Файл: Блім Биоалуантрлілік. ызыл кітапа енген жануарлар мен сімдіктер. Синтаксис 3тосан бжб 1 1нса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Жалқы есім емлесі» бөлімі

БЖБ№1 1-нұсқа


Күні;




Сыныбы




Аты-жөні:




1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазыңыз. Сөз саны – 70-80. Күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениеті мен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. Ол VIIVIII ғасырларда жазылған. Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 жол айналасында. Олардың ішінде кішігірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі.

Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі – 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.

Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүниетанымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.

Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі – 3,5 метр, төменгі ені – 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші – түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіш моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы 7 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы қазақ халқының арғы аталары Көне түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.

(206 сөз) http://bilim-all.kz/article/179-Orhon-Enisei-zhazbalary

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің баяндау желісін сақтап, жинақы мәтін (аннотация) жазады.

1

Мәтіннің баяндау желісін сақтайды.

Мәтінді бөліктерге бөледі.

Жинақы мәтін жазады.

2

2

1


Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.

2

Бас әріппен жазылатын күрделіқұрама атауларды табады. Орфографиялық нормаға сай жазады.

Сауатты жазады

1

1

1

Барлығы

8


«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Жалқы есім емлесі» бөлімі

БЖБ№1 2-нұсқа


Күні;




Сыныбы




Аты-жөні:





1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазыңыз. Сөз саны – 70-80. Күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Көне Түркі жазуларының зерттелуі

Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И.фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 жылы З.Байердің «Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында» жарық көріп, Еуропадағы барлық шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды.


1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанымен, қандай да бір қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және тым қысқа, сонымен қатар жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.

1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 11 1895 жылы Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

(199 сөз) https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BD%D0%B5_%D1%82%D2 %AF%D1%80%D0%BA%D1%96_%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D1%83%D1%8B

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің баяндау желісін сақтап, жинақы мәтін (аннотация) жазады.

1

Мәтіннің баяндау желісін сақтайды.

Мәтінді бөліктерге бөледі.

Жинақы мәтін жазады.

2

2

1


Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.

2

Бас әріппен жазылатын күрделі- құрама атауларды табады. Орфографиялық нормаға сай жазады.

Сауатты жазады

1

1

1

Барлығы

8