Файл: 45. Кеестік кезеде азастанда полиэтникалы оамны алыптасуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
 пікірде болды.

72. Миграция - (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды.

73. Монархия -  (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты

74. Нумизматика - (лат. нұмісма, грек. номісма – тиын, шақа) – тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән. Қағаз ақшаны (бонистика), медальдарды, жетондарды, ордендерді (фалеристика) зерттеу де Нумизматика ұғымына сәйкес келеді.

75. Патриархат - (ежелгі грекше πατήρ — әке, ἀρχή – билеу; тура мағынасы — әке билігі) – алғашқы қауымдық қатынастардың ең көп тараған формасы. Патриархат тұсында қоғамда, шаруашылықта, үйде, ер адамдардың рөлі үстем болды; алғашқы қауымдық кұрылыс кезінде матриархат формациясының құлдырауынан кейінгі оны ауыстырған формация.[1]

76. Революция -  (лат. revolutio - бұрылыс, төңкеріс, өзгеру) - бұл адам қызметінің кез-келген саласындағы ғаламдық қайта құру. Яғни, қоғамның, табиғаттың немесе білімнің дамуындағы секіріс.

77. Реформа - қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды

78. Топонимика - ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі.

79. Федерация - мемлекеттік құрылым түрі. Заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы. Тұңғыш 
федерация Америка Құрама Штаттары 1787 жылғы конституция бойынша құрылды. Федерация құрамындағы субъектілер федерациясы жоғарғы одақтық органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі.

80. Жатақтар - дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы.

81. Референдум -  (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу

82. Ассимиляция -  (лат. assimilatio — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы.

83. Моноэтникалық құрам - құрамы бір ғана этникалық топтан тұратын ұлттық құрылым.

84. Полиэтникалық құрам - бірнеше ұлттан, ұлттық топтардан тұратын қоғам. 

85. Диаспора - (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі

86. Жеті Жарғы - Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 

87. Петиция -  (лат. petitio - өтініш) - билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш. 

88. Медресе - (араб.: مدرسة, медраса - оқу) — орта (сирек жағдайда жоғары) конфессионалдық мұсылмандық мектеп. 

89. Панисламизм - ХЫХ ғасырдың соңында пайда болған, мұсылман реформаторы Джемал ад-Дина ал-Афгани (18391897) есімімен байланысты идеология және қозғалыс; жер бетіндегі барлық мұсылманқауымынын бірлігі концепциясы мен олардын біртұтас ислам мемлекетіне бірігу қажеттілігіне негізделген діни-саяси идеология және тәжирибе.[1]

90. Пантүркизм - Пантүркизм немесе түрікшілдік-этникалық, мәдени және лингвистикалық қауымдастық негізінде олардың саяси шоғырлану қажеттілігі туралы идеяға негізделген түркі халықтары мекендеген мемлекеттерде кеңінен таралған зайырлы ұлтшылдық ілім