Файл: 8 сынып Информатика пні малімдері Бердалина А. С. йтен А. С. 20222023 оу жылы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы
Тақырыбы: «Stem әлемінде»
8 сынып
Информатика пәні мұғалімдері: Бердалина А.С.
Әйтен А.С.
2022-2023 оқу жылы
«Stem әлемінде» сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: оқушылардың XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.
3.Тәрбиелік:Әрбір оқушы тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарын орындату.
Сабақтың түрі: Arduino практикалық жұмыс қайталау, сабақ жарыс-сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: Arduino жиынтығы, слайд, тач панель, таратпа материал, компьютер.
Жоспары :
-
«Кім көп біледі?» -
«Кім жылдам?» -
«Ұшқыр ой» -
«Ғажайып алаң»
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
-
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу ретімен таныстыру
-
Әділқазылар алқасымен таныстыру -
Сайысты өткізу -
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы -
Марапаттау
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан математика, физика және информатика пәні апталығы барысында өткізіліп жатқан «Stem әлемінде» сыныптан тыс сабағына қош келдіңіздер! Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушылармен танысайық
І топ команда атауы «Яндекс»
ІІ топ команда атауы «Google»
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:
Жарысқа қатысып отырған командаларымызға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Cайысымыздың 1-ші «Кім көп біледі?» кезеңін бастаймыз. Сайыскерлерге тач панельде Arduino құрылғыларының суретін тауларымен сәйкестердіру керек. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
| Ардуино платасы |
| USB кабелі |
| Қосылатын сымдар жиынтығы |
| бұрғылаусыз монтаждауға арналған прототипті тақта |
| LCD 1602 дисплейі |
| Светодиодтардың жиынтығы R, G, B. Y |
| Резисторлар жиынтығы |
SR017 | Су датчигі және тереңдікті өлшеу құрылғысы |
KY-001 | Температура сенсорының модулі DS18B20 |
KY-002 | Діріл сезгіш модулі |
KY-005 | ИК жарық диодты модулі |
KY-008 | Лазерлі модуль (қызыл) |
KY-011 | 2-түсті LED модулі |
KY-019 | Релелік модуль |
KY-020 | Сенсорлы модульді бұрау |
KY-023 | Джостик модулі |
KY-026 | Өрт сөндіргішінің модулі |
HC-SR501 | Қозғалыс сенсоры |
KY-028 | Температура сенсорының модулі |
KY-040 | Айналмалы кодтаушы модуль |
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссын
Келесі 2-ші кезең «Кім жылдам?» практикалық жұмыс турын бастаймыз. Сайыскерлерге Arduino құрылғылары таратылады. LCD displayінде 1,2,3 деген сандар кезекпен шығатындай қылып схеманы жинау керек. 15 минут уақыт беріледі, нәтижесі дұрыс болған жағдайда 10 ұпай беріледі
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Cайысымыздың 3-ші кезеңі «Ұшқыр ой» турын бастаймыз. Сайыскерлерге тач панельде Arduino тақырыбында сұрақ беріледі. Командалар келісіп тек команда басшысы ғана Plickers арқылы жауап беред» Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Компьютер- сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрінде
Ақпараттық заманың! – дей отырып келесі кезең «Ғажайып алаң»
ойын шартымен таныстырайық. Алдарыңызда берілген ноутбуктағы тапсырманы орындап, дұрыс жауабын қағазға белгілейміз.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Қай команда тез орындаса ол командаға қосымша 3 ұпай бонус ретінде беріледі.
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Өмір деген өнермен үйлеспей ме
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!
Бүгінгі көріп тамашалаған «Stem әлемінде» сайысымыз өз мәресіне жетті.
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
1-сурет. Arduino UNO R3 үлгісі төмендегі құрылғылар тізімі.
Arduino UNO R3 микроконтроллердің енгізу/шығару порттары көрсетілген.
-
2 сурет – Енгізу/шығару порттарының орналасуы
Arduino UNO R3 жұмыс кернеуі 5 В болады. Сыртқы электрмен жабдықтау үшін кіріс 7-12 В есептеледі. 6 В ең төменгі кернеу жұмыс істеу үшін жеткілікті, ал тақта 20 В дейін төзетін болса, онда ұсынылған параметрлерден ауытқу керек. кернеуіне байланысты, сәтсіздік және ұқсас опциялар сияқты жағымсыз жағдайлар болмайды.
-
3-сурет – Құрылымдық сұлба
Құрылымдық сұлбасының сипаттамасы.
Жады. AVR микроконтроллертарында Гарвардттық архитектура қолданылған, ол бойынша программа жадысының адрестік кеңістігі мен ақпараттық жадыны ғана бөліп қоймай, оларға апаратын ақпараттық шиналарды да бөліп қойған. Ақпараттық кеңістіктің әрбір облысыстары да (оперативтік жады және EEPROM) өзінің адрестік кеңістігінде орналасқан.
Программалар жадысы (Flash ROM немесе Flash ПЗУ). Программалар жадысы микроконтроллертардың жұмыс істеуіне жауап беретін командалар реттігін сақтау үшін арналған және әрқайсысы 16 биттен тұрады. AVR – лардың бәріінде Flash – жады бар, бірақ олар әр – түрлі көлемді 1 – ден 256 Кбайтқа дейін болуы мүмкін. Бұлардың ең басты артықшылықтарының бірі, олар элетрлік қайта программалану негізінде жасалған, яғни оған сан рет программаны жазып қайта өшірсе болады. Flash – жадыға, программа программатор арқылы жазыла алады және де жиналған плата негізінде SPI – интерфейсі арқылы да жазыла алады. SPI – интерфейсі арқылы сұлба ішіндегі программалау (ISP функциясы) AVR микроконтроллертарының Tiny11 және Tiny28 басқаларының бәрінде бар.
Микроконтроллертардың ішіндегі Mega типтері өзін – өзі программалау мүмкіндігіне ие, яғни программа жадысындағы мағұлматтарды өз еркімен өзгерте алады. Бұл артықшылық микроконтроллер ішінде өте иілгіш жүйелере құруға мүмкіншілік береді, яғни жүйенің жұмыс істеу алгоритмін, қандай да бір сыртқы әсерлер немесе ішкі әсерлерден, микроконтроллер өзі өзгертіп отырады [3].
AVR микроконтроллертардың екінші басылымының Flash – жадысындағы қайта жазу циклінің кепілді мөлшері 10 мыңға дейін жетеді.
Ақпараттық жады. Ақпараттық жады үшке бөлінген: регистрлік жады, оперативтік жады (ОЗУ оперативті еске сақтау құрылғысы немесе RAM) және энергия көзіне тәуелді жады. (EEPROM).
Регистрлік жады (РОН). Регистрлік жады өзіне бір файлға біріктірілген
32 жалпы тағайындау регистрін (РОН немесе GPR) және қызметтік енгізу/шыңару регистрінен тұрады. Екі жады да оперативтік жадының адрестік кеңістігінде орналасқан, бірақ оның бөлігі болып саналмайды.
Енгізу/шығару регистрінің құрамында қызметтік (микроконтроллерты басқару регистрі, күй регистрлері және т.б.) регистрлер және микроконтроллер құрамына кіретін периферийялық құрылғыларды басқару регистрлері кіреді. Негізінле микроконтроллерты басқару осы регистрлермен іске асырылады.
Энергия көзіне тәуелді ақпараттық жады (EEPROM). Әр – түрлі мағұлматты ұзақ уақыт сақтау және оны микроконтроллер жұмыс істеу барысында өзгерту үшін EEPROM қолданылады. AVR микробақылауштарының бәрі қайта жазылатын энергия көзіне тәуелді электрлік 64 Байттан 4 КБайтқа дейінгі EEPROM ақпараттық жады блогы болады. Бұл жады типі микроконтроллерқа программаны орындау барсында тәуелді, яғни әр – түрлі тұрақты шамаларды, аралық ақпараттарды, коффиценттерді, сериялық нөмірлерді сақтауға арналған, EEPROM – ға мағұлмат сырттан SPI – интерфейсі арқылы да және қарапайым программатор арқылы да енгізсе болады. Қайта жазып/өшіру циклының саны 100 мың.
Оперативтік жады (ОЗУ немесе RAM). Ішкі оперативтік статикалық еске сақтау жадысы Static RAM (SRAM) байттық форматта және оперативті еске сақтау үшін қолданылады. Әр – түрлі чиптарда опреративтік жадының көлемі 64 Байттан 4КБайт аралағында болуы мүмкін. Оқу және жазу циклдері шексіз, бірақ бүкіл мағұлматтардың бәрі энергия көзі өшкен кезде жоғалып кетеді. Кейбір микроконтроллертарға сырттай ОЗУ қосуға болады, ондай жадылардың көлемі 64Байттан басталады.
Периферия. AVR мкробақылауыштардың перифериясы:
-
портттардан (3 пен 48 аралығында енгізу/шығару желілері); -
таймерлер мен санауыштардан; -
күзетші таймерлер; -
аналогтік компараторлардан; -
10 – разрядтық 8 арналы Аналогтік – сандық түрлендіргіш; -
UART, JTAG, SPI интерфейстері; -
қорек көзі азайған кездегі лақтыру (сброс) құрылғысы; -
широтно – импульстік модуляторлар.
Ядроның перифериямен қатынасуы. Ядро бәріне ортақ, ал периферия әр
-
түрлі. Олардың өзара қатынасуы жады аррқылы іске асады, яғни периферияда өзінің бірнеше периферия регистрлері болады. Бұл регистрлардың ішінде конфигурация биттары болады. Осы биттардың реттігіне сай перифериялық құрылғы сол режимде жұмыс істей береді. Дәл осы регистрларға берілген мағұлматтарды жазып отырамыз, мысалға аналогты – сандық түрлендіргіш өңдеген мағұлматтары оқып шығару. Перифериялармен жұмыс істеу үшін IN және OUT деген командалары перифериядан жалпы тағайындалу регистріне оқып жазу және де керісінше жалпы тағайындалу регистрінен периферияға оқып жазу үшін қоладынлады.
Ядролары бірдей болғанымен, перифериялары әр – түрлі болады, сондықтан біреуінен келесіге аударған кезде, модельдерінің әр – түрлі болғандықтан, адресс аттарын сәл ғана өзгертуге тура келеді. Мысалға, егер бір микроконтроллерта сигнал қабылдағыш UART деп жазылса онда ақпаратты қабылдау UDR деп жазылады, ал егер екеу болса онда олардың аттары UDR0 және UDR1 деп өзгереді. Қайткенмен де бір микроконтроллертан екінші микроконтроллерқа кодты ассемблерде жазылған болса,аударуға онша көп уақыт кетпейді.
Енгізу/шығару(I/O) порттары. AVR микроконтроллердің енгізу/шығару порттарының саны 3 тен 53 – ке дейін бара алады. Әр порттың арнасы кіріс немесе шығысқа бағдарламаланған болуы мүмкін. Шығыстағы мықты драйверлер әр арнаға 20 мА көлемінде токтық жүктеме түсіреді, ал максималдық көрсеткіш 40мА – ге дейін барады. Бұндай көрсеткіштер микроконтроллерға мысалға биполярлық транзисторларды немесе жарық диодарын қосуға мүмкіншілік береді. Бір арнаға түсірілген ток жүктемесінің мөлшері 80мА – ден аспауы тиіс. AVR микроконтроллертарының архитектуралық ерекшеліктерінің бірі, басқа микроконтроллертарда (Intel, Microchip, Motorola және т.б.) әр шығыс көзіне 2 бақылау/басқару биттері берілген болса, AVR микроконтроллертарында әр шығыс көзіне 3 бақылау/басқару биттері берілген. Мұндай артықшылық микроконтроллерқа жұмыс барысында жоғары жылдамдық пен қосымша қауіпсіздік береді және ақпараттың қосымша көшірмесін сақтауды қажет етпейді.