ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | Ана тілі | |||||
Бөлім: | Дыбыс және әріп | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | 1 сынып | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | №19 сабақ. Диктант | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу; 1.4.3.1.сөйлемді бас әріптен бастап жахып, соңына тиісті тыныс белгіні қою. | |||||
Сабақтың мақсаты | Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазуды меңгерту | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 24 минут Сабақты қорыту 6минут Кері байланыс 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру «Шаттық шеңберіне» тұру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. – Балалар, көңіл күйлерің қалай? Егер жақсы болса, қол шапалақтаймыз. Өткенді пысықтау «Миға шабуыл» Сұрақтар: –Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? –Сөз дегеніміз не? Қыс сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар? Сөйлем деген не? Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады? Жаңа тақырып Жазылымға дайындық: –Қазір қай ай? Ауа райы қандай? Бейнекөріністен не ұнады? Қандай күйге ендіңдер? Қыс келбеті қандай екен? Қаңтар деген сөздің айтылуы да, жазылуы да бірдей екеніне назарларын аударту. –Ендеше, қазір сендер «Қаңтар» деген тақырыпта диктант жазасыңдар. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Жазылым кезеңі. Диктант Қаңтар Қаңтар айы келді. Жер бетін ақ қар басты. Айнала ақ көрпе жамылды. Аяз бет қариды. Далада жүрсең, кірпігіңе қырау тұрады. (20 сөз) Түсіндірілетін сөздер: қырау, қариды. Қырау- күн суықта шөп басына түратын ақ түсті зат. Қариды- суықтың Тапсырма: Жуан дауысты дыбыстардың астын бір рет, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сыз. «Мен жазушымын» әдісі Қыс туралы суреттерге қарап мәтін құра және оны жаз. | Өлең жолдарын хормен айтып, қол шапалақтай Ды Сұрақтарға жауап береді Жазылымға дайындық жасайды Жеке-жеке сөйлемді тыңдап жазады. Сөйлемді бас әріптен бастап жазады. Тиісті тыныс белгілерін қояды. Тапсырманы орындайды Мәтін құрап жазады Кері байланыс жасайды | Дескриптор. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын біледі Сөз дегеніміздің не екенін айтады Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді Сөздердің дұрыс жазылуына мән береді Дескриптор: Есту бойынша сөздерді дұрыс жаза алады Сөйлемді бас әріптен бастап жазады Тиісті тыныс белгісін қойып жазады Жуан дауысты дыбыстардың астын бір рет, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сызады Дескриптор: Қыс туралы суреттерге қарап мәтін құрайды және оны жазады. Сөйлемдегі сөздердің өзара байанысын біледі «Бес саусақ» әдісі | Суреттер Суреттер Қыс туралы суреттер Диктанттар жинағы Қыс туралы суреттер Кері байланыс тақтасы |
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | Ана тілі | |||||
Бөлім: | Буын және тасымал | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | 1 сынып | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | №20 сабақ. Буын | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша аудио, бейнежазба, кітап басылым материалдарының көмегімен мәтіннің мазмұнын болжау; 1.2.9.1.дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау; | |||||
Сабақтың мақсаты | Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біліп алады, буын санын анықтайды | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру Ширату жаттығуы: «Иә немесе жоқ» ойыны –Сөз әріптен құралады. (Иә) –Сөйлем дыбыстан құралады. (Жоқ) –Дыбыстар үшке бөлінеді. (Жоқ) –Дыбыстарды айтамыз, естиміз. (Иә) –Әріптерді көреміз, жазамыз. (Иә) –Сөздерді буынға бөлуге болады. (Иә) –Дұрыс. Сөздер буынға бөлінеді. Өткенді пысықтау «Шыбын ұрғыш» әдісі Шыбындарда жазылып тұрған дыбыстардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажыратады. Жаңа тақырып «Болжау» әдісі Астана туралы қызықтар. Бейнеролик көру. Тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнына болжау жасату. Сөздік жұмыс Ғимарат – белгілі бір үлгімен салынған құрылыс нысаны. Оқылым. Тыңдалым. Айтылым. 1-жаттығу. Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжа. Мәтінді тыңда. Мәтіннің мазмұнын айт ЕБҚ Астана қаласы туралы сурет сал және білетініңді айт. ЕҚБ Астана туралы өлең жазып көр. Астана – бас қалам Дәптермен жұмыс Мұнда мұғалім ң дыбысының сөздің ортасында, соңында келетінін айтады. Көркем жазу ң ң ң ң ң ң 2-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаз. Нұр-Сұлтан, астана, қала. Нұр-Сұл-тан, ас-та-на қа-ла 3-жаттығу «Ретін біл» ойыны Сан реті бойынша буындардан сөй- лем құрап айт. Әр сөздегі буын санын анықта. Еліміздің бас қаласы – Нұр- Сұлтан. ҚЖ: Шығармашылық тапсырма «Ең әдемі элемент» әдісі Жұптық жұмыс. Бағанның сол жағында жазылған сөздер мен оң жағындағы буындарды анықтап, буындардан сөздер құрайды. Берілген суреттегі жемістерді буынға бөліп, буын санын анықтайды. Бір, екі буыннан тұратын сөздер тауып, олардың суретін салады. Кері байланыс | Ойын ойнайды Дыбыстарды ажыратады Тақырыпқа болжам жасайды Мәтінмен жұмыс жасайды Өз ойын айтады Өлең жазуға үйренеді Дәптермен жұмыс жасайды Өлеңді хормен оқиды Сан реті бойынша буын- дардан сөйлем құрап айтады Берілген суреттегі жемістерді буынға бөліп, буын санын анықтайды. Кері байланыс жасайды | Дескриптор: Дыбыстардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажыратады. Тапсырманы орындайды Дескриптор: Тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнына болжау жасайды Астана туралы білімдері бар Дескриптор: Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжайды Мәтіннің мазмұнын айтады Керемет! Дескриптор: Көркем жазу емлесін сақтап жазады Сөздерді буынға бөліп жаз. Сан реті бойынша буындардан сөй- лем құрап айт. Әр сөздегі буын санын анықта. Дескриптор: Сөздерді буынға бөледі Бір буынды сөздерді табады Екі буынды сөздерді табады. «Алма ағашы» әдісі | Ойын Шыбын суреттері Шыбын ұрғыш Бейнебаян https://youtu. be/gUtHlr_2Wlg Оқулық Суреттер Оқушы жұмысы Жұмыс дәптері Қимылдар Оқулық Кеспе буындар Жемістер суреттері Кері байланыс тақтасы |
Бейнебаян: https://youtu. be/gUtHlr_2Wlg
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | Ана тілі | |||||
Бөлім: | Буын және тасымал | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | 1 сынып | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | №21 сабақ. Буын. Алматы метросы | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 1.2.7.1* мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу 1.2.9.1.дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау; 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу; | |||||
Сабақтың мақсаты | Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біліп алады, буын санын анықтауды меңгереді; Мәтінді түсініп, тұтас оқиды | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Өткенді пысықтау «Кір жаятын жіп» әдісі Киім суреттерінің артына жазылған сөздерді буынға бөліп оқу. Ас-пан, көк-тем, қар, сыр-ға-нақ, оқу-лық. Жаңа тақырып – Балалар, қандай көлік түрлерін білесіңдер? Оқушы жауаптарын құптай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алматы метросы» деп аталатынын хабарлап, метро жайлы қосымша ақпарат беріледі. Алматыдағы метро 2011 жылдан бастап пайдалануға берілді. «Мәскеу», «Сайран», «Алатау», «Байқоңыр», «Абай», «Алмалы», «Жібек жолы», «Райымбек батыр», «Мұхтар Әуезов атындағы драма театры» бекеттері бір- бірінен өзгеше. Күту алаңдары кең, жарық, таза. 9 бекеттің 8-інің атауы ұлттық тарихи даму дәстүріне сай қойылған. Оқылым. Мәтінді оқып беріп, мазмұнын сұрау Алматы, метро, мекен сөздерінде неше буын бар екенін айт. Дәптермен жұмыс Көркем жазу. О О О О О О О о о о о о о о 2-жаттығу Өткен ережелерді естеріне түсіру үшін сөздерді буынға бөлгізіп, талдату. Берілген өлеңді көшіріп жазады. Алматы, метро, мекен сөздерін буынға бөліп айтады. Сөзде қанша буын, неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар екенін айта отырып, өткен ережелерді естеріне түсіреді ЕБҚ Мына сөздерді буынға бөл Метро, Алматы, бекет, достық. ЕҚБ Көп ніктенің орнына тиісті әріптерді қойып, тақтаға жаз Алм...ты, м...тро, тоғ...з, мект...біме, мек..німе, м...қтан...шым. . Артикуляциялық жаттығу. А-порт, ал-ма, қа-ла, жа-лау, а-ғаш. 3-жаттығу Берілген буындардан сөздер құрап жаз. Кірпі, балық, аққу, торғай, күшік. ҚЖ: «Шашылған буындар» ойыны Шашылған буындардан сөз құра және сөйлем құра. Оны оқы. Жауап: Еліміздің бас қаласы – Астана Кері байланыс | Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Жақсы көңіл күй қалыптастырады. Сөздерді буынға бөледі Тақырыпты ашады Метро туралы біледі Мәтінді оқиды Дәптермен жұмыс жасайды Жеке жұмыс жасайды Тапсырманы орындайды Тіл жаттығуларын жасайды Берілген буындардан сөздер құрап жазады. Сөз, сөйлем құрап оқиды Кері байланыс жасайды | «Бас бармақ» арқылы мадақтап отыру Дескриптор: Сөздерді буынға бөледі Буынға бөлу ережесін біледі, қолданады Дескриптор: Метро туралы түсінігі бар Білімін қолдана алады Дескриптор: Мәтінді оқып беріп, мазмұнын айтады Сөздердегі буындарды анықтайды Дескриптор: Сөзде қанша буын, неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар екенін айтады Өткен ережелерді естеріне түсіреді. Көркем жазу емлесін сақтап жазады Тамаша! Сен мықтысың! Дескриптор: Берілген буындардан сөздер құрап жазады. Буынға бөлу ережесін біледі Дескриптор: Буынға бөлу ережесін біледі Сөз, сөйлем құрап оқиды Өтілген тақырыпты меңгерген «Жұлдыздар шеруі» әдісі | Суреттер Жіп Кір қыстырғыш Киім суреттері Метро туралы суреттер Оқулық Жұмыс дәптері Кеспе сөздер Суреттер Кеспе буындар Кері байланыс тақтасы |
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | Ана тілі | |||||
Бөлім: | Буын және тасымал | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | 1 сынып | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | №22 сабақ. Буын. Алматы | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 1.2.3.1.ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу; 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу; 1.2.9.1.дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау; | |||||
Сабақтың мақсаты | Ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білуге үйренеді Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, буын санын анықтайды; | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру «Сәлемдесу» әдісі Өткенді пысықтау «Дұрыс-бұрыс» әдісі Дұрыс жауаптарды дұрысқа, бұрыс жауапқа бұрыс қалтасына салады А-жуан айтылады І- жіңішке дауысты дыбыс К- дауыссы дыбыс Л- дауысты дыбыс Жаңа тақырып Айтылым. Тыңдалым. 1-жаттығу Мәтінмен жұмыс. Мұғалім балалардың назарын оқулыққа аударады. Тақырыбына тоқталады. Мәтінді өзі оқиды. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Жетекші сұрақтар қоя отырып, мәтін бөліктерін жүйелейді. Балаларға тізбектей оқытады. Дәптермен жұмыс Мұнда мұғалім ө дыбысының сөздің басында, ортасында келетінін айтады. Көркем жазу Ө Ө Ө Ө Ө Ө Ө ө ө ө ө ө ө ө 2-жаттығу. Өлеңді оқы. Жатқа айт. Көшіріп жаз. Апорт деген алманың Таттың ба сен бал дәмін? Апорт деген тәтті алма, Ол өседі бақтарда. Нұрсұлтан Әлімқұлов «Кім жылдам?» Бұл столда буындар шашылып жатыр. Осы буындардан сөз құраңдар: ма, та, па, на, қа, ла, са, ба, ақ, па, қа, уа. ЕБҚ Жұбын тап. А – ә, о – .., ы – і, ...– ү. Бұл қандай дыбыстар? ЕҚБ Мына сөздерді буынға бөліп, тақтаға жаз Аспан, қатар, Алматы, апорт, қала, ағаштар. 3-жаттығу. Берілген буындардан 5–6 сөз құрап жаз. Қа-йық, қа-сық, қа-мал, қа-тық,қа-ла, қа-лақ,қа-лам. Ба-лық, ба-қа, ба-ға, ба-та, ба-тыр. ҚЖ: Саралау тапсырмалары 1-деңгей Сөздерді буынға бөліп жаз Қаңтар, бала, жарық, сөмке, кітап, Сапар. 2-деңгей Мына сөздерден сөйлем құра. Қалың, ағаштар, қаңтар, сырғанақ ойнады. 3-деңгей «Қыс» тақырыбына мәтін құра. Кері байланыс | Бір-бірімен амандасады Ойын ойнайды Мәтінмен жұмыс жасайды Дәптермен жұмыс жасайды Ойын ойнайды Жеке жұмыс жасайды Тақтаға сөздерді жазады Сөз құрап жазады Саралау тапсырмала рын орындайды Тапсырманы орындайды Кері байланыс жасайды | Дескриптор: Дұрыс жауаптарды дұрысқа, бұрыс жауапқа бұрыс қалтасына салады Дыбыстарды ажырата алады Дескриптор: Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді Мәтінді тізбектей оқиды Дескриптор: Көркем жазу емлесін сақтап жазады Өлеңді оқып, жатқа айтады Өлеңді көшіріп жазады Тамаша! Бәрекелді! Дескриптор: Берілген буындардан 5–6 сөз құрап жазады Сөздерді дұрыс буынға бөле алады Дескриптор: 1-деңгей Сөздерді буынға бөліп жазады 2-деңгей Мына сөздерден сөйлем құрады 3-деңгей «Қыс» тақырыбына мәтін құрайды «СМС» әдісі | Оқулық Жұмыс дәптері Кеспе буындар Оқулық Тақта Кеспе буындар Жұмыс дәптері Кері байланыс жұмысы |
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | Ана тілі | |||||
Бөлім: | Дыбыс және әріп | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | 1 сынып | | ||||
Сабақтың тақырыбы: | №23 сабақ. Буын. Отаным. | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 1.4.1.1.айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және сету, есте сақтау арқылы жазу; 1.2.9.1.дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау; | |||||
Сабақтың мақсаты | Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, буын санын анықтайды; | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 6минут Қосымша тапсырма 2минут Кері байланыс 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру Өткенді пысықтау «Сақина салмақ» ойыны – Балалар, біз «Сақина салмақ» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның ерекшелігі – кімнің қолында сақина қалса, менің сұрағыма жауап береді. 1)Қанша дауысты дыбыс бар? 2)Дыбыс дегеніміз не? 3)Дыбыстың қандай түрлері бар? 4)Дауысты және дауыссыз дыбыс дегеніміз не? 5)Жуан және жіңішке дыбыстарды қандай деп ойлайсың? Жаңа тақырып Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Өлеңнің тақырыбы бойынша мазмұнын болжа. Өлеңді тыңдап, өлең не туралы екенін айт . Өлеңнің мазмұнына байланысты жүргізілетін жұмыстар: а) мұғалім өлеңді тыңдатады; ә) сөздік жұмысы жүргізіледі; б) жеке оқушыларға оқытады; в) мазмұнына байланысты сұрақтар қояды; г) мәнерлеп оқытады. ЕБҚ Қазақстан туралы не білесің? Өз Отаныңның суретін сал және әңгімеле ЕҚБ Өлеңді мәнерлеп, көңіл күймен оқып бер Жазылым Көркем жазу минуты Өлеңнің соңғы екі жолын көшіріп жаз. Осының барлығы- Туған жер, Отаным «Нейрожаттығу» әдісі 2-жаттығу Сызбадағы буындардан жұмбақ құраңдар. Жұмбақтың шешуін жазайық Көк жүзінде көп жолақ Шешуі: Кемпірқосақ Ұжымдық жұмыс «Сөзжасам» әдісі 3-жаттығу Шығармашылық тапсырма ретінде орындалады. «Алатау» сөзіндегі әріптерден бірнеше сөз жасап жазады Алатау—тау, ала, ата, ат, ау,ал,атау. ФС тапсырмасы ҚЖ: «Үш түсті вагондар» әдісі Конверттегі текшелерден Отан сөзін құрап, ауызша дыбыстық талдау жасаңдар. Отан сөзін тағы қалай айтуға болады? Балалардың ойын тыңдау. Толықтыру (туған ел, туған өлке, туған жер, атамекен, атажұрт, Қазақстан). Вагондарға Отан сөзінің баламларын жапсыр. Кері байланыс | Алақандарын қосып, жақсы тілектер айтады Ойын арқылы сұрақтарға жауап береді Тақырыбы бойынша өлеңнің мазмұнын болжайды. Содан кейін тыңдайды. Жеке жұмыс жүргізеді Дәптермен жұмыс жасайды Жаттығу жасайды Жұмбақты шешеді Сөз құрайды Ойын ойнайды Кері байланыс жасайды | Дескриптор: Дыбыстарды ажырата алады Сұрақтарға жауап береді Дескриптор: Өлеңнің тақырыбы бойынша мазмұнын болжайды Өлеңді тыңдап, өлең не туралы екенін айтады Өлеңді мәнерлеп оқиды Тамаша! Керемет! Дескриптор: Өлеңнің алғашқы екі жолын көшіріп жазады. Көркем жазу емлесін сақтап жазады Дескриптор: Буындарды біріктере алады Тұтас сөздерді құрайды Жұмбақтың шешуін тауып, жазады Дескриптор: «Алатау» сөзіндегі әріптерден бірнеше сөз жасап жазады Әріптерден сөздер құрай алады Дескриптор: Отан сөзін құрап, ауызша дыбыстық талдау жасайды Отан сөзінің баламаларын табады «Тазалық» әдісі | Алақандар Сақина Оқушы жұмысы Жұмыс дәптері Музыка Кеспе әріптер Кері байланыс тақтасы |