Файл: Сабаты таырыбы Тзу сызыты теайнымалы озалыс. деу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу

Білім беру ұйымының атауы




Бөлімі:

Кинематика

Педагогтің аты-жөні:

Тажина М.Г.

Күні: 08.09.22




Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.4 уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау;

Сабақтың мақсаты:

  • Үдеу деген физикалық шамамен танысу, үдеуден жылдамдықты анықтай алу, орын ауыстыруды есептей алу

  • Қозғалыстың түрлерімен танысу, ерекшеліктерін ажырата алу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ЕБҚ

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйін сұрау. Сынып ішіндегі тазалықты қадағалау

ІІ. Ой қозғау:

Төменгі сыныпта қарастырылған тақырыпты еске түсіру

Еске түсіру сұрақтары:

  1. Жылдамдықтың бірлігі

  2. Жылдамдық дегеніміз не?

  3. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

  4. Бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалыстың айырмашылығы қандай?

  5. Орын ауыстыру дегеніміз не?

  6. Бірқалыпты қозғалыс кезінде қандай физикалық шама тұрақты болады?




Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады.

Жауаптары:

  1. м/с

  2. Дененің бірлік уақыттағы жүрген жолы

  3. Тұрақты жылдамдықпен қозғалыс

  4. Тұрақты және тұрақсыз жылдамдық

  5. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын кесінді

  6. Жылдамдық





1.Жылдамдықтың бірлігі

2. Жылдамдықтың белгіленуі

Дескиптор
-Жылдамдықтың бірлігін біледі

- Жылдамдық анықтамасын біледі

-Түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты сипаттайды



Презентация № 1


Сабақтың ортасы


15 мин



І. Қызығушылықты арттыру:

  • Суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашу

  • Жаңа сабақтың оқыту мақсаты, бағалау критерийлері мен физикалық терминдерімен танысу

ІІ. Мәтінмен жұмыс: Жаңа сабақты өз бетімен игеру мақсатында оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды және төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

  • Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?

  • Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?

  • Үдеу қандай формуламен өрнектеледі?

  • Үдеудің өлшем бірлігі қандай?

  • Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы қандай?

  • Үдеумен қозғалатын дененің жылдамдығы 0-ге тең бола алады ма?

  • Үдеу 0-ге тең болғанда қозғалыс қандай сипат алады?

  1. Есеп: Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі берілген . Осы дене жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуін жазу.



  1. Есеп: Суретте дененің қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. Дененің үдеуін анықтаңыз




  1. Есеп: Велосипедшінің жылдамдығының уақытқа тәуелді графигі бойынша әрбір бөліктегі үдеуін анықтаңыз.




Дене 5 секунд ішінде жылдамдығын 10 м/c тан 25 м/с –қа дейін

арттырды.Дененің үдеуі қаншаға тең?

Берілгені:

v0=10 м/c

v=25 м/c

t=5c

Табу керек-a?
a=v-v0/t

a=25-10/5

a=15/5

a=3 м/c2
Дене 2 секунд ішінде жылдамдығын 4 м/c тан 10 м/с –қа дейін

арттырды.Дененің үдеуі қаншаға тең?


Дескриптор

- теңайнымалы қозғалысты біледі

-Үдеудің анықтамасын біледі

-Үдеудің формуласын біледі

-әр түрлі қозғалыстарды сипаттай алады

Дескриптор:

Бастапқы және соңғы жылдамдықтардың мәнін графиктен анықтай алады

Үдеудің формуласын қолданып, үдеудің мәнін анықтай алады

График арқылы қозғалыстың түрін анықтай алады

Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік теңдеуін жаза алады



Таратпа материал
оқулық


20 мин


ІІІ. Жұптық жұмыс:

Оқушыларды жұпқа бөлу:

І. Жұп: Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс

ІІ. Жұп: Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс


Бірқалыпты қозғалыс пен тең айнымалы қозғалыстың айырмашылығы және қозғалыстың түріне сәйкес қолданылатын теңдеулерді жазу.





Дескриптор

- жылдамдық теңдеуін біледі

- жол теңдеуін біледі

- үдеу теңдеуін біледі

- уақыт теңдеуін біледі




Сабақтың соңы.

4 мин

Кері байланыс.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады

Рефлексия

(кестеде өз ойларыңызды белгілеңіз)

Пікірлер

иә

жоқ

білмеймін

Сабақта:

1)Көп жаңа нәрселер үйрендім

2)Өз білімімді көрсеттім

3)Сыныптастарым мен бірге жұмыс жасадым










Сабақта мен өзімді:

1)Еркін сезіндім

2)Қысылып отырдым










Сабақта маған ұнады:

1)Топпен жұмыс

2)Көрнекілігі

3)Басқалай











Үйге тапсырма: Тең айнымалы қозғалыс





Бірнеше оқушы өз ойымен бөлісіп, оқу мақсатына қалай қол жеткізгені туралы пікір бөліседі.

Стикер, слайд