Файл: М. О.уезов атындаы педагогикалы колледжі кмк шыыс азастан облысты білім басармасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК ПП-5.3-91

Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже /

Положение о защите курсовой работы

( проекта)

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

из





ПАТОПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Oрындаған: Ноғайбаева А.

Тoбы: 43 сырттай

Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және oқыту»

Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

Ғылыми жетекшісі: Комаева М.С

Семей, 2022

КІРІСПЕ


3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ





1. ПАТОПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОПАТИЯ ТҮРЛЕРІ





1.1. Патопсихология тарихы


4

1.2 Патопсихология пәнінің басқа пәндермен байланысы


7

1.3 Патопсихология саласындағы негізгі мәселелер


9

2. ПАТОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚҰРЛЫМЫНЫҢ

(ҚҰРУДЫҢ) ПРИНЦИПТЕРІ





2.1. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері


10

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ





3. ИНТЕЛЛЕКТІСІ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ

ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ




3.1 Патологиялық құбылыстарды зерттеу және түзету жолдары


23

ҚОРЫТЫНДЫ


27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ






КІРІСПЕ

Өзектілігі: Патопсихология саласындағы негізгі мәселелердің бірі танымдық қызметтің құлдырау мәселесі болып табылады. Бұл саладағы жұмыс әртүрлі бағытта жүреді. Танымдық процестердің бұзылуы құрылымдағы жеке компонентерінің өзгеруі зерттеледі. Зерттеудің басты бағыты психиаторлық емханада жеке тұлғаның бұзылуында байқалатын психологиялық талдауды зерттеуге бағытталған.

Эксперменттік патопсихология саласындағы зерттеу және тәжірибелік жұмыстың өсуі патопсихология саласындағы зерттеулерді біріктіретін және үйлестіретін секциялардың бар екндігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер психикалық дамуы тежелген балаларды алдын ала диагностикалық тексеру шаралары ұйымдастырылса және түзету жұмыстарын жүргізсе психикалық дамуы тежелген балалардың таным белсенділіктері арта түседі.

Зерттеудің мақсаты: психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы дамытудың жолдарын анықтау. Іс-тәжірибе барысында жұмыс жүргізу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Таным қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдарды қарастыру.

  2. Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін диагностикалау, түзету жұмыстары кезіндегі әдістемелерді жүйелеу.

Зерттеу обьектісі: психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі бала.

Зерттеу пәні: психология

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет баспалары, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер,т.б. зерттеулері, сондай – ақ ғылымның пікірлеріне талдау жасап, теориялық тұжырымдарын дамытқан еңбектеріне теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының базасы: ШҚО, Семей қаласы, «Ер-таң» балабақшасы

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. ПАТОПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПСИХОПАТИЯ ТҮРЛЕРІ

1.1 Патопсихология дамуының тарихы

Патопсихология тарихы психиатрия  неврология және тәжірибелік психологияның дамуымен байланысты.

ХIХ ғасырдың соңында психология оймен даму сипатын бірте- бірте жоғалта бастады, оны зерттеуге жаратылыстану әдістері енгізілді. В. Вунд және оның шәкірттерінің тәжірибелік әдістері психияторлық емхана – Крепшин Э (1879) емханасына , францияның Сальпетриер (1890) қаласындағы ірі психиаторлық емханаға енгізілді, онда лабароториялар Ресейдің психиаторлық емханаларында да ашылды Қазан қаласындағы В.М. Бехтерев лабораториясы (1885), Мәскеудегі С.С. Корсаков (1886), сосын Юрьевтегі В.Ф Ччжа лабороториясы, Киев қаласындағы И.А Сикорский лабораториясы және т.б [1].

Біздің ғасыр қарсаңында кейбір  ғалымдар психология  ғылымының жаңа саласының пайда болатындығы туралы айтқан болатын. В.М. Бехтерев былай деп жазады: Ауру төсегінің жанында психикалық бұзылулардың айтарлықтай дәрежеде клиникалық зерттеуге міндетті, психиатрияның жаңа табыстары патологиялық психология деген атпен танымал білімнің ерекше бөліміне қызмет етті, ол өте көптеген психологиялық мәселелерді шешуге алып келді, және бұған қатысты болашақта бұдан да көп мәселелерді шешетініне еш күмәнсіз сенуге болады.

Психиканың бұзылуы табиғат тәжірибесі ретінде қарастырлады, оның үстіне көп бөлікті қамтитын күрделі психологиялық құбылыстардың, тәжірибелік психологның  тәсілі болған жоқ . « Ауру талдаудың жіңішке қаруына айналады , - деп жазды  Р.Рибо – ол біз үшін, ешқандай жолмен жүзеге асыруға болмайтын тәжірибелер жасайды(жинайды).

Алғашқылардың бірі болып, патопсихология бойынша қорытындыланған жұмыстарының бірін « Психопотологияны психологияға қолдануда» атты еңбекте – швейцар психиатры Г. Штерринг былай деп жазды, шынайы өмірдің сол немесе басқа құрама элементінің ауру нәтижесінде өзгеруі, оның қандай құбылыстарға қатысатынын және құрамына кіретін құбылыс үшін қандай мәні бар екендігін бөлуге мүмкіндік береді. Патологиялық материя жалпы психологиядағы жаңа мәселелерді белгілеуге септігін тигізеді, оның дамуына әсер еткенше. Одан басқа, патологиялық құбылыстар психологиялық теорияларды бағалаудың өлшемі болып табылады.

Біздің ғасырымыздың 20 – жылдарында медициналық психология бойынша танымал шет ел психиаторларының еңбектері пайда болды. Э. Кречиердің «медициналық психологиясы» және П. Жаненің «Медициналық психологиясы»  онда автор психотерапия мәселелеріне тоқталды. Отандық патопсихологияның дамуы мықты табиғи – ғылыми дәстүрлердің болуымен ерекшеленеді. И.М Сеченов психология мен психиатрияның бір – біріне жақындауына үлкен мән берді. М. А. Волковаға 1876 жылы жазған хатында өзінің «Аққу әні» деп аталған медициналық психологияны жасауға кіріскенін атап өтті. Ол психология туралы былай деп жазды « Ғылым бұл психология негізі болуы мүмкін , бәрібір физиология ретінде дене патология негізінде жатыр.


Бірақ И. М. Сеченов психологияның жаңа саласын дамыта ашады. Ресейдегі патопсихологиялық бағыттың негізін қалаушы психикалық қызметтің бұзылуын кеңінен тәжірибелік психологиялық зерттеуді ұйымдастырушы В. М. Бехтерев болды.

Рефлекторлық  концепция өкілі В. М. Бехтерев интроспекцияны ғылым саласынан оны жалғыз ғылыми әдіс обоьективтік деп жариялай отырып қуды. Бірақ белгігі болғандай интроспакті психология мен күрес логикасы диалектикалық материализімді меңгермеген В. М. Бехтеревті психиканың сыртқы көрінулерін абсалюттегі тек психологиялық атауларды қолданудан бас тартуға ғана емес, сонымен бірге субьективтік әлемге енуге әрекет етуденде бас тартуға, рефлексалогияны құруға алып келеді. Және бұл оның шәкірттері мен қызметткерлерінің патопсихологиялық зерттеулерінде байқамай қоймады. Рефлекстік принцип психиканың обьективтік көрінулерін өзінің психологиялық талдауды зерттеуді жоққа шығарды.

Одан басқа патопсихологиялық зерттеулердің басым көпшілігі В. М. Бехтерев шығармашылығының рефлекторлыққа дейінгі кезеңінде, Петербургтегі әскери медициналық академияның жүйке және психикалық аурулар емханасымен лабароториясында жүзеге асырылды.

Патопсихологиялық зерттеулердің диапозоны туралы В. М, Бехтеревтың жетекшілік етуімен орындалған мынадай докторлық дисертациялар бойынша жорамалдауға болады. Ақыл есінен қимылсыздығы үдеген ауруларды тәжірибелік психологиялық зерттеулер. Л. С. Павлов (1907)  М. И. Аствацатуровтың « Клиникалық және тәжірибелік зерттеу » еңбегі (1908) « Созылмалы алғаш есі ауысқан аурулардағы ассоциациялар сипаты » В. В Абрамовтың (1911) есі ауысқандар шығармашылығын және басқада (интелектуалдық) танымдық қызметтерін обьективтік  психолгиялық зерттеу және т.б.

В. М. Бехтерев мектебінің жұмыстарынан әртүрлі категорияны құрулардың ассоцациялық қызметі, ойлауы , сөйлеуі ақыл ой мен жұмыс істеу қабілеттілігінің сәйкес жастағы жынысы және білімі сәйкес дені сау адамдармен салыстырсалы ерекшеліктері туралы нақты бай материал алынды. Өзінің психологиялық талдауынан кету іс жүзінде В. М. Бехтерев ұсынған жеке тұлға принципіне қарама - қайшы келді. Ауру адамның жеке тұлғасы және оның экспериментке қатынасын экспериментатор еш қараусыз қалдырмайды. Ауруда обьективтік бақылау бере алатынның бәрін мимикадан бастап және аурудың өтініші мен мінез – құлқы назарға алынуы тиіс. Бұл қарама – қайшылық рефлексология принциптеріне қарамастан В. М. Бехтерев мектебі өкілдерінің нақты зерттеулеріне психологиялық талдаудың өтуіне алып келді. Оған 1907ж шыққан М. И. Аствацатуровтың «сөйлеудегі негативизімнің пайда болуы» атты еңбегі мысал бола алады. Аурудың сөзі бұл зерттеуде біртұтас мінез – құлық жүйесінде талданады, аурудың басқа жағдайлардағы сөйлеуімен эксперименттік әңгімелесудегі сөйлеу ерекшеліктері салыстырылады, ұқсас сөйлеу реакцияларының әр түрлі табиғаты болуы мүмкін екендігі ескеріледі.


В. М. Бехтерев мектебінде қабылданған психологиялық қызметтің бұзылуын сапалы түрде талдау принципі отандық психоглогияның дәстүрі болды.  В. М. Бехтерев , С. Д. Владычко, В. Я. Анфимов және мектептің т.б. өкілдері ақыл есі ауысқандарды тәжірибелік психологиялық зерттеуден көптеген әдістемелерін жасады.Олардың кейбіреулері кеңестік патопсихологияда көбірек қолданылатындардың қатарына кіреді.

В. М. Бехтеревтің, С. Д. Владычко тұжырымдаған, қазіргі заманғы ғылымға арналған әдістемелерге қойылатын талаптар өз мәнін сақтап қалды.

1) Қарапайымдылық (эксперименттік міндеттерді шешу үшін зерттеушілер ерекше білім дағдыларды менгеруі міндетті емес.)

2) Ауруды лабароториялық жағдайдан тыс тікелей төсегінде зерттеу мүмкіндігі.

3) Жасы, жынысы, білімі, сәйкес келетін дені сау адамдарға көптеп алдын ала сынақ жүргізу әдістемесі.

Отандық тәжірибелік психологияның бағытын анықтауға В. М. Бехтеревтың шәкірті негізін салған психоневрологиялық иституттағы психологиялық лаборатория меңгерушісі, А. Ф. Лазурский негізгі роль атқарды.

1.2 Патопсихологияның басқа пәндермен байланысы

А. Ф. Лазурскийдің « жалпы және тәжірибелік психология атты кітабының алғы сөзінде Л. С. Выготский  былайдеп жазды – ( яғни А. Ф. Лазурскийдің эмперикалық психологияны ғылыми психологияға айналдыру жолында болған зерттеушілерге жататындығын жазды [2].

Жеке және педагогикалық психологияның  мәселелерін талдай отырып, А. Ф. Лазурский патопсихологияға үлкен мән берді. Жан патологисының тапқан мәліметтер қайта қарауға мәжбүр етті. Ол көптеген жағдайларды қалыпты психологияның көптеген маңызды бөлімдерін негізі қайта өңдеуге мәжбүр етті. Патология адамның жан дүниесінің қасиеттерін қарастыруына мүмкіндігін береді.

А. Ф. Лазурский тәжірибелік әдістемелік салада жаңалық табушы болды. Ол экспериментті күнделікті өмірдің дағдылы жағдайларныда қолдана отырып, оның психологиядағы шекараларын жылжытты және іс - әрекеттің нақты формаларын тәжірибелік зерттеудің құралы етті. А. Ф. Лазурский жасаған табиғи тәжірибе алғашында педагогикалық – психологияға арналған емхана енгізді. Әрине мұндай экспериментті емхана жағдайында жүзеге асыру әдеттегі оқу қызметі барысында белгілі бір образбен  сабақ бағдарламасында құруға болатын тәжірибелік тапсырмалар беруге болатын мектептегіге қарағанда неғұрлым күрделірек болды. Емханада табиғи эксперимент аурулардың бос уақытын оның көңіл – күйін көтерулерін ұйымдастыру барысында қолданылды. Арнай мақсатта есептеу тапсырмалары, регустар, жұмбақтар мәтініндегі бос әріптермен буындардың орнын толтыру және т.б. тапсырмалар берілді.