Файл: Сыныбы 3 а1 Кні 23. 012023 жыл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Бекітемін» Т.Оспанов

Оқу ісі жөніндегі орынбасары
Сыныбы: 3 а-1 Күні: 23.01/2023 жыл

Пән:   Информатика    


Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебекова Л.Ж
Қатысқандар:  Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордағы фигуралар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.2.4. компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану;
3.1.2.1. компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.2.2.1. қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану.

Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: компьютерлік программаларда меню командаларды қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру, қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;
Басым көпшілігі: компьютерлік программаларда меню командаларын пайдаланып, әрекеттер орындай алу.
Кейбір оқушылар: графикалық редактор құралдарын қолданып, күрделі фигуралар сыза алу.

Бағалау критерийі
- қарапайым Paint графикалық редакторында меню командаларын қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіре алады, қолданады;
- компьютерлік программаларда меню командаларын пайдаланып, әрекеттер орындай алады. 
- графикалық редактор құралдарын қолданып, күрделі фигуралар сыза алады.

Тілдік мақсаттар

Фигура – Фигура -Figura 
Шеңбер – Круг - Circle 
Тік төртбұрыш – Прямоугольник - Rectangle 
Сызық – Линия - Line 
Ою (вырезать) – Өрнек (узор) – ОЮӨРНЕК – ОРНАМЕНТ – ORNAMENT – DECOR

Құндылықтарға баулу

Жауапкершілікті сезіне білу, нәтижеге жетуге ұмтылу, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Пәнаралық байланыс
Көркем еңбек, математика, тарих, ағылшын, бейнелеу.

Алдыңғы білім:Суретті өңдеу. Практикалық-шығармашылық жұмыс.
Сабақ барысы:
1. Оқушыларды түгендеу.

2. Менімен қайтала әдісі бойынша сабақта психологиялық ахуал қалыптастыру. 
Балалардың бәрі мен айтқан сөйлемнің соңын хормен қайталайды:
- Сабақты біз зейін салып .... (тыңдаймыз)
- Сабақта біз әрқашанда .... (шаршамаймыз)
- Сабақта біздің көздеріміз мұқият .....(қарайды)


3. Үй тапсырмасын пысықтау.
Микрафон әдісі (шынайы микрафон) арқылы өткен тақырыпты пысықтауда сұрақтарға жауап алу.
Paint қандай редакторы? (графикалық)
Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск-Все программы-Стандартные-Paint)
Paint графикалық редакторында сақталған суреттің кеңейтілімі қандай? (png)
Paint графикалық редакторда неше құрал бар? (16 құрал)
Сақтаған суреттерді қалай ашады? (Файл /Открыть)

4. Сабақтың жоспарланған әрекеттер: 1 жаттығу. Үшбұрыш сызу және бояу.

2 жаттығу. Көпбұрышты сызықтың типін қалың етіп салу. 3 жаттығу. Тіктөртбұрыш салып, ішіне «5» санын жазу. 4 жаттығу. Шеңбер сызып, сыртына үшбұрыш сызу. Үшбұрышты қызыл түске бояу. 5 жаттығу. Дөңгелек сызу. Оның көшірмесін салу. 6 жаттығу. Дөңгелектің ізін қалдырып көшіру.


5. Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері: Қол, саусақ жаттығулары.
Ресурстар: Интернет ресурстар. Білімланд сабақтары, электронды оқулық.

Бағалау: смаилик арқылы бағаланады.