ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Толық ұпай саны: 25
8-сынып
1-тапсырма.
Оқылым
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Жолбарыс пен тышқан
Бір жолбарыс ұйықтап жатса, үстіне бір тышқан жорғалап шығып кетіпті. Оны жолбарыс ұстап алады. Сонда тышқан айтыпты:
- Ағатай, мені қоя беріңіз. Кім біледі, менің де сізге бір керегім боп қалар. Сонда жолбарыс: «Жесем, ас та болмайды, жөніне жіберейін» - деп, тышқанды қоя береді.
Әлгі тышқан баяғысынша жорғалап келе жатады. Кенет ол бір ақырған дауысты естиді. «Апырау, мынау жолбарыс қой. Үнінде бір ауырсыну бар сияқты ғой». Тышқан жорғалаған күйі солай қарай тартады. Сөйтсе, баяғы жолбарыс тұзаққа түсіп қалыпты. Жолбарысқа да жан керек, тышқанды көріп жылап жібереді.
- Ал, достым, бір амалын тауып, мені құтқар, - деп тышқанға жалыныпты. Сонда тышқан: «Асықпа, саған қарыз боп қалмаспын» - деп тұзақты тісімен кеміріп, қиып жібереді. Сөйтіп жолбарысты ажалдан құтқарды. Жолбарыс сол жолы біреуге жақсылық жасасаң, оның іссіз кетпейтінін алғаш түсініпті.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1. Жолбарыс тышқанға қандай жақсылық жасады?
а) дос тауып берді
ә) аштықтан аман алып қалды
б) жемей, жөніне жіберді
в) қонаққа шақырды
2. Мәтінде қандай антонимдер бар?
а) жолбарыс, тышқан
ә) ұста, жібер
б) көмек, жұмыс
в) жалын, құтқар
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді. ә) Жақсылық ұмытылмас.
б) Күлме досыңа, келер басыңа.
в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
4. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
а) Бірге көтерген жүк жеңіл.
ә) Біреуге жасаған жақсылығың ізсіз қалмайды.
б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?
в) Жолдасын тастаған жолда қалар.
5. Тышқанды қай қасиеті құтқарды?
а) аңқаулығы
ә) сараңдығы
б) жайдарлығы
в) тапқырлығы
2- тапсырма
Лексикалық–грамматикалық тест
1. Келер шақтағы етістікті табыңыз.
A) кешікті
B) айтқан
C) отыр
D) жүзеді
E) айтты
2. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.
A) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.
B) Адал достық алтыннан да қымбат.
C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
D) Ашуың келсе, қолың тарт.
E) Татулық – табылмас бақыт.
3. Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз.
A) ұстаз
B) шебер
C) жүргізуші
D) зергер
E) оқытушы
4. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.
A) аспанда
B) сызғыш
C) аста
D) ақылым
E) менде
5.Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз
A) Талаптыға нұр жауар.
B) Еңбек түбі – береке.
C) Үш салт атты жүріп келеді.
D) Шу өңірі өнімді мол береді.
E) Сегіз қырлы, бір сырлы.
6. Сілтеу есімдіктерін атаңыз.
A) әне, міне, ана
B) бәрі, бүкіл, түгел
C) өзім, өзі, өз
D) біреу, кейбір, бірнеше
E) қай?, кім?, не?
7.Сынып кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз.
А) Бала оқытады.
В) Телевизор көреді.
С) Тақта сүртеді.
Д) Гүл тереді.
Е) Тамақ ішеді.
8. Ауыспалы осы шақтағы сөз тіркесін табыңыз.
A) Ән салмақ.
B) Ұзақ қарап отырды.
C) Ашық айтамын.
D) Жақсы түсіндіңіз бе?
E) Біз тыңдадық.
9. ≪Читатель≫ сөзінің аудармасын табыңыз.
A) оқытушы
B) оқу
C) оқырман
D) оқушы
E) жабдықтау
10. Қалау райды табыңыз.
А) Менікі емес.
В) Бара жатыр.
С) Көргім келеді.
D) Көрдім.
Е) Кездесетін болдық.
11.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Жылдам, тез.
В) Ауру, сау.
С) Дос, қас.
Д) Бас, аяқ .
Е) Жақсы, жаман.
12.Өздік етісті табыңыз.
А) Еден жуылды
В) Досымен сырласты.
С) Сурет ілінді.
Д) Тастан сарай салғызды.
Е) Асыл киім киінді.
13. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.
А) Қалам.
В) Аспан.
С) Ағаш.
D) Қой.
Е) Дәптер
14. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !
А) Қайтар.
В) Қорға.
С) Өткіз.
D) Апат.
Е) Күрес.
15.Жинақтың сан есімді табыңыз.
А) Төрттен бір.
В) Бір.
С) Жетеу.
Д) Үшінші.
Е) Сегіз.
16.Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) Қасқыр.
В) Құмырсқа.
С) Қарға.
Д) Қарағай.
Е) Қаршыға
17. Мемлекеттік тудағы көк түс ненің белгісі екенін белгілеңіз.
А) Қуаныштың, бейбітшіліктің.
В) Адалдықтың, тазалықтың.
С) Жамандықтың, бейбітшіліктің.
D) Қуаныштың, жеңістің.
Е) Еркіндіктің, бақыттың.
18. Мемлекеттік рәміздер қабылданған жылды белгілеңіз.
А) 1996
В) 1993
С) 1995
D) 1992
Е) 1998
19. Ғарышқа екінші боп ұшқан қазақ ғарышкерін табыңыз.
A) Т. Әубәкіров
B) Д. Оңалбеков
C) Д. Жолжақсынов
D) Т. Мұсабаев
E) М. Әлібеков
20.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Іскер
В) Қайраткер
С) Қолғанат
Д) Қуанышты
Е) Саяхат