Файл: Трбиелеубілім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы Мектепалды А сынып Балаларды жасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:

Мектепалды «А» сынып

Балалардың жасы: 5жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 16.01 - 20.01 қаңтар айы,2022-2023оқу жылы 2 апта

Күнтәртібініңкезеңдері

Дүйсенбі

16.01.2023

Сейсенбі

17.01.2023

Сәрсенбі

18.01.2023

Бейсенбі

19.01.2023

Жұма

20.01.2023

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді пысықтау. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).

Ата-аналармен әңгімелесу,

Кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері,баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар,үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Пазылдар»

Қор.орт.танысу,таным

дық,ойын іс-әрекеті

Құрылыс ойыны: «Мұнара»

Қарым-қатынас іс -әрекеті

«Қиылған суреттер »үстел үсті ойыны

Танымдық ,зерттеу іс-әрекеті

«Көңілді доптар»

саусақ ойыны

Қарым-қатынас,еңбек іс-әрекеті

«Екі шеңбер»

Танымдық іс-әрекеті

Таңертенгі жаттығу

Қаңтар айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені №2 (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Өз орнына отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету.Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру.

Дастарханға береке берсін,

Ерге дәулет берсін.

Шыққанның есесін берсін,

Қалғанның берекесін берсін.

Аумин (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге ,

Қандай жақсы бір тұрған

Кел,балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады.

Күліп өмір сүрейік

Бәрінен мен күшті,

Деп айтады оң қол.

Неге сен,ал мен ше?

Деп келіспейді,сол қол.

Екі қолдың күштерін,

Кәне,сынап көрейік,

Оңға,солғатартайық,

Достастырып қайтайық.

Жалқаулықтан қашайық,

Жаттығулар жасайық.

Кәне,ширақ қимылмен

Кәнеки,қадам басайық.

Алға бас,досым,1,2,3

Тағы да біраз жүре түс.

Құлыншағым шапқылайды,тоқ-тоқ,

Тұяқтары тақылдайды,тоқ-тоқ.

Алыстағы ауылдарға шабады,тоқ-тоқ

Жасыл өлке жайлауға да барады.

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Сөйлеуді дамыту

балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу.

«Сөйлемді толықтыр» ойыны

Балалардан сөйлемді аяқтауды өтіну: «Балалар гүлзардағы гүлдерге су құйып жатыр, себебі . . .». "Ағаштарда бір жапырақ қалмады, өйткені . . . " , "Аю қыста ұйықтайды, себебі . . . " және т.б.

Математика негіздері

10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.

«Не өзгерді?» ойыны

Ойын шарты: Сандарды қойып, балалар көздерін жұмған сәтте 1 цифрды алып тастаймыз. Карточкамен жұмыс. Оң және сол қолды кезегімен көтеру керек. Сол қолыңды сол жақтағы, оң қолыңды оң жақтағы жемісті алып, оңға қарай қой. Жоғарыда қанша таяқша болса, сонша құлпынай қой. Төменге саны дәл сондай алмұрт қой. Қай жеміс көп? Қайсысы аз? Бірдей болу үшін қалай теңестіреміз? Қайсысына қай цифр қоямыз?

Сауат ашу негіздері

сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру дағыдысын одан әрі жетілдіру.

Дидактикалық ойын атауы: «Кім тапқыр»

Мақсаты: Сөздік қорларын байыту. Сөйлемде сөздерді үйлестіру біліктерін қалыптастыру.

Ойыншылар саны: 4-5 бала

Құрал-жабдықтары:Әртүрлі заттар бейнеленген карточкалар

Ойынның барысы: Әртүрлі заттар бейнеленген карточкалар шашылып жатады. Ойынға бір бала шығады. Тәрбиеші кез келген дыбысты айтып, сол дыбыстан басталатын суреті бар карточкаларды қалташаға орналастыруды және қалташаға салынған суреттерден қатыстырып сөйлем құрауды ұсынады.

Мысалы: Өрік, өрмекші, өшіргіш

Өрмекші өрмек тоқыды.

Осылайша ойын келесі балалармен жалғаса береді.

Дене шынықтыру

жүрумен алмастыра отырып, 100-120 метр арақашықтықта жүгіруді жетілдіру.

Егер Ұлы Жібек жолы картасына жоғарыдан

қарасаң – ағаштың салалы бұтақтарына ұқсайтын бірнеше қа- тар сызықтарды көруге болады.

Ұлы Жібек жолы – Қытай, Таяу Шығыс және Еуропа ара-

сында б.з.б. 2-ғасырдан б.з. 15-ғасырына дейін болған сауда жолдарының жүйесі.

(т, ПК) Киіз үй (татар ойыны)

Ойынға балалардың қосалқы төрт шағын тобы қатысады. Әр топ залдың бұрыштарында шеңбер құрады. Әрбір шеңбердің ортасында ұлттық ою-өрнек салынған орамал болады. Төрт шеңбердегілердің бәрі қол ұстасып ауыспалы адыммен жүріп, өлең айтады:

Біз көңілді баламыз, Айналып ән саламыз. Ойын ойнап, би билеп, Көк шалғынға барамыз.

Сөзі жоқ әуен басталғанда балалар ауыспалы адыммен ортақ шеңбер құрып тұрады. Музыка аяқталғанда орамалға жүгіріп барып, оны жайып төбелеріне ұстайды (шатыр), бұл киіз үйді білдіреді.

Киіз үйді бірінші болып құрған топ жеңіске жетеді.


Қоршаған ортамен танысу

өзінің іс-әрекетіне басқалар пікірін білдірген жағдайда ол пікірді дұрыс қабылдауға, өз ісіне адал болуға, еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде нәтижеге жетуге ұмтылуға, сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге, өзінің педагогтерін, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу

 «Кім болам?» 

дидактикалық ойын.

  Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

Қазақ тілі

азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран сөздермен толықтыруды жетілдіру

«Азық-түлік дүкені» ойыны

Көркем әдебиет

Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беруді жалғастыру.

Дидактикалық ойын

"Кімнің сөздері".

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту. Ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісе білуге үйртету.

Шарты: Балаларға ертегі кейіпкердің сөзіне қарай, қандай кейіпкер және қандай ертегі туралы тауып айту керек.

Мысалы:Бұл сөздерді қай ертегінің кейіпкері айтады:

"Бер менің құйрығымды"

(Мысық "Мақтақыз бен мысық" ертегісінен)

"Мен атаданқаштым, мен әжеден қаштым "

(Бауырсақ "Бауырсақ" ертегісінен)

"Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ"

(Көкек "Қарлығаш пен дәуіт"ертегісінен)

Музыка

би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.

Мақсаты :әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау.
Музыка тыңдау: «Вальс» (С. Майкапар) Ән айту:

«Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев)

«Ақша қар» (К. Қуатбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Аюлар биі» (Е. Тиличеева)

Билер: «Испан биі»

(«Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Төмен және жоғары дыбыстар»

ойыны

Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)

Сауат ашу негіздері

сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру дағыдысын одан әрі жетілдіру.

Дидактикалық ойынның атауы:   «Кім зейінді?»

Мақсаты: сөздден сөйлем құрап,сөйлемдегі неше сөз бар екендігін үйрету. Балалардың, байқағыштық қасиеттерін дамыту.

Ойыншылар саны: барлық топ.

Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, текшелер

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға әр-түрлі суреттердің ішінен бір суретті алып,суретті қатыстырып, текшелермен сөйлем құрастыру.Ойынды топқа бөліп өткізуге болады.

Тәрбиеші балалардың іс-әрекетін мұқият бақылап, қателеспеген, ойынға белсене қатысқан балаларға жалауша, жұлдызша, не асықтар үлестіріп отырады.

Ойын соңында берілген заттар саналып, жеңімпаз белгіленеді.

Математика негіздері

Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйретуді жалғастыру.

Мақсаты : шартты өлшемнің көмегімен заттарды шамасы бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру

Практикалық жұмыс

Педагог балаларға: көк және қызыл қағаз таспаларын таратады. Кішкентай жасыл таспа – шартты өлшем.

Педагог балаларға: алдарыңдағы тәрелкелерде көк және қызыл қағаз таспалар жатыр. Тәжірибелік жолмен таспалардың қайсысы ұзынырақ екенін дәлелдеп көріңдер.

–Таспалардың қайсысы ұзынырақ?

–Неліктен қызыл таспа ұзынырақ?

–Қызыл таспа неше шартты өлшемге тең?

–Көк таспа неше шартты өлшемге тең?

Қайсысы көбірек: 3 пе, немесе 4 пе?

Шартты өлшемнің көмегімен таспалардың ұзындығын өлшейді. Қорытынды жасайды: қызыл таспа ұзынырақ, оның ұзындығы 4 шартты өлшемге тең. Көк таспа қысқарырақ, ол 3 шартты өлшемге тең.

Тапсырмаларды орындап, өздерінің іс-қимылдарын түсіндіреді.

Қазақ тілі

Туыстық қарым-қатынасты білдіретін «немере», «шөбере» сөздерін үйрету

Дидактикалық ойынның атауы: «Отбасы мүшелерін ата»

Мақсаты: Отбасы мүшеріне қатысты әрекеттерді атауға үйрету.Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Құрал – жабдықтары: Отбасы мүшелерінің суреттері,карточкалар,қыстырғыштар

Ойын барысы: Әр отбасы мүшелері белгіленген суреттерге кімнің қандай әрекетпен айналысатына байланысты әр түрлі еңбек әрекеттерін қыстырғыш арқылы сәйкестендіру.

Дене шынықтыру

бірнеше заттардан еңбектеп өтуді жетілдіру.

(Ұ, Ө ) Балалармен өзара түсіністік, іс-қимылды үйлесті- ру деген не екенін талқылаңыз.

Қазақстанның қалаларына саяхат жасауды ұсыныңыз. Ортақ кеңістікті бөлу және қимыл-қозғалыс тәуекелдігін азайтуға балалардың назарын аударыңыз.

Астана

Ұлттық ұланды жаттықтыру.

(Ұ) Қатарынан тізіліп бір аяқпен залдың қарсы бетіне дейін жүру, жүгіру, секіру.

Саппен тізбектеле жүргенде қимыл-қозғалысты үйлестіруге, денені тік ұстауға көңіл бөлу.

Гантельмен орындалатын жаттығу. Күш қасиеттерін дамытуға арналған. Қолмен отырғышқа таянып, денені жерден көтеріп, қолды бүгіп-жазу. Кейбір балаларға жеке жұмыс жүргізуге болады.


Сөйлеуді дамыту

Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдай білу дағдысын жетілдіру.

Дидактикалық ойынның атауы: «Ертегіні жалғастыр»

Мақсаты: Балаларға таныс ертегіні жалғастыруға үйрету, ой-өрістерін дамыту.

Құрал – жабдықтары: Ертегінің кейіпкерлерінің суреттері.

Ойынның барысы: Тәрбиеші ертегі кейіпкерлерін үстелдің үстіне қояды, (мысалы: шалқан, атасы, апасы, немересі) балалар әрі қарай ертегінің атауын тауып, сол ертегіні жалғастыруы керек .

Қоршаған ортамен танысу

жаңа жыл мерекесінің маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысуға үйрету.

«Жыл мезгілдері» ойыны
Мақсаты: Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту, мезгілдерді атауларын үйрету(қыс, көктем, жаз, күз). Мезгіл өзгерістерін талқылау.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдері суреттері мен карточкалары.
Ойын барысы: Тәрбиеші балалардан жылдың қай мезгілі екенін сұрайды. Жыл мезгілі төрт бөліктен тұрады, әр бөлікке сәйкес мезгілдердің ерекшелік карточкасы бар.
Балалар жыл мезгілдерінің өзгерістері карточкасын алып сәйкес келетін мезгілдерге қойып шығады.(мысалы: қыс мезгіліне қар, шырша, аққалат. б.)
«Қыс қызықтары» ойындар топтамасынан

«Аққала құрастыру»; «Қар жинау» ойындарын ойнату.

Көркем әдебиет

санамақ, жаңылтпаш айта білу дағдыларын жетілідру.

Дидактикалық ойынның атауы: «Тез ойла»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау,зеректік қабілеттерін дамыту. Тілдік қорларын молайту. Жаңылтпаш,санамақ айтуға үйрету.

Шарты: жаңылтпаш,санамақ айтудан сайыс ұйымдастыру.Балалар топқа бөлініп,топтық сайыс өткізу.

Музыка

қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, әнкүйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін түсіндіруді жалғастыру.

Мақсаты : әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау.

Музыка тыңдау: «Вальс» (С. Майкапар) Ән айту:

«Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев)

«Ақша қар» (К. Қуатбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Аюлар биі» (Е. Тиличеева)

Билер: «Испан биі»

(«Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Төмен және жоғары дыбыстар»

ойыны

Музыкалық аспапта ойнау:

«Полька» (А. Филиппенко)

Сауат ашу негіздері

ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, сызықтарды бастырып олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру

Мақсаты: ұзын, толқынды, ирек сызықтарды саусақпен,жіппен жазықтық бетінде жаздыра отырып,саусақ моторикаларын дамыту.

«Қызықты сызықтар» ойыны

Шарты: құм салынған қорпашалардың ішінде саусақпен түрлі өрнек,сызық түрлерін жазу.

Математика негіздері

Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.

Эксперименттік іс-әрекет

Педагог балаларға үстелдің ұзындығын алақанымен өлшеуді ұсынады. Балалар алақанмен өлшейді. Жауаптарын салыстырады.

Сонда қалай, үстел біреу, бірақ жауап әртүрлі? (Алақанның көлемі әртүрлі)

Үстелдің ұзындығын шынтақпен өлшейміз.

Балалар үстелдің ұзындығын шынтақпен өлшейді. Жауаптарын салыстырады. Жауаптың әртүрлі болуы шынтақтың ұзындығына байланысты деп, қорытынды жасайды.

Педагог екі баланы шақырады ойын бұрышындағы кілемнің ұзындығын қадамдармен өлшеуді сұрайды.

Екі бала кілемді өлшейді. Жауаптарын салыстырады. Балалардың қадам өлшемдері әр түрлі, сондықтан өлшеу нәтижелері әр түрлі деген педагогпен бірге қорытынды жасайды. Проблемалық сұрақ: заттардың ұзындығын қалай анықтауға болады?

Балаларға ата-аналар үйдегі заттарды қалай өлшейтінін еске түсіруін сұрайды. Пікірталастан кейін педагог бір ғана өлшеуіш-метрді ойлап тапқанын түсіндіреді. (көрсету).

Бұл өлшемді барлық адамдар пайдаланады. Оны шартты өлшем деп те атауға болады.

Шығармашылық іс-әрекет

қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірменмен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу.

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық заттарын қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіруді жалғастыру. Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.

«Сиқырлы құрақтар»

Дене шынықтыру

бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіруді жетілдіру. (арақашықтықтығы 40 сантиметр

(Ұ, Ө)

Қазақстанның шығысынан батысына саяхат жасауды ұсыныңыз. Балалардың ортақ кеңістікті бөлу және қимыл- қозғалыс кезінде жарақаттың алдын алуға назарын ау- дарыңыз.

«Ұшақпен ұшу» ойын жаттығуы – ұшақтың түрлі биіктікте ұшқанын, төмендегенін, қонғанын келтіріңдер.

(Ұ) Өскемен

Ырғақты жаттығу орындау

қарағанды

«Арқаннан секіру» қимыл ойыны

Ойын бастаушы шеңбер ортасына тұрады. Арқанды шамамен балалардың тізе тұсындағыдай биіктікте бірде баяу, бірде жылдам айналдыра отырып олардың біріне тигізуге тыры- сады.

Балалар арқан аяқ тұсына келіп қалғанда аттап немесе секі- ріп, ойын жүргізушінің айласына түсіп қалмауы тиіс. Арқан тиген бала ойыннан шығады.

шымкент

Малдас құрып отырып асықты бір қолмен лақтыру және қағып алу; Нұсқау – асықты тым биік қылмай лақтырып, саусақтарды тез бүгу. Бір мезетте қазақ, ағылшын, орыс тіл- дерінде санауды ұсыныңыз.

қызылорда

«Салт аттылар» қимыл ойыны

Ойынға қатысушылар екі қатарға бөлінеді – бұлар салт аттылар. Олар таяқты ат қылып мінеді. Топтар мәре сызығының арғы жағына екі қатар сапқа тұрады. Топтарды бірінші бастап тұрған екі салт атты алға қарай шапқылап барады да, оң қол жағындағы құрсау ішінен тасты іліп алып өз тобына асығады. Мәре сызығына жеткен соң, таяқты ке- лесі балаға беріп, тасты кәрзеңкеге салып, саптың соңына барып тұрады. Бірінші болып көп тас жинаған топ жеңімпаз болады.





Балалармен жеке жұмыс

-----------сөйлемдерің әртүрлі түрлерін қолдану.

қарым-қатынас іс -әрекеті

---------Заттар тобының жалпы қасиетін табу,қандай да бір қасиеті бойынша топқа біріктіру.

Танымдық іс-әрекеті

----------

Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таны

ту,грамматикалық дұрыс сөйлеуге үйрету.

қарым-қатынас іс -әрекеті

---------Қоршаған әлемнің алуан түрлілігін түсіндіру.

Танымдық іс-әрекеті

----------

Қимыл белсенділігін

де қарапайым өзіндік бақылауды қалыптастырады.

Қозғалыс іс-әрекеті

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Бақылау: Аязды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жібе

руі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап, мойын

орауыш тағатынымызды түсіндіру.

Еңбек: Ауладағы қарды күреу.Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс ұстауға үйрету.

Қим.ойын: «Сырғанақ тебу».

Мақсаты: Балаларды ұйымшыл тату ойнауға, шанамен ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету.

Жеке жұмыс:

( Нұрали, Бекарыс, Тілекжан, Аяулым)

Жұмбақ. Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.(Аяз).

Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілет

терін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл

ген тапсырманы тия-

нақты орындауларын қадағалау.

Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа нұр.


Бақылау:Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ: Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Бақылау: Қарды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелік

терін айту.Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.

Тақпақ:

Аппақ көше, бар дала, Аппақ ой мен қыраттар.

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,

үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.

Жеке жұмыс: «Қыс қызығы»тақырыбында әңгіме құрату.

(Абдубақыт, Айару, Данагүл, Дильназ)

Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, ойын

жүйелеп жеткізе білуге үйрету.

Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау».

Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру.


Бақылау: Күнді бақылау.

Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру. Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын:«Айгөлек».

Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.


Балалардың үйге қайтуы

Кеңес:үйде ойын бұрышын ұйымдастыру

Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.Үйде балалармен бірге жаңылтпаш айту.

Кеңес: Бала өміріндегі ойынның маңызы.

Кеңес:Ата аналар нені білуі керек?

Кеңес: балалармен демалыс күндерін қалай өткізу керек?