Файл: Б Еркінні ш кнгі оыан беттерінен баанды диаграмма растыр.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5-сыныпта 4-Тоқсанда үш бөлім бойынша жиынтық бағалау бар. Олар «Пайыз», «Бұрыштар. Көпбұрыштар», «Диаграмма» және «Кеңістік фигуралардың жазбалары». Осы үш бөлімді біріктіріп бір бөлім бойынша жиынтық бағалау алу керек. Ол үшін кейбір оқу мақсаттарын біріктіріп, оқушыларға қиындық туғызбайтындай тапсырмалар құрастыру керек. Мысалы: әр бөлімді қамтитындай бір ғана есеп алу керек.

1.Еркін бірінші күні кітаптың 20 % -ын, екінші күні барлық кітаптың 35 % -ын, ал үшінші күні қалған 90 бетін оқыды.

а)Еркін бірінші күні қанша бет оқыған? Еркін екінші күні қанша бет оқыды? Барлығы қанша бет оқыды?

ә)Еркіннің үш күнгі оқыған беттерін бұрыш арқылы есептеп, дөңгелек диаграмма құрастыр.

б)Еркіннің үш күнгі оқыған беттерінен бағанды диаграмма құрастыр.

2. Чертеж бойынша шеңбер элементтерін тауып, жазыңыз:



а есебін шығару кезінде «Пайыз» бөлімінің мынадай мақсаттары қамтылып тұр. Олар: 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру; 5.1.2.34 берілген санның пайызын табу; 5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу; 5.5.1.6 пайызға байланысты мәтін есептерді шығару; Ал 5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру мақсатын алмасақ та болады.

ә есебін шығаруда «Бұрыштар. Көпбұрыштар» бөлімінің мынадай мақсаттары қамтылып тұр: 5.3.3.2 градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу

5.3.3.3 бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару. Ал 5.3.1.5 бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық ) мақсатын дөңгелек диаграмма салуда қолданады.
б есебін шығаруда «Диаграмма» және «Кеңістік фигуралардың жазбалары» бөлімінің мынадай мақсаты қамтылып тұр: 5.4.3.2 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу, 5.3.1.2 шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру мақсаты екінші есепте қамтылған. Ал 5.3.2.1 фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару, 5.3.2.1 фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару мақсаттарын тоқсандық жиынтық бағалауда қамтуға да болады.





Тапсырмалар

балл

балл



Еркін бірінші күні кітаптың 20 % -ын, екінші күні барлық кітаптың 35 % -ын, ал үшінші күні қалған 90 бетін оқыды.

а)Еркін бірінші күні қанша бет оқыған? Еркін екінші күні қанша бет оқыды? Барлығы қанша бет оқыды?


3






Еркіннің үш күнгі оқыған беттерін бұрыш арқылы есептеп, дөңгелек диаграмма құрастыр.



2






Еркіннің үш күнгі оқыған беттерінен бағанды диаграмма құрастыр.




1




2

Чертеж бойынша шеңбер элементтерін тауып, жазыңыз:



3







Барлығы

9






4-тоқсандық бөлім бойынша жиынтық бағалауында 1а есебіне 3 балл (бірінші, екінші күндері қанша бет оқыды? Барлығы қанша бет оқыды?), 1ә есебіне 2 балл (бұрыш арқылы есептеп, дөңгелек диаграмма құрастырады), 1б есебіне 1балл(бағанды диаграмма құрады), 2 есепке 3 балл(шеңбердің центірін, радиусын, диаметрін табады) барлығы 9 баллмен есептеуге болады. Осындай тапсырмалар арқылы барлық үш бөлімдерді қамтуға болады.