Файл: Сілекей мен асазандаы заттарды ферментативті блінуі Орындаан Мейрамбекова С. Факультет 201а жм.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сілекей мен асқазандағы заттардың ферментативті бөлінуі

Орындаған:Мейрамбекова С.

Факультет: 201а ЖМ

Қабылдаған:Тулеева Г.Т.

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1.Асқорыту бездері

2.2.Асқорыту ферменттері

III.Қортынды:

Пайдаланған әдебиеттер

Асқорыту бездері

Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады. Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ьщыратады. Қорытьиған заттардың мономерлері — амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырларына (капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары — лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.
Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиологияғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.

Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері


Асқорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінетін мәлшері

рН

Құрамы

1. Сілекей

50-2 000 мл

5,6-7,6

Су және амилаза

2. Қарын сөлі

2,0-3,0 л

1,49-1,8

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин

3. Панкреатин сөлі

600-700 мл

8,6-9,0

Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

4. Өт

500-1200 мл

5,6-8,5

Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.

5. Аш ішек сөлі

1 000 мл

5,05-7,07

Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б.

6. Тоқ ішек сөлі

270-1 550 мл

6,1-7,31

Су

Асқорыту ферменттері

  • Асқорыту ферменттері
  • Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
  • Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.
  • Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.

Сілекей

  • Сілекей
  • Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.
  • Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.
  • Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.
  • Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.

Гастрит

  • Гастрит
  • Асқазанның созылмалы қабыну сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады. Созылмалы гастриттер көп жағдайда бұл ауруға тектік бейімділігі бар балаларда байқалады. Асқазанның созылмалы паталогиясының қалыптасуына аналардағы жүктілік кезінде паталогиялар болған, жасанды тамақпен қоректендірілген, тегінде ауыр аллергиялары бар балалар бейім. Сырқаттың туындау себептері - астан улану, ішек жұқпалары, тамақтану уақыты мен сапасы бұзылғанда, тамақты құрғақтай жеу, асығып шайнау, ұзақ дәрілер ішуден, басқа да ас қорыту ағзаларының зақымдануынан, өт жолының, бауырдың, ішектің асқазанға рефлекторлық әсерінен, ішек құрттары, ішек дисбактериозы пайда болады. Балалардағы созылмалы гастрит клиникасы ересектердікіне ұқсас келеді. Белгілері - іштің ауруы, ауырсыну, ұстама тәріздес эпигастрит тұста байқалады, лоқсу, өт аралас құсық, кекірік болуы мүмкін. Тері түсі бозғылттанады, көз асты көгереді, салмағы түсуі мүмкін. Үлкен дәреті бұзылып, іші қатады. Қолмен басып қарағанда іштің жоғарғы бөлігі ауырады, кіндік тұсы да ауырсынады. Нақтама қою үшін фиброгастродуоденоскопия жасатып, бауыр, өт жолдарын УЗИ, ішек құртына зерттеулер жүргізу қажет. Негізгі емі - емдік тамақтану. Ащы, қышқыл дәмді, қақталған, ысталған тағамдарды, кока-кола секілді газдалған сусындарды ішіп-жеуге болмайды. Ботқалар, шырышты сорпалар, буға пісірілген котлеттер, қайнатылған ет, балық, көкөніс пен жемістердің езбелері, жеміс шырындары, сүзбе, омлет, айран беріледі. Тамақтан кейін таза ауада 30-40 минут серуендеу пайдалы. Балаларға қатты жүгіруге, секіруге, ауыр заттарды көтеруге болмайды. Ауыз, тіс тазалығын сақтау міндетті. Емдік дәрілер асқазанның секреторлық қызметінің жағдайына байланысты тағайындалады. Ауырған бала уақытында дәрігерге қаралып,кеңес алу қажет, жазылып кетеді.

Созылмалы гастрит

  • Созылмалы гастрит
  • Созылмалы гастрит - асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.
  • Этиологиясы
  • Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Асқынуына алып келетін себептер: • хеликобактерлік инфекция (95%) • аутоиммундық фактор (15-18%) • дуоденогастральдік рефлюкс; • ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б. әсері; • алиментарлық факторлар (уақытымен тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамай жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық) • зиянды әдеттер; • өзге ағзалардың аурулары (анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит); Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі - хеликобактерлік инфекция - 90-95%.

Патогенезі

  • Патогенезі
  • Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.
  • Жіктемесі
  • Созылмалы гастриттің 3 түрін айырады: атрофиясыз; атрофиялық; ерекше түрлері. Атрофиясыз гастриттің басты себебі - Н.Pylori. Атрофиялық гастриттің өзі 2 түрге бөлінген: аутоиммундық және мультифокальдық.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимя человека. 2003.
  • Кольман Я., Рем К.Г. Наглядная биохимия Мир, 2004.
  • Б.Ж.Шырынбекова “Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы”,Түркістан 2011.
  • WWW/GOOGLE/RU.
  • С.М.Әдекенов ”Биологиялық химия” Қарағанды 2007.
  • Сейтембетова Т.С. , Төлеуов Б. , Сейтембетова А.Ж. Биологиялық химия 2007.
  • Березов Т. Т., Коровкин Б. Ф. Биологиялық химия, Мәскеу, 2004.
  • Плешкова с. м. және басқалар. Биохимияны өз бетінше зерттеуге арналған оқу құралы, 2009
  • С. 3. 3.Ашмарин Нейрохимия. Биологиялық және медициналық университеттерге арналған оқулық, Мәскеу, 1996