоршаған орта құбылыстарын басқаратын жандардың , рухы бар екеніне сену

E)