Файл: ыса мерзімді (саба) жоспары Векторлы суреттерді ру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ» КММ_________

(білім беру ұйымының атауы)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Векторлық суреттерді құру

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Компьютерлік графика

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермуханов Азамат Султанович

Күні:




Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Векторлық суреттерді құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.3 векторлық кескіндерді құру және өңдеу;

Сабақтың мақсаты

векторлық графикалық редактордың сурет салу және өңдеу құралдарын анықтайды.

векторлық графикалық редактордың сурет салу және өңдеу құралдарын салыстырады.

векторлық графикалық редактордың сурет салу және өңдеу құралдарын қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу. Топтастыру

Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.


Плакат, маркер

Өткен сабақты пысықтау


  1. Суреттің сапасын өзгертуге арналған программа қалай аталады?

  2. PaintNet программасында суретті өңдеуге арналған қандай мәзірлер орналасқан?

  3. Коррекция бөлімінде қандай функциялар қолданылады?

  4. Әсерлер бөліміндегі Көркемдік әсері арқылы қандай іс-әрекеттер орындауға болады?

  5. Қылқаламның қалыңдығын баптау үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

  6. Суреттің сапасының төмендігі қандай жағдайда туындайды.

«Ғажайып ұяшықтар» ойыны

Интерактивті тақта арқылы 10, 20, 30 балл жазылған қызыл, жасыл, көк түсті алты ұяшықтан тұратын кесте беріледі. Оқушылар кестені таңдап ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

10

20

30

10

20

30



Мұғалім өткен сабақты пысықтау кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

30мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

  • Растрлық графикалық редакторда сурет өңдеу кезінде қандай ерекшеліктер орын алды.

  • Растрлық графикалық редактордың кемшіліктерін айта аласыңдар ма?

  • Осы кемшіліктерді болдырмаудың қандай жолдарын ұсынуға болады?

  • Растрлық және векторлық графиканың қандай айырмашылығы бар? Есіңе түсір!

  • Нүктелердің координата жазықтығында орналасуын қалай бейнелейді?

Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Оқулықпен жұмыс:

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды

Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі арқылы жүргізіледі.

(бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Топтық жұмыс

Photo-Brush графикалық редакторы құралдарының (оқулықтағы 2-сурет) жұмысын талдаңдар. Әрбір құралдың нақты не істейтінін жазыңдар. Photo-Brush пен Paint.NET-тің сурет салу құралдарын салыстырыңдар. Ұқсастық пен айырмашылықтарын атаңдар.

Дескриптор:

  • векторлық графикалық редактордың құралдарын анықтайды;

  • құралдардың қызметін салыстырады.



Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке практикалық жұмыс орындау

1) Қазақстанда Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің бірі –қызғалдақ. Photo-Brush редакторында берілген қызғалдақ суретін кезең-кезеңімен сал. Суретке атау беріп, *.jpg форматында сақта.



Дескриптор:

  • сурет салу кезеңдерін анықтайды;

  • суреттің пішімін анықтайды.



Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



2) Орманды Жер шарының «өкпесі» деп атайды. Ол Жерді оттегімен қамтамасыз етеді. Photo-Brush редакторын пайдаланып, ағаштың суретін кезең-кезеңімен салыңдар.



Дескриптор:

  • векторлық редакторда сурет салу кезеңдерін анықтайды;

  • векторлық суретті өңдейді.



Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



Тапсырма

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жануарлар көп. Солардың бірін есіңе түсіре отырып, Рhoto-Brush-та суретін салып ұсыныңдар. Суретке атау беріп, *.jpg форматында сақта.

Рhoto-Brush-тың құралдарымен суретті салу қаншалықты қолайлы? Бағалаңдар.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

  • векторлық графикалық редакторда сурет салады;

  • суреттің форматтарын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі арқылы жүргізіледі.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

6 мин

«Серпілген сауалдар» ойыны.

Оқушылар допты бір-біріне лақтырып, сұрақтар қояды.

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Рефлексия

1 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Оқушылар тақырыптың жақсы екі жағын, бір жағымсыз жағын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі арқылы жүргізіледі.



Үй тапсырмасы

«Векторлық графика» тақырыбындағы зерттеу жобасын орында.

  • Векторлық әдіспен сурет салатын программалар.

  • Векторлық суреттердің қасиеттері.

  • Векторлық суреттердің ерекшелігі.

  • Векторлық суреттерді пайдаланудың тиімділігі.