Файл: Емтихан билеті н 3 372022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 98

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Емтихан билеті

Н 3-4.37-2022

2 баспа 18.03.2022








1. Екі сұр шыбынды шағылыстырғанда екінші ұрпақта (Ғ2) 1392 сұршыбын, 467 қара шыбын алынған. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.

2. Популяцияда дальтонизммен ауыратын ер адамдар 0,08. Бұл ауру жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын рецессивті гендермен анықталады. Әйелдің үш генотипінің күтілу жиілігі қандай? Есептеп шығар.


3. Әкесінің қаны І топ, анасының қаны ІІ топ отбасының балаларының қан топтары қандай болады? Есепті шығар.




1. Генотипі ІА І0 Х ІВ І0 некелерден туылған ұрпақтың қан тобын көрсетіңіз. Есепті шығар.



2. Ақуызда 51 амин қышқылы бар. Бұл ақуызды кодтау үшін тізбекте қанша нуклеотидтер болады? Ал ДНҚ молекуласының фрагментінде қанша нуклеотид болады
ДНҚ молекуласының ген коды -трипледти

51*3=153 дипледти

153*2= 306 трипледти
3. Адам бір рет тыныс алғанда 3500 см2 ауаны жұта алады. Егер де адам минутына 17-20 рет тыныс алатын болса 1 сағат өкпе арқылы қанша оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын шығарады?

Берілгені:

V=3500 см 2

T=1 сағат

F=16 мин

C(O2)=21%

C(CO2)=0,03%

Авагадро саны=22,4л/моль

Моль масса О2 =32л/ моль

Моль масса СО2= 44л/моль

V(CO2)=? m=(CO2)=?

V(O2)=? m=(O2)=?

Шешуі:

V=3500см2 х 16 мин-1 х 60 мин = 3360000 см3 = 3360 л

V (О2) = 3360 л х 0,21 = 705,6 л

m(О2) = 705,6 л х 32г/моль : 22,4л/моль= 1009 г

V (CO2)= 3360 x 0,003= 1,008 л

m (CO2)=1008 л х 44г/моль : 22,4 л/моль = 1,98 г немесе 2 г

Жауабы: 1 сағатта 705,6 литр немесе 1009 грамм оттегімен демалып, 1008 литр немесе 2 грамм СО2 сыртқа шығарыпотырады




1. Ерлі-зайыптылардың екеуі де альбинизм белгісі бойынша гетерозиготалы. Олардан әртүрлі жұмыртқалы егіз балалар дүниеге келген. Олардың екеуінің де альбинос болуының ықтималдығы қандай? Есепті шығар.



2. Балдырлар мен инфузория клеткаларынан тұратын аквариумды жарықта өсірді. Бір ортада балдырлар 0,12 моль, ал инфузория клеткалары 0,10 моль глюкозаны энергия ретінде пайдаланады. Осы уақыт аралығында(яғни бір аптада) организмдер 0,2г/моль глюкозаны синтездейді. Аквариумдағы организмдер өздеріне қажетті шамада артық қанша оттегін синтездейді

шешуі:

6СО2+6Н2О С6Н12О6 + 2

1моль 6моль

0,12-0,10=0,22 0,03 х 6

0,25-0,22=0,03 моль х= =0,18 моль

1

Жауабы:Аквариумдағы организмдер өздеріне қажетті0,18 моль шамада оттегін синтездейді
3. Ашытқы жасушаларының спирттік ашу кезінде 51 молекула глюкозаның ыдырауына қандай өнімдер пайда болып және қанша АТФ молекулалары жиналады?





1. Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Бес саусақты әйел, гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Отбасында алты саусақты бала болуының ықтималдығы қандай? Есепті шығар.


2. 574 аминқылынан тұратын бір гемоглобин белогы (ақуызы) рибосомада 90 секундта

синтезделеді. 1 секунд уақытта гемоглобин белогынан қанша аминқышқылы тіркеледі.

574:90=6,37
3. Екі оқушы коллекцияны қарап, скорпионға назар аударды. Біреуі оларды шаян тәрізділердің өкілі десе, ал екіншісі скорпиондар өрмекшіге жатады деп айтты. Екеуінің қайсысы дұрыс.



  1. Балаларының қанының топтары I; II; III және IҮ болса, ата-анасының генотиптері қандай болады?

2. Бір тәулікте адам ағзасының бездері 800 мл-ден астам асқазан сөлін бөледі ( асқазан сөлінің тығыздығы р=1,065г/см3). Егер асқазан сөліндегі тұз қышқылының НСl). Мөлшері: 0,4-0,5% болса. Осы тұз қышқылынан пайда қылатын NaCl яғни ас тұзының массасын табыңыздар?

Берілгені:

V/асқазан сөлі =800 мл

P/асқазан сөлінің тығыздығы=-1,065г/см3

W(HCl)=0,4-0,5%

m (NaCl)=?

Шешуі: Алдымен асқазан сөлінің массасын тауып аламыз.

m=800 мл х 1,065 г/см3=852 г

Бір тәулікте бөлінетін асқазан сөліндегі тұз қышқылын табамыз:

m= 852г х 0,005 г=4,26 г

М (NaCl)= 58,5г/ моль

M (HCl)=36,5 г/моль

58,5г х 4,26 г

m= =6,8г/Nacl

36,5

Жауабы: Тәулігіне адам 6,8 г ас тұзын (NaCl) пайдалану керек.
3. Жасушада 150 мономерден тұратын гликоген молекуласының фрагментінің тотығу кезінде көміртегі диоксиді мен су түзе отырып, қанша АТФ молекуласы түзіледі



1. Адамда альбинизм белгісі аутосомалы рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі -зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбинос та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтималдығын анықтаңыз.

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.


Белгі

Ген

Генотип

Қалыпты

А

АА,Аа

Альбинос

а

аа


Ерлі –зайыптылардың біреуін - әйелі ауру деп белгілейік, оның генотипі - аа. Оның зайыбы сау. Зайыбының генотипі гомозиготалы немесе гереозиготалы болуы мүмкін. Осы отбасында екі түрлі егіздердің тууы ер адамның генотипі гетерозигота екенін көрсетеді.

Осы некенің үлгңсңн көрсетейік:




Р Аа х аа



Г А а а
Ғ1 Аа
Жауабы: осы отбасында ауру бала болғанымен келесі баласының альбиносболып тууының ықтималдығы 50% , себебі гаметалардың арақатынасы өзгермейді.
2. ДНҚ молекуласында 880 гуанин нуклеотиді жалпы нуклеотидттер мөлшерінің 22% құрайды. Қалған нуклеотидттердің мөлшерін анықтаңыз. Молекуланың ұзындығын анықтаңыз.
3. Ақуызда 51 амин қышқылы бар. Бұл ақуызды кодтау үшін тізбекте қанша нуклеотидтер болады? Ал ДНҚ молекуласының фрагментінде қанша нуклеотид болады



ДНҚ молекуласының ген коды -трипледти

51*3=153 дипледти

153*2= 306 трипледти


  1. Көк көзді ер адам әке шешесі қой көзді, қой көзді қызға үйленеді. Ал қыздың әпкесінің көзі көк,осы некеден көк көзді бала болуы мүмкін б е?Есепті шығар.



  1. Әкесінің қан тобы IV, ал анасыныкі I болса, әкеден балаға қан тобы беріледі ме?


3. Әйелдің және ер адам генотиптері АаВbDd және АаВbYy боолса, қанша және қандай типті гаметалар түзіледі? Есептеп шығар.

1. Егер анасының генотипі белгілі болса, ұрпағының фенотипін анықтауға мүмкіндік береді. Гомозиготалы қара сиыр қызыл бұқамен шағылыстырылады. Ірі қара малда қара түс (В) қызыл түстен (b) басым екені белгілі. Алынған ұрпақ қандай түсті? Есепті шығар.


2. Адамның қан сарысуындағы альбуминнің молекулалық салмағы 68400 тең. Осы ақуыздың молекуласындағы амин қышқылдың санын анықтаңыз.
3. Көк көзді ер адам әке шешесі қой көзді, қой көзді қызға үйленеді. Ал қыздың әпкесінің көзі көк,осы некеден көк көзді бала болуы мүмкін бе?Есепті шығар.






  1. Мысықтарда қысқа жүнділік ұзын жүнділіктен басым болып келеді. Қысқа және ұзын жүнді мысықты бір-бірімен шағылыстырғанда 6 қысқа, 2 ұзын жүнді күшіктер туған. Ата- аналық мысықтың генотипі қандай?Есепті шығар.


2. Бактериялардың ДНҚ молекуласының фрагментінің ұзындығы 20,4 нм тең. Осы ДНҚ фрагменті кодтайтын ақуызда қанша амин қышқылы болады.
3. Қан тобы І қыз, қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқа шығады. Олардың балаларының қан тобы қандай болады? Есепті шығар



1. Адамда қара шашты бақылайтын ген, сары шашты анықтайтын геннен басым. Осы сары шашты әкеден және қара шашты шешеден қара шашты балалар туады.Ата- анасының генотипін анықтаңдар? Есепті шығар.



2. ДНҚ молекуласында тимин нуклеотиді -16% құрайды. Гуанин нуклеотидінің процентін анықтаңыз.
3. Әкесінің қан тобы IV, ал анасыныкі I болса, әкеден балаға қан тобы беріледі ме?






1. Қызыл көзді гомозиготалы дрозофила шыбынын ақ көзді шыбынмен шағылыстырғанда, екінші ұрпақта белгілер қандай сандық қатынаста ажырайды? Ақ көз рецессивті болады. Есепті шығар.
2. иРНК молекуласында урацил негізі 80, гуанин 280 , цитозин 280, аденин 80, рибоза мен фосфор қышқылының молекула санын анықтаңыз.

3. Ата анасының қан топтары гомозиготалы мен болса, ұрпақтардың қан топтары қандай болады?




1. Сұлы өсімдігінің ерте пісетін белгісі -доминантты да, кеш пісетіні -рецессивті. Тәжірибе үлескісінде гетерозиготалы ерте пісетін түрлерімен кеш пісетін түрлерін будандастырғанда 1944 өсімдік алынған. Кеш пісетін өсімдіктердің санын анықтаңыз.
2. ДНҚ тізбегінің екінші тізбегін жасаңыз:

ААТ ГЦЦ ГТА АЦГ ТЦ
3. Пептидтер ақуыздардан бөлінген кезде ақуыздар ерігіштігінің төмендеу мүмкіндігін қалай түсіндіруге болады (мысалы, фибриноген сияқты)




1. Альбинизм белгісі өсімдіктерге өлімші әсер тудырғанымен, сау өсімдіктердің ұрпақтарында жиі кездеседі. Егер альбинос өсімдіктер өлетін болса, неге олар популяциядан толық жойылып кетпейді?
2. Ақуызда 25 амин қышқылы бар. Геннің соңында үш тыныс белгісі болса, кодтаушы тізбекте қанша нуклеотидтер бар?
75+3*3= 84
3. ДНК молекуласында 880 гуанидил нуклеотидтері табылды олар осы ДНҚ нуклеотидтерінің жалпы санының 22% құрайды. Анықтаңыз: осы ДНҚ- да қанша басқа нуклеотид бар?

1. Қызан өсімдігінің сабағы қалыпты биіктігі R , аласалығы r- ге қарағанда басым: а) сабағының осы аталған белгілері бойынша ажырауының арақатынасы 1:1 болғандығы; ә) 3:1 қатынасындай болып ажырағандығы өсімдіктердің генотиптерін анықтаңыз.


2. Кодталатын тізбекте 600 нуклеотидтен тұратын ген бар. Егер геннің соңында екі стоп триплет болса, онда генде кодталған ақуыздарда канша амин қышқылы болады?
3. Пептидтер ақуыздардан бөлінген кезде ақуыздар ерігіштігінің төмендеу мүмкіндігін қалай түсіндіруге болады.





1. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіден басым, ал қой көзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек, көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады? Есепті шығар.

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.


Белгі

Ген

Генотип

Алыстан көрмеушілік

А

АА,аа

Көруі қалыпты

а

аа

Қой көзді

В

ВВ,Вb

Көк көзді

В

bb