Файл: Мтінді оып, астындаы тест тапсырмаларын орындаыз. Отбасы лтты тірегі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Отбасы – ұлттың тірегі
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған.
Грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей
І нұсқа ІІ нұсқа
1) Берілген сөздерді септеңдер.
Мінез Еңбек
2)Мәтін ішіндегі синоним сөздерді теріп жаз.
3)Отбасы мүшелерін атап жаз.
ІІ деңгей
1)Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем құраңдар.
Көркем Халық
2)Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
(сыйлау,қамқорлық,кішіпейлдік,отбасылық)
І деңгей
Отбасы туралы 5,6 мақал – мәтел жаз.
Лексикалық тапсырмалар:
1. «Отбасы» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің отбасың қандай?
В)Отбасыңда неше адам бар?
С)Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
Д)Сен қандай отбасы мүшелерінің атауларын білесің?
2. «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңздар.(4)
4. «Дос» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
(Ізетті, әдепті, адал, мейірімді, жаман, момын, сабыр).
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жазыңыздар.
1)Жаман достан-таяғым артық.
Glossary
Kazakh | Russia | English | | |
ұят | совесть | conscience | | |
мәдениет | культура | culture | | |
қасиетті | святой | sacred museum | | |
танымастай | неузнаваемый | unrecognizable | ||
ұлт өкілдері | представители различн.наций | representative of different nations | ||
болашақ | будущее | future | ||
адамгершілік | человечность | humanity | ||
міндет | обязанность | duty | ||
жауапкершілік | ответственность | responsibility | ||
жанұя | семья | family |
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік.
Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау-әрбір азаматтың борышы.
1. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар , ол -не?
A) бостандық
B)тәуелсіз Қазақстан
C) еліміз
D) тарихымыз
E) тыныштық
2. Мәтінде қандай синоним бар?
А) халық, ел
В) жуындыру, өру
С) көмек, жұмыс
D) қарындас, ағайын
Е) ояну, шығарып салу
3. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
А) отаным-Қазақстан
В) президент сайлану
С) тазалықты сақтау, шашын өру
D) туымыз,тілегіміз
Е) мемлекеттік мәртебе
4. Қазақ тіліне не берілді?
А) бейбітшілік
В) бостандық
С) мемлекеттік мәртебе
D) тыныштық
Е) борыш
5. Біздің еліміз қандай ұйымдарға мүше болып қабылданды?
А) мектептің ұжымына
В) қамқор, әділетсіз
С) әділет қорына
D) Біріккен Ұлттар Ұйымына
Е) халықаралык спорт қоры
Лексика–грамматикалық тест:
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
A) 40
B) 41
C) 42
D) 33
E) 36
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қай жылы сайланды?
A) 1992
B) 1991
C) 1990
D) 1993
E) 1995
3. Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар?
A) жалау, конституция, парламент
B) елтаңба, президент, мемлекет
C) ән – ұран, сайлау, ұлттық валюта
D) елтаңба, ту, әнұран
E) жалау, мемлекет, президент
4. Сөздің құрамына енеді?
A) жұрнақ, жалғау, буын
B) түбір, жұрнақ, жалғау
C) есімше, көсемше, үстеу
D) түбір, жалғау, сөз
E) жұрнақ, қосымша, зат есім
5. Көптік жалғау жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз:
A) балалар, әкелер, аталар
B) колледжге, тауға, мекемеге
C) суретші, әнші, оқытушы
D) асыл, мықты, қуаныш, табыс
E) мектепте, парталарда, үйде
6. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы заң қашан қабылданды?
A)1992 жылы 4 маусымда
B)1991 жылы 1 желтоқсанда
C) 1993 жылы 20 қантарда
D) 1990 жылы 4 шілдеде
E) 1995 жылы 30 тамызда
7. Жіңішке сөзді белгілеңіз:
A) сабақ
B) аймақ
C) еңбек
D) асыл
E) мейман
8. «Конституция» сөзінің аудармасын табыңыз:
A) Заң
B) Отан
C) Ата заң
D) Нұсқау
E) Мемлекет
9. Тәуелдік жалғаулары жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз:
А) дүкендер, шаралар, кәсіптер
В) үйім, үйің, үйі
С) ұстазбын, студентпін, оқушымын
D) талапқа, отбасына, дәрежеге
Е) талабым, достар,есімдік
10. Жіктік жалғаулары жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз :
A) еңбегі, табысы, кәсібі
B) адамсын, азаматпыз,
C) үлгілі, сыпайы, мейрімді
D) достар, замандастар, әріптестер
E) халық, құрбы, тұрды
11. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
А) 1990 жылы 10 қараша
В) 1991 жылы 16 желтоқсан
С) 1992 жылы 22 қыркүйек
D) 1993 жылы 4 қараша
Е) 1991 жылы 1 желтоқсан
12. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 7
В) 5
С) 6
D) 9
Е) 8
13. Ілік септік жалғаулары бар сөздер қатарын көрсетіңіз:
А) ағамның, досымның, дәптердің
В) ауылға, сапарға, жиналысқа
С) ағаммен, досыммен, дәптермен
D) ойынға, баққа, биікке
Е) азаматты, адамды, кітапты
14. Сын есімнің сұрақтарын көрсетіңіз:
А) не қылды? не істеді?
В) кімнің? ненің?
С) қандай? қай?
Д) кімдер? нелер?
Е) қалай? қайтіп? не?
15. «Отансыз адам – ормансыз бұлбул» мақалының орысша аудармасын табыңыз:
A) Родная земля – золотая колыбель жиеніме
B)Человек без Родины, как соловей без леса
C) Сила есть, ума не надо тәрбиеле
D) Чистота – золог здоровья досыма
E) В здоровом теле здоровый дух
Грамматикалық тапсырмалар:
Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар
Үй................................................................................
Ана .............................................................................
Ата-ана........................................................................
Дос...............................................................................
Туыс..............................................................................
1.Отан туралы 5- мақал-мәтел дәптеріңе жаз.
2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.
(бейне,ой,бас,би).
ә) әр топ бір-біріне 3 сұрақтан қойып, жауап береді.
Қазақстан — біздің Отанымыз
Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да кездеседі.
Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.
«Медеу» мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.
Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. 1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
I.Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.
1. Қазақстан Республиксы қай құрлықта орналасқан?
2. Қазақстанның жері қандай?
3. Қазақстанда қандай мұз айдыны бар?
4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
5. Мәтінді қысқаша мазмұндау, оқушылардың түсінгендерін тыңдау.
II.Төменде берілген мақал — мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.
Ел іші — ........
Отансыз адам — ......
Отан — оттан да .....
Отан отбасынан ......
Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.
III. Тапсырма. Бос орынға керекті сөзді қой.
Қазақстан Республикасы ...... орналасқан.
Н.Ә.Назарбаев ...... Президенті.
Қазақстанның табиғаты .....
Glossary
Kazakh | Russia | English | | |
тәуелсіз | независимый | independent | | |
жариялау | указ | decree | | |
әлем | земной шар | globe | | |
Біріккен Ұлттар Ұйымына | Организация объединенных наций | uзnited Nations | ||
халықаралық валюта | международная валюта | international currency | ||
егеменді | суверенный | sovereign | ||
мәртебе | статус | status | ||
бейбітшілік | мир | world | ||
тыныштық | спокойствие | calm | ||
азаматтың борышы | гражданский долг | civic duty |
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Астана
Біздің Республикамыз – тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстанның жері - кең,байтақ. Еліміз Азияда орналасқан.
Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Қазақстан еліміздегі ең әдемі қала. Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған. Астана Есіл өзеңінің бойында орналасқан. Қала халқы жылдан жылға өсуде. Қалада көп ұлттар тұрады. Көптеген жаңа әдемі ғимараттар, биік үйлер салынды. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар.Астана – болашағы үлкен қала.