Файл: Туелсіздік ел тірегі білімді рпа.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ»

Мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығын атап өту арқылы жасөспірімдер мен жастар арасында патриотизмді арттыру және Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың ерліктерін жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіп көрсету.

Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толып, енді төртінші онжылдыққа қадам басудың алдында тұрмыз. Президентіміз Қ.К.Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында атап көрсеткендей: «Тәуелсіздік - біздің ең қастерлі құндылығымыз». Бүкіл еліміз бойынша аталып өтіліп жатқан осынау ең ұлық мерекеміз - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 31 жылдығы біздің Қордай өңірінде де, оның рухани қазынасына айналған бірегей оқу ордасы №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде де өз жалғасын табуда. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығы аясында мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ» атты форумға қош келіпсіздер.

Форумды бастамас бұрын, қонақтарымызбен таныстырып өтсек:

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайбиров С., №20 38 Бетқайнар шекара застава басшысының орынбасары Бекішов Е., Бетқайнар ауылдық округі әкімшілігінің жастар орталығының жетекшісі Жансейітова М.С., Тарих пәні мұғалімдері Касенова З.С. Калыкова А.М., Құралбай Ә.Қ.

Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті.

Видеороликке назар аударсақ

Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Осы бір 1986 жылғы Тәуелсіздік жолындағы жастармыздың оқиғасы Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары жөнінде сөз қозғап, тереңірек түсіндіріп өтсек. Сөз кезегі өздеріңізде


Қонақтар сөзі

Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға, Алаңнан ескерткіш орнатты. Енді 1991 – ші жылы қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай – талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін, ақ жарылқаған күн еді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады

1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.

1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді

1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді.

1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды

Тарихымыздың ой шежіресіне тоқтала отырып, біздің елбасымыздың қандай жұмыстар атқарғанына тоқталсақ...

Қонақтар сөзі

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы орайда этносаралық татулық жөнінде сөз қозғап болашақ жас ұрпаққа өз айтарларыңыз болса...

Қонақтар сөзі

Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны тенде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден – ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай – ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі. Міне, оқушылар осы байлықтың иесі сіздер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сіздерсер. Бүгінгі іс-шарамызға келіп болашақ ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерін ұялатқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.

Тәуелсіздікке 31 жыл

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық. Желтоқсанда да өрімдей аға-апаларымыз жас өмірлерімен қоштасқан. Абай ата айтқандай, мал табу жолына түсу керек. Тәуелсіздік жолы- азамат жолы. Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Тәуелсіздік жолы- үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан ата- баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз.



Жаңа ХХІ ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Біз қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқанымыз ең асылымыз- тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де, жүрдік кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 31 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында «Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» - деген халқына жолдауын жолдаған еді.

Елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар. Сондықтан да Елбасымыздың жолдауының жүзеге асуына ат салысып, өзіміздің үлесімізді қосып, «Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, Тәуелсіз Қазақстан елімізді одан әрі көркейтейік.