Файл: азастан Республикасыны еденсаулы сатау дамуыны негізгі аидалары жне жалпы жолдары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтау дамуының негізгі қағидалары және жалпы жолдары.

Халық денсаулығын нығайту және қорғау тек тиісті стратегияларды дамытуды және түрлі тіршілік салаларындағы ресурстарды жұмылдыруды ғана емес, мемлекеттің және халықтың осы бағыттағы қызметін интеграциялауды қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді  негіз қалауды талап етеді.

Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың  негізі қоғамдық денсаулық сақтау қызметін (ҚДСҚ) құру болмақ.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жұмысының негізгі бағыты қоғамның денсаулығын басқару, МСАК-тің мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтермен) ведомствоаралық өзара іс-қимылының негізінде ағарту, консультациялар, саламатты өмір салтын насихаттау, қолдау арқылы халықтың денсаулығын, мінез-құлық стереотиптерін қолдау бағытында өзгерту болмақ.
Тұжырымдамалық функциялық архитектура

Функциялық архитектураның жаңа көрінісі мүдделі тараптардың ақпаратқа және процестерді автоматтандыруға мұқтаждықпен, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда көрсетілген денсаулық сақтау жүйесінің жалпы мақсаттарымен айқындалады. Осы процестегі негізгі мүдделі тараптар ең бірінші кезекте: медициналық қызметтерді тұтынушылар және тікелей медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлер, екінші кезекте: жергілікті, өңірлік және ұлттық деңгейдегі менеджерлер және басқарушылар болып табылады. Мүдделі тараптар е-денсаулық сақтаудың әрбір компонентінің міндеттерін және функционалын, сондай-ақ халық денсаулығына нақты әсерді көрсететін нәтиженің өлшенетін индикаторларын айқындайды. Міндеттер мен функционалға байланысты барлық қатысушылардың процестің бірыңғай түсінуін қамтамасыз ететін түсініктеме аппараты, сондай-ақ ең бірінші кезекті е-денсаулық сақтаудың негізгі элементі: электрондық денсаулық паспорты үшін қажетті деректер (ақпараттық үлгі) анықталады.

Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің функционалы және архитектурасы, сондай-ақ стандарттауға мұқтаждылық ЭМЖ/ЭДП ақпараттық үлгісімен айқындалады.
Түбегейлі шешім ретінде медициналық көмекті көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде (МСАК, стационарлар) электрондық медициналық жазбалардың қызмет етуі үшін бөлек жүйелерді іске асыру және клиникалық шешімдерді қабылдауды және медициналық көмектің тұрақтылығын қолдауға арналған құрал ретінде электрондық денсаулық паспортын бөлек орталықтандырылған іске асыру болып табылады.


Е-денсаулық сақтаудың міндеттеріне қолжеткізуді қамтамасыз ететін функциялығының жалпы тұжырымдамалық сызбасының көрінісі 4-суретте ұсынылған. Тұжырымдамалық сызбаның барлық көрсетілген элементтері тікелей орталықтандырылып, жүзеге асырылмайды, бұл мүдделі тараптардың арасында е-денсаулық сақтауды дамыту бойынша талпынысты бөлуге бағытталған іске асырудың жаңа стратегиясының бөлігі болып табылады. Сол сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті стандарттауды, нормативтік құқықтық шеңберлерді, медициналық ұйымдарды уәждеуді және басқаны қоса, бірқатар тетіктер арқылы осы тұжырымдамалық көрініске қол жеткізу үшін жағдай жасау болып табылады.

Осы сызбада интеграциялық шинаның және бірыңғай репозиторийдің болуы көзделген, ол медициналық және денсаулық сақтаудың медициналық емес деректерін, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың электрондық денсаулық паспорттарын орталықтандырылып сақталуын қамтамасыз етеді. Интеграциялық шина әртүрлі ақпараттық жүйелердің арасындағы өзара іс-қимыл құралы болып табылады. Деректердің бірыңғай репозитрийі (ДБР) жеке маңызды аурулар бойынша тіркелімдерді қалыптастыру үшін ақпарат көзі болып табылады. Сондай-ақ ДБР әкімшілік және қаржылық, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау статистикасындағы шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылатын ақпараттың агрегациясын және сақталуын қамтамасыз етеді. Осылайша, ДБР берілуі тиіс деректердің жинағын айқындау үшін құрылымды және ЭДП мазмұнын стандарттау қажет, сондай-ақ мемлекеттік статистиканы жүргізу, басқарушылық және қаржылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті деректерді талдау және стандарттау қажет.

ЭДП жүйесі – елдің барлық пациенттерінің ЭДП сақтаудың, өңдеудің және берудің орталықтандырылған жүйесі, ол өмір бойы пациенттер туралы негізгі деректерді сақтайды. Әртүрлі жүйелердің коммуникациясы және пациенттердің денсаулығының жағдайы туралы деректермен алмасу деректерді ЭДП-на беру және деректерді алу арқылы жүзеге асырылатын болады. ЭДП жүйесіндегі деректерді учаскелік дәрігер, жалпы практика дәрігері басқарады (GP). ЭДП жүйесі барлық қалған жүйелерді интергациялаудың басты құралы болып табылады.

Ресурстарды басқару жүйесі (бұдан әрі – РБЖ) – бұл медициналық қызметтердің ұсынушыларын тіркеуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштер мен денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық ресурстары бойынша деректерді жинауды («Денсаулық сақтау ұйымының электрондық паспорты» кіші жүйесі), персоналдың қозғалысы, кәсіби даярлық және қайта даярлау туралы ақпаратты қоса, медицина персоналының тізілімін жүргізуді («Кадрлар» кіші жүйесі) қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.



Анықтамалықтарды және жіктемелерді басқару – сервситердің көмегімен Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтаудың барлық қатысушыларына арналған сәйкестендіргіштердің және жіктемелердің тұтастығын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Емхана АЖ – бұл МСАК деңгейінде медициналық көмек көрсетуге байланысты негізгі процестерді қолдауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Функциялығы бойынша ол екі негізгі топқа бөлінген, бұл:

  • электрондық денсаулық паспортын жүргізу, яғни учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) жүзеге асыратын пациенттің денсаулығы туралы негізгі ақпаратты құрылымдау және ұйымдастыру – осы бөлік орталықтандырылып жүзеге асырылатын болады;

  • МСАК деңгейінде арнайы мамандардың электрондық медициналық жазбалары – тұжырымдамалық архитектураның осы элементінің базалық функционалы орталықтандырылып жүзеге асырылатын болады.

Қолданған процестердің мысалдары: азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеу, қабылдауға жазылу, шағымданудың, сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің себептерін және нәтижелерін тіркеу, электрондық жолдамалар, препараттарды электрондық тағайындау, ЭДП рұқсат, профилактикалық шараларды жүргізуді қолдау, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың түсуін және шығындалуын есепке алу.

Стационар АЖ – бұл стационарлардың деңгейінде медициналық көмек көрсетумен байланысты негізгі бизнес-процестерді қолдауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Тұжырымдамалық архитектураның осы элементінің базалық функционалы орталықтандырылып жүзеге асырылатын болады. Қолданған процестердің мысалдары: стационарлық көмекке жүгінудің себептерін және нәтижелерін тіркеу, стационарлардың ішіндегі пациенттердің қозғалысы, пациент жағдайының динамикасы, көрсетілген медициналық қызметтер, препараттарды тағайындау, ЭДП рұқсат, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың түсуін және шығындалуын есепке алу.

Жедел жәрдем АЖ – шақыртуларды және бригадаларды басқаруды, жедел және шұғыл көмекке жүгінудің себептерін және нәтижелерін, көрсетілген медициналық қызметтерді, пайдаланылған препараттарды тіркеуді, ЭДП рұқсатты, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың түсуін және шығындалуын есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық
жүйе.

Емдеуге жатқызу бюросы АЖ – пациентке медициналық ұйымды еркін таңдауды және жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Жүйе жоспарлы емдеуге жатқызу процестерін тиімді басқаруға, жолдамаларды тіркеу, есепке алу, өңдеу мәселелерін шұғыл шешуге, күту парақтарын қалыптастыруға және төсектерді брондауға арналған.

Дәрі-дәрмектер АЖ – ұлттық және өңірлік деңгейлерде ТМККК шеңберінде дәрілік заттардағы және ММб қажеттілікті, сатып алуды және айналымды басқаруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Бірыңғай төлем жүйесі – шығыстарды өтеу және денсаулық сақтауда қаржылық шешімдерді қабылдау функцияларын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Медициналық қызметтердің сапасын басқару – индикаторлық жүйенің және медициналық қызметтердің ұсынушыларын саралау негізінде медициналық көмектің сапасын сараптау, медициналық көмек көрсету сапасын бағалау процестерін, сондай-ақ лицензиялау, аккредиттеу, сертификаттау процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Ситуациялық орталық – менеджменттің барлық деңгейлерінде: жергілікті, өңірлік және ұлттық, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін стандартталған есептер түрінде ақпаратты ұсыну және кеңейтілген терең талдау (drill down) мүмкіндігімен жиналған ақпаратқа оперативтік режімде кеңейтілген көп векторлы талдау жүргізуге мүмкіндік беретін бизнес-аналитиканың (BI) қағидаттарында және платформасында құрылған аналитикалық жүйе.

«Зертханалық ақпараттық жүйе» және «Медициналық суреттер» көрсетілген диагностикалық қызметтер және олардың нәтижелері туралы ақпаратты ЭМЖ (кейінен ЭДП ақпаратты тіркеумен) жинастыруды, өңдеуді және беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер. Осы жүйелерді іске асыру өңірлік/жергілікті деңгейлерде жүзеге асырылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды мониторингілеу жүйесі – ақпаратты жинауды, жалпылауды және талдауды, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты құрылымдарына және жергілікті билік органдарына Республиканың барлық өңірлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Пациенттің жеке кабинеті – пациенттердің денсаулығы туралы өз деректеріне рұқсатты және медициналық персонал үшін оларға рұқсатты басқаруды, МСАК профилактикалық функцияларын қолдауды, денсаулығының жағдайын өз бетімен бақылауды және денсаулыққа байланысты өткізілген іс- шаралардың қажеттілігі туралы хабарландыруды қамтамасыз етеді. Ұялы құрылғылар және қосымшалар арқылы осы ақпаратқа қолжеткізу мәселелері қаралатын болады.


Дәрігердің жеке кабинеті – дәрігерлерге өз пациенттерінің ЭМЖ және ЭДП оперативті қолжеткізуді қамтамасыз етеді, дәрігер үшін «Стационар», «Емхана», «Жедел жәрдем» ақпараттық жүйелеріне кірудің бірыңғай нүктесі.

Менеджердің жеке кабинеті – ҚР ДСМ және оның ведомстволарының, денсаулық сақтау басқармаларының мамандарының, денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының функциялық міндеттеріне сәйкес ақпараттық жүйелердің функционалына кіруге арналған бірыңғай нүкте.

Телемедицина – консультация, консилиум, конференция және видеоселекторлық кеңестер және барлық ел бойынша жиналыстар, телекөпірлер, оқыту семинарлары сияқты телемедицина қызметтерін (медициналық және телемедицина жабдықтарын пайдаланумен) ұсыну.

Ескі жүйелер үшін деректерді жаңа форматқа көшіру, сондай-ақ жаңа жүйелерде функционалды пайдалану көзделеді. Тұжырымдамалық функциялық архитектураға сәйкес Медициналық-статистикалық жүйенің функционалы медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлеріне және процестеріне арналған дербес ақпараттық жүйелердің арасында бөлінетін болады (Емхана, Стационар, Жедел жәрдем және т.б.). Мүдделі тұлғалардың уақтылы, өзекті, нақты және жеткілікті ақпараттағы қажеттілігін қанағаттандырмайтын жүйелер қайта өңделеді. Қолданыстағы ақпараттық жүйелер функционалының жаңасын мұралануы 5-қосымшада ұсынылған. Мұралану ақпараттық жүйелердің қолданыстағы функционалын жаппай көшіру емес, осы тұжырымдаманың қосымшаларына және пайдаланушылардың қажеттілігіне сәйкес бөлек модульдердің функционалын жаңғыртуды білдіреді.

Денсаулық сақтау саласында өзара іс-қимыл үшін платформа ретінде ДБР қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қосымша аралық бағдарламалық жасақтама қажет – медициналық деректермен алмасу және бірыңғай ақпараттық медициналық кеңісікті құру үшін интеграциялық платформа. Бұл платформа бірнеше компоненттерден тұрады, олардың негзігілері мыналар: ДҚБЖ және итеграциялық шина.